- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •4 Дереккөздер
- •Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары[өңдеу]
- •Мазмұны
- •4 Дереккөздер Халық өміріндегі жылқының рөлі[өңдеу]
- •Жылқы өнімдері[өңдеу]
- •Қымыз[өңдеу]
- •Ет өнімдері[өңдеу]
- •Қазақстандағы жылқы қолтұқымдары[өңдеу]
- •Адай жылқысы[өңдеу]
- •Қостанай жылқысы[өңдеу]
- •Мазмұны
- •7 Дереккөздер
- •Мазмұны
- •4 Дереккөздер
Мазмұны
[жасыру]
1 Түйе атаулары
2 Ерекшеліктері
3 Халық өміріндегі түйенің рөлі
4 Түйе қолтұқымдары
4.1 Айыр өркешті түйе
4.2 Сыңар өркешті түйе
5 Түйе өнімдері
5.1 Сүті
5.2 Шудасы
6 Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе шаруашылығы
7 Дереккөздер
8 Тағы қараңыз
Түйе атаулары[өңдеу]
Iлөк
Iнген
Айыр
Алмас
Аруана
Асау түйе
Атан
Божығай
Босалаң түйе
Босалаң түйе
Бура
Бұзбаша
Бір қырыққан түйе
Дөненше
Жабы түйе
Жайланған түйе
Жасық түйе
Жатаған түйе
Жөңшең
Көшек
Қағылжың түйе
Қайымал інген
Қара тіс
Қоспақ
Құнанша
Мая
Нар
Нартайлақ
Нарша
Сақа түйе
Соқтан
Тайлақ
Тұмса
Тығыршын
Шалағай түйе
Шаңырақ түйе
Шау түйе
Шырынсыз түйе[3]
Ерекшеліктері[өңдеу]
Түйе.
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.
Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп атайды.
Халық өміріндегі түйенің рөлі[өңдеу]
Ертеде түйелі көш «сахараның салтанатты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. «Түйесі бардың - киесі бар», «Көтерем деп түйедей безбе - салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе - қос қанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлен «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрдей орын берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т. б.
Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.
Ертеде қазақ даласында түйесі көп адамдар аз болмаған. Ертеректе Ақтөбе өңіріндегі Сортаңды, Шақытты жерлерін жайлаған Қара деген кісінің 3 мың түйесі болған.
Түйе қолтұқымдары[өңдеу]
Айыр өркешті түйе[өңдеу]
Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілде «бактриан» деп аталады. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетелі. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда,Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі.
Сыңар өркешті түйе[өңдеу]
Сыңар өркешті түйе.
Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.
Түйе өнімдері[өңдеу]
Сүті[өңдеу]
Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран деп те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған.
Шудасы[өңдеу]
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.
Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе шаруашылығы[өңдеу]
Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Агромеркур» шаруа қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып, өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым - Асылбек Баймұқанұлы.
Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі - 1З, айыр өркешті түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды.[4]
Омарта – бал арасын өсіретін шаруашылықтардың өндірістік бірлігі. Омартада ара ұясы, омарташының үйі, әр түрлі құрылыстар (ара қыстайтын, құралдар қоятын, бал сақтайтын кәріз, т.б.) көшіп-қонуға арналған жиналмалы үйшіктер, Омарталық шеберхана, т.б. болады. Омарта Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында көбірек орналасқан.[1]
