Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КП на каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.3 Рекострукцияланатын /жанғыртылатын коаксиалды электрлік кабелді байланыс жолының конструкциясын нақтылау

Коаксиалды кабельдің конструкциясы есебі симметриялық кабель есебіне ұқсас болып келеді. Ішкі өзегінің өткізгішінің және коаксияльды жұптың оқшаулағыш диаметрінің сәйкесоның ішкі өткізгішінің диаметрін анықтайды. Оны нормаланған толқындық кедергісінің мәнімен анықталады:

, Ом (3.7)

мұндағы, ε- 2.2 кестесінен алынған эквивалентті салыстырмалы диэлектрик өтімділігінің мәні; d- Ішкі өткізгіштің диаметрі, мм; D- сыртқы өткізгіштің ішкі диаметрі,мм.

Кесте 2.2. Эквивалентті салыстырмалы диэлектрик өтімділігінің мәніне байланысты диэлектрикалық жоғалтуларының тангенс бұрышы

Оқшаулағыш түрі

Әр түрлі жиілік кезіндегі tg δэ10-4, кГц

10

100

250

550

Полиэтиленді

1,9-2,1

2

6

8

14

D төмендегі өрнекпен анықталады:

, мм (3.8)

Коаксиалы жұптың сыртқы диаметрі төмендегі формуламен анықталады:

, мм (3.9)

мұндағы, t – ішкі өткізгіштің қалыңдығы, мәні коаксиал стандартты кабелдің ең жақын түрі бойымен анықтамалықтан алынады.

Кабельдің орташа диаметрі ондағы бірдей төрт коаксиялды пардың қосындысы болады. Ол былай анықталыды:

, мм (3.10)

Кабельде төрт бірдей коаксиалды парлар бес симметриялы топқа бөлінеді.

4 Жаңғыртылатын байланыс жолының кабельдік тізбектерінің тарату параметрінің есебі.

4.1 Кабельдік тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы мағлұматтар

Кабельдік тізбектерді тарату параметрін есептеу жобада қолданатын кабельдің қасетін бағалау, электрлік және кабельдік байланыс жолы трассасы бойына қалпына келтіру бекеттерді орналастыру үшін қажет.

Есептеу нәтижесінде параметрлерінің көрсететін графиктері жиілікке тәуелді тұрғызылуы қажет. Сондықтан есептеулерді кемінде үш белгіленген жиілікті жұмыс диапазонында өткізуі қажет.

Жобада орташа есептеу жиілігін таңдағанда төмен жиілікті жұмыс ауқымында тарату параметрлерінің күрт өзгеруге тәуелді екенін ескеру қажет.

ИКМ жүйесіне арнап параметрлерді есептегенде минималды жиілік есебінде f=10 кГц алып,ол максималды жиілік есебінде - такттік жиіліктің, яғни тарату жылдамдығының жартысына сай келетін мәнді алу керек(бит/с). [2]