- •Наурыз қ.Ж. Байланыстың кабельдік желілерін жобалау
- •Мазмұны
- •1Курсттық жұмысты орындауға арналған нұсқаулар
- •Курсттық жұмыстың мақсаты және тапсырмалары
- •2 Кабельдік байланыс жолдарының трассасын таңдау жөніндегі нұсқаулар
- •Кабельдік байланыс жолын таңдау критерийлері
- •3 Электр байланыс кабелінің конструкциясын таңдау
- •3.1 Байланыс орнату тәсілі мен кабель конструкциясын анықтау
- •3.1 Сурет. Оқшауланғыш талшықтың диаметрі
- •2.3 Сурет. Кабелді 4х4 жүрекшесінің диаметрі
- •3.2 Жаңғыртылатын байланыс жолының симметриялы электр кабелінің конструктивті мөлшерлерін нақтылау
- •3.3 Рекострукцияланатын /жанғыртылатын коаксиалды электрлік кабелді байланыс жолының конструкциясын нақтылау
- •4 Жаңғыртылатын байланыс жолының кабельдік тізбектерінің тарату параметрінің есебі.
- •4.1 Кабельдік тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы мағлұматтар
- •4.2 Симметриялы кабельдердің бірінші тарату параметрлерінің есебі
- •4.3 Симметриялы кабельдердің екіншілік сипаттмаларын өлшеу
- •4.4 Коаксиалды кабельдердің тарату параметрлерінің есебі
- •4.5 Кабельдік байланыс жолының трассасында регенерациялық
- •5 Тізбектер арасындағы өзара әсерлесу параметрлерін өлшеу
- •5.1 Негізгі мағлұматтар
- •5.2 Коаксиалды кабель тізбектерінің арасындағы өзара
- •5.3 Реконструкцияланатын симметриялық экс тізбегіндегі әсер ету параметрлерін есептеу
- •6 Электрлік байланыс кабельдерінің сыртқы электромагнитті өрістерінен қорғау
- •6.1 Негізгі мағлұматтар
- •6.2 Қауіпті магниттік әсерлер есебі
- •6.3 Қауіпті магниттік әсерлердің нормасы
- •6.4 Найзағай түсуден байланыс кабельдерін қорғау және есептеу
- •6.5 Кабельді магистральдің сенімді жобалануының есеп-қисабы
- •7 Талшықты-оптикалық байланыс жолдарын жобалау
- •7.1 Тотж таңдау және негіздеу
- •7.2 Оптикалық талшық (от) типін таңдау мен негізделуі
- •7.3 Оптикалы кабель (ок) типін таңдау мен негізделуі
- •7.4 Байланысты ұйымдастыру сызбасын таңдау мен негізделуі
- •7.5 Магистраль жолы бойынша ретрансляторларды орналастыру
- •7.5 Цифрлі байланыс каналдарына абонентерге қолжетімділікті
- •8 Жобаланатын жолдарды құру және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоспары
- •8.1 Жалпы мағлұматтар
- •8.2 Құрастыру – жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Наурыз қ.Ж. Байланыстың кабельдік желілерін жобалау
4.5 Кабельдік байланыс жолының трассасында регенерациялық
пунктерді орналастыру
Регенерациялық пунктерді орналастыру қарапайым кабельдік бөлімше (ЭКУ) немесе кабельдік бөліктің (секцияның) рауалы рұқсат етілген өшуі ескеріліп жүзеге асырылады. Қарапайым кабельдік бөлімше – шет жағы кабельдік шеткері құрылғылармен бірге жабдықталған кабельдік байланыс жолының бір бөлігі болып табылады. Кабельдік бөлік (секция) (КС) деп – регенерациялық бөлім ұйымдастыру үшін (бір немесе бірнеше тарату жүйесімен) регенераторлар ара қашықтығы бірдей, ЭКУ-нің ұзындығынан үлкен болып келетін тізбектей жалғанған электрлік тізбектердің біртұтастығын айтамыз [ 4 ].
Қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пунктерді су басып кетпейтін (қауіпсіз) жерлерге орналастырады, яғни, бұл пунктерге жетуді орманға, егістік жерлерге, т.б. ең аз шығын келтіре отырып ұйымдастыру қажет. Курстық жобада бұл есеп бағдарлы түрде шешіледі, себебі, іс жүзінде қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пунктер кез келген жерде орналасуы мүмкін. Олардың арасындағы қашықтық мына өрнекпен анықталады:
lк у= (аном – 0,9) ∕ αмак, км (4.20)
мұндағы, аном – регенерациялық бөлімнің өшуінің номиналды мәні, дБ (4.1-кесте); 0,9 – шеткері құрылғыдағы өшуі, дБ; αмак – кабельді төсеу тереңдігіндегі жер бөлігінің максималды температурасындағы үлкен жиіліктегі кабельдік тізбектің өшу коэффициенті, дБ ∕ км.
Көрсетілген формулалар арқылы есептеулер t=20 0C температурасында шынайы болады. Басқа температуралар үшін өшу коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
αмак = α[1+ αα(t-20)], дБ ∕ км (4.21)
мұндағы, α – жартылай тактілік жиіліктегі есептеу кезінде анықталған өшу коэффициенті (=0,532), дБ ∕ км; αα – жартылай тактілік жиілікте кабельдік тізбектегі температуралық өшу коэффициенті, ол 2.3-кесте арқылы анықталады. Есептеу кезінде ол бағдарлы түрде мынаған тең болуы мүмкін: αα =2∙10-3 1 ∕ град; t – кабель төселген тереңдіктегі жер бөлігінің максималды температурасы, 0C.
Регенерациялық бөлімдердің бөліктері бойынша ұзындығын нақтылау және есептеу нәтижесінде әр бөлікте қызмет көрсетілетін регенерациялық пунктер арасында қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пунктер саны анықталады және кабельдік байланыс жолының құрылымдық сұлбасы құрылады, ол жерде қызмет көрсетілетін және көрсетілмейтін регенерациялық пунктер, бөлімдер мен бөліктердің ұзындықтары, кабельдің типі және қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пунктердің нөмірленуі көрсетіледі. Қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пунктердің нөмірленуі бөлшек санмен келтіріледі: алымында бөлік нөмірі көрсетіледі, ал бөлімінде қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пунктердің бөліктегі реттік нөмірі көрсетіледі [4].
5 Тізбектер арасындағы өзара әсерлесу параметрлерін өлшеу
5.1 Негізгі мағлұматтар
Симметриялы тізбектердің арасындағы электромагниттi әсер ету көлденең электр магнит өрiсінің бар болуымен шартталған, ол өріс жақын орналасқан ток тізбегіне бөгет сілтейді. Саңылаусыз сыртқы өткiзгiште коаксиалды тізбек сыртқы көлденең электромагниттiк өрiстерін алмайды. Ег электрлік радиалды құраушысы және Н<р магнит өрісінің тангенциал құраушысы iшкi және сыртқы өткiзгiштердiң арасындағы тізбек ішінде тұйықталады, ал Нг магниттінің радиалды құраушысы мен Е<р электр өрісінің тангенциал құраушысы тізбектің осьтік симметриясы нәтижесінде болмайды. Коаксиалды тізбектердің арасындағы әсер үшiншi тізбектің әсері арқасында ұзына бойы құрайтын Ег электр өрiсi әсерінен болады. Үшінші тізбек- өзара әсерлесетін тізбектердің сыртқы өткізгіштерінен құралған. Осы тізбектерден, әсерге душар болған тізбектің сыртқы өткізгішінің сыртқы бетіндегі кернеуінің құлауына әкеп соғатын, ток пайда болады. Коаксиалды тізбектің сыртқы бетiндегi ұзына бойына кернеуi тізбектің iшкi бетiндегi ұзына бойы ЭҚҚ пайда болуына әкеп соғады, ол тізбек ықпалға душар. Осы ЭҚҚ- ң әсерінен бөгеттер тогы пайла болады. Коаксиалды тізбектің сыртқы өткiзгiшiндегi жақындық эффектi нәтижесінде берiлетiн сигналдың жиiлiгiнiң өсуiмен сыртқы өткiзгiштiң iшкi бетiнде тоқтың тығыздығы өседi, ал сыртқы бетте азаяды. Демек, жиiлiктiң өсуiмен әсер ететiн коаксиалды тізбектің сыртқы бетiндегi өрiсiнiң кернеулiгi азаяды, сәйкесінше тізбектертің арасындағы электромагниттiк ықпалдардың да азаюына алып келедi. Коаксиалды кабельге қарағанда, симметриалы кабельдің жиілікке тәуелділік әсері басқа. Жиiлiктiң өсуiмен симметриялы кабельдердегi электромагниттiк өрiстiң өзгерiсiнiң жылдамдығы өседi, және сондықтан тізбектертің арасындағы электромагниттiк әсер өседi. Жиіліктің өсуімен, коаксиалды тізбектер арасында өзара әсерлесу азаяды.
Тізбектер арасындағы өзара әсерлердің шамасын А соңындағы және А0 -ң жақын соғындағы ауыспалы өшулер арқылы, сонымен қатар А3 қорғаныштық арқылы көрсетуге және нормалауға болады.
Курстық жобаны орындау кезінде көрсетілген сипаттамаларды есептеп, нормамен салыстыру керек. Егер нормалар өзара әсерлесу параметрлеріне орындалмаса, онда өзара әсерлесуді кішірейту шараларын көрсету керек [4].
