- •Тақырыбы; tcp/ip хаттамалары
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •1.Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •2.Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
- •1. IpSec өзіндік саясатын құрыңыз:
- •2. Жаңа ережені қосыңыз
- •4. Сүзгілерді іске қосыңыз
- •12. Esp шифрлауын жөндеңіз
- •13. Шифрланған ipSec пакеттерін қарап шығыңыз
- •14. IpSec белсенділігін қарап шығыңыз, sa белсенділерін қарап шығыңыз.
- •3.Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
Қорытынды
TCP/IP хаттамасының стегі – АЕЖ үшін өндірістік стандартталған хаттамалар пакеті. Microsoft Windows 2000-да TCP/IP хаттамалар стегінің өздері үшін және IP-желілерінде басқару мен коммуникация үшін қызметтер жиынының кеңейтілген сүйемелдеуі бар.
Қазіргі барлық ОЖ TCP/IP хаттамаларын сүйемелдейді; осыған қоса көбіне үлкен желілердегі трафиктің негізгі бөлігі TCP/IP хатамасы бойынша беріледі. TCP/IP хаттамасының пакеті Интернеттің стандарты деп есептеледі. Бұдан бөлек, түрлі жүйелер арасында деректерді беретін және қатынау рұқсатын қамтамасыз ететін көп стандартты коммуникациялық утилиттер бар. Олардың кейбіреулері, мысалға FTP мен Telnet хаттамалары Windows 2000 Server-ге кіргізілген. TCP/IP-желілері Интернетпен оңай ықпалдасады. TCP/IP хаттамасы жақсы қамтамасыздандырылған және қолдану ыңғайлығын, өнімділігін және қауіпсіздігін жоғарылататын көп утилиттерге ие.
TCP/IP хаттамалары барлық түйіндерді байланыстыру үшін желілік сүйемелдеуді және компьютерді байланыстыруды және желілердің өзара әрекетіне қатысты стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді. TCP/IP хаттамасының стектерінде 4 деңгей бар: желілік, Интернет, транспорттық және қолданбалы.
Желілік интерфейстің денгейі модельдің негізіне жатады. Барлық жергілікті, жалпықалалық және ауқымды желілер мен қашықтықтан рұқсат етілген желілер, мысалы Ethernet, Token Ring. FDDI и ARCnet сигналдарды бергенде және деректерді кодтағанда кабельдерге түрлі талаптар қояды. Төртдеңгейлі модельдегі желілік интерфейс денгейі OSI моделінің арналық және физикалық денгейлеріне сәйкес келеді және кадрларды қабылдау мен беруге жауап береді – желі бойынша жеке блоктар түрінде жіберілетін ақпарат пакеттері болып табылады. Желілік деңгей желіден кадрларды алады және береді.
ТСР хаттамасы деректерді дискретті пакеттерге бөледі және олардың жеткізілуіне кепілдік береді, бірақ факт жүзінде ақпарат жеткізілу ІР хаттамасымен жүзеге асрылады. ІР денгейінде кіріс пен шығыс пакеттер дейтаграммалар деп аталады. Пакетті желілік деңгейден жіберген кезде оның тақырыпшасына ІР дейтаграммасының өрістері қосылады.
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
Мақсаты: Ережелер мен саясаттың көмегімен желіні қорғауды баптау. IPSec басқару және қателіктерді болдырмауды сипаттау.
Тапсырма:
IPSec ережелері мен саясатын сипаттау;
Брандмауэрлермен, NAT-пен және прокси-сервермен жұмыс жасау үшін IPSec-ті баптау үдерісін сипаттау;
Басқару утилиттерін зерделеу;
Network Monitor көмегімен шифрланбаған трафикті қарау.
Соөж және сөж тапсырмалары:
1.Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1.SLIP хаттамасын сипаттаңыз.
2.РРР хаттамасын сипаттаңыз.
3.ARP хаттамасын сипаттаңыз.
4.ІР хаттамасын сипаттаңыз.
5.ІСМР хаттамасын сипаттаңыз.
6.UDP хаттамасын сипаттаңыз.
7.ТСР хаттамасын сипаттаңыз.
2.Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
1. IpSec өзіндік саясатын құрыңыз:
Start\Programs\Administrative Tools мәзірін ашыңыз және Local Security Policy жарлығын шертіңіз.
Терезенің сол жағында IP Security Policy On Local Machine белгісін оң батырмамен шертіңіз.
Create IP Security Policy бұйрығын контекстік мәзірде таңдаңыз.
Шеберді іске қосқаннан кейін жалғастыру үшін Next батырмасын шертіңіз.
Саясат атын енгізіңіз. Two Computer Policy және Next батырмасын шертіңіз.
Requests For Secure Connection терезесінде Default Response Rule жалаушасын босатпай Next батырмасын шертіңіз.
Kerberos хаттамасы арқылы аутентификациялау үшін нақтылығын тексеру тәсілін үнсіз келісіммен өз қалпында қалдырыңыз.
Edit Properties жалаушасы ерекшеленіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бастапқы баптауды аяқтау үшін Finish батырмасын шертіңіз.
Қасиет терезесі ашылады: ОНЫ ЖАППАҢЫЗ!
Бұл атқарылған жұмыстың әлі ережесі құрылған жоқ, тек жауаптың қасиеттері анықталды. Әрі қарай IP Sec саясаты шеберсіз қолмен дайындалады.
