- •Тақырыбы; tcp/ip хаттамалары
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •1.Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •2.Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
- •1. IpSec өзіндік саясатын құрыңыз:
- •2. Жаңа ережені қосыңыз
- •4. Сүзгілерді іске қосыңыз
- •12. Esp шифрлауын жөндеңіз
- •13. Шифрланған ipSec пакеттерін қарап шығыңыз
- •14. IpSec белсенділігін қарап шығыңыз, sa белсенділерін қарап шығыңыз.
- •3.Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
2. Жаңа ережені қосыңыз
Қасиет диалог терезесінің астыңғы жолағында Use Add Wizard (шеберді шақыру) жалаушасын түсіріңіз.
Rules салымшасында Add батырмасын шертіңіз.
Жаңа ережелер қасиетінің терезесі ашылады.
Сіз компьютерлер арасында мәлімет алмасу сүзгілерін баптадыңыз. Қазір өз компьютерлеріңіздің ІР – мекен-жайын, бастапқы мекен-жайын және екінші компьютер ІР – мекен-жайын соңғы мекен-жай ретінде көрсетіп шығу сүзгісін жасадыңыз.
3. Жаңа сүзгіні қосыңыз
Add батырмасын шертіңіз, IP Filter List диалог терезесі ашылады.
Name өрісінде сүзгі атын еңгізіңіз – Host A-Host В Filter.
Use Add Wizard жалаушасын өшіріңіз.
Add батырмасын шертіңіз, сүзгі қасиеті терезесі ашылады.
Source Address өрісінде нақты ІР – мекен-жайын енгізіңіз.
Өзіңіздің ІР мекен-жайыңызды қосыңыз.
Destination Address өрісінде нақты ІР – мекен-жайын енгізіңіз.
Екінші компьютердің ІР – мекен-жайын енгізіңіз.
ОК батырмасын шертіп,тексеріңіз.
Close батырмасын шертіңіз.
IP Filter List салымшысында жаңа сүзгінің белсенділігін арттырыңыз.
Алдыңғы тапсырмада сіз кіріп-шығу сүзгілерін жасадыңыз, ал енді бумаларды сүзгілеу іс әреккеті анықталады.
4. Сүзгілерді іске қосыңыз
Filter Action салымшасына көшіңіз де, Use Add Wizard жалаушасын түсіріңіз.
Add батырмасын шертіңіз.
Security Methods салымшасында Negotiate Security жалаушасының белгіленгеніне көз жеткізіңіз.
Allow Unsecured Communication With Non IPSEC Aware Computer жалаушасының түсірілгендігіне көз жеткізіңіз.
Қорғау әдісін таңдау үшін Add батырмасын шертіңіз.
Medium (АН) таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.
ОК батырмасын шертіңіз, содан соң диалог терезесі жабылады.
Сүзгілерді іске қосатын айырып-қосқышты шертіңіз.
Содан соң екі компьютер арасында сенімді қарым-қатынас орнатылады. Сіздердін қорғанысыңыз код сөзі немесе код сөз тіркесі болады.
5. Аутентификация әдісін таңдаңыз
Authentication Methods салымшысына көшіңіз.
Add батырмасын шертіңіз.
Pre-Shared Key алмастыру батырмасына бір рет шертіңіз.
Мәтіндік өрісте дайын кілтті немесе парольді енгізіп, ОК-ді шертіңіз.
Pre-Shared Key тізімінде Move Up батырмасын шертіңіз, осы элемент бірінші болуы үшін.
6. Туннель параметрлерін тексеріңіз
Tunnel Setting салымшысына көшу керек.
This Rule Does Not Specify An IPSEC Tunnel айырып-қосқышы таңдалғанына көз жеткізіңіз.
7. Қосылу типінің параметрлерін тексеріңіз
Connection Type салымшысына көшіңіз.
All Network Connections айырып-қосқышы таңдалғанына көз жеткізіңіз.
8. Ережені құруды аяқтаңыз
Саясат параметрлерінің терезесіне қайтып бару үшін Close батырмасын шертіңіз.
Сіздің жаңа ережеңіз тізімде белгіленгеніне көз жеткізіңіз.
Саясат қасиеттері терезесін жабыңыз.
9. Жаңа саясаттың белсенділігін арттырыңыз
Two Computer Policy батырмасын шертіңіз.
Assign батырмасын шертіңіз.
Policy Assigned бағанында енді Yes пайда болады.
10. IPSec-ті тестілеңіз
Екі компьютерде де саясатты қосыңыз.
Екінші компьютер мекен-жайын көрсетіп, Ping утилитін іске қосыңыз.
Ең бірінші жіберілген сұраныс әзірше өтпейді.
Екі компьютерге де сай саясат қосылғаннан кейін,тестілеу тез, әрі оңай өтеді.
Бір компьютерде саясатты қосып және өшіріп, не боларын көруіңізге болады.
11. IPSec толықтық пакеттерін қарап шығыңыз (АН формат негізінде)
Network Monitor іске қосыңыз да, компьютерді екінші жүйемен байланыстыратын жүйелік төлемнің МАС-мекен-жайына тор орнатып қойыңыз. Айта кету керек: желілік адаптердің МАС-мекен-жайын көру үшін all параметрлі ipconfig утилитін іске қосыңыз.
Local Security Settings қойылымында Two Computer Policy саясатын белгілеңіз.
Network Monitor арқылы пакеттің алдын алуды бастаңыз.
Ipseсmon уттилитін іске қосыңыз.
ІР мекен-жайын анықтай отырып, ping утилитін іске асырыңыз.
Сізге осы әрекет қатарын қайталау керек болады.
Network Monitor-ды тоқтатып, тізімді қарап шығыңыз.
Ipsecmon-ды қарап шығыңыз.
ІСМР бірінші пакетті екі рет шертіңіз.
Ethernet, IP ижәне АН тақырыптары көрсетілген жолдарға көңіл аударыңыз.
ІР жазылымын анық жазылған облысында жазып ашыңыз.
ІР хаттамасының нөмірін көрсетіңіз.
Ipsec IP, ICMP және Data жолдарының негізінде ICV құрылды.
Бұл хабарламалардың алынып қалуына, өзгертілуіне, қайта алмасуына жол ашады. Hex панелін қарап шығып, сіз тағы 32 белгі көресіз, оларды ping жіберді. АН қорғанысын пайдалана отырып, сіз қауіпсіздікті қамтамасыздандырасыз, бірақ хабарламаның шифрлануын қамтамасыз етпейсіз.
