Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломная работа Негізгі құралдардың есебінің э...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201 Кб
Скачать
☆

3 Мекемелердегi негізгі құралдардың есебін дамыту мен жетілдіру жолдары

3.1 Негізгі құралдардың есебін жетілдіру

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті жетілдірудің бағыттарының бірі оның Халықаралық стандарттарға бағыт алуы болып табылады. Бұл айтарлықтай мөлшерде бухгалтерлік есеп пен талдаудың артуына себепкер болып, кәсіпорындарға ақша қаражаттарын қолданудағы өзіндік бір жекешелік беріп, мекеменің техникасы мен технологиясының ерекшеліктерін тиімді басқармалық шешімдерді қабылдау үшін көрсетеді.

Бухгалтерлік есепті жетілдіру мәселелері, соның ішінде негізгі құралдарды есепке алу, ел Президентінің назарындағы мәселе, ол туралы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2050» атты халыққа жолдауында атап өтіледі, біздің мемлекетіміздің басты нысанаға алғаны экономикалық өсім болып табылады. Экономикалық өсімнің басымдығы «бүгінгі таңда, ертең де және отыз жыл көлемінде ең маңыздылардың бірі болып қала бермек. Осы мақсатқа қол жеткізудегі маңызды рөлді бухгалтерлік есептің нақты қалыптасқан жүйесі ойнайды».

Нарықтық экономикаға өтуде тәжірибеге енгізілген мәселелердің ішінде негізгі жеке құралдардың бағалануы мен оның қаржылық және салықтыққ есепте көрініс табуы, салық салу мақсаттары үшін амортизация есептеулерінің әдісін таңдау, лизингілік операцияларды жүргізу тетіктері, техника мен жабдықтарды алмастыру, өндіріс концентрациясының тиімді деңгейін іздеу аса өзекті мәнге ие. Сәйкесінше, нарық талаптарында, негізгі құраладардың есебін дұрыс ұйымдастырудың, оларды есептеу әдістерін жетілдірудің, оларды қолданудың тиімділігіне терең талдау жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерінің рөлі арта түседі. Отандық ғалым-экономистердің ғылыми еңбектерін зерттеу мен қазақстандық есептік жүйеге жетекші шетелдік мамандардың әдістемелерінің жүйесін енгізу қаржылық есептіліктің ұлттық ерекшелікке бейімделген Халықаралық стандарттарының қағидаларымер қатар ендіру негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің сапалық деңгейін айтарлықтай арттыруға және оларды қолдануды талдауға мүмкіндік береді.Алайда есеп пен негізгі құралдарды қолдану тиімділігінің көптеген мәселелері ашық қалпында қалуда, оған негізгі құралдардың алғашқы бағасының қалыптасу тәртібіне түрлі көзқарастарды, амортизация есептеуінің әдісін таңдауды, лизингілік операциялардың бухгалтерлік ресімделуі мен есептік саясаттың өзге аспектілерін көрсетеді [25].

Негізгі құралдардың есебі мәселесімен байланысты бірнеше өндірістік жағдайларды және де осы мәселелер төңірегіндегі мамандардың пікірлерін қарастырайық.

«Neocar» ЖШС қайтарымсыз негізде компьютерлер мен құраушы бөлшектер берілген.

Негізгі құралардың алғашқы бағасы алу-жөнелту актісінде көрсетілген баға ретінде анықталған.

Негізгі құралдарды балансқа қондырғанда ЖШС бухгалтері, алу-жөнелту актісінде көрсетілген баға дұрыс емес есептелініп, түскен негізгі құралдардың баланстық құнына сәйкес келмейтіндігін анықтады.

«Neocar», Алматы қаласы бойынша өкілдігінің қаржылық қадағалаушысы И. Антоненко пікірінше, - «Тіркелген активтерді қайтарымсыз негізде алғанда ҚР Салық кодексінің 118-бабының 4-тармағына сәйкес, алушы тарап үшін алғашқы баға алынған активтердің аталған активтерінің алу-жөнелту актісінде көрсетілген баланстық бағасы болып табылады. Беруші тарап үшін топшаның бағалық балансы берілген активтердің бухгалтерлік есептердің мәліметі бойынша берілген, алу-жөнелту актінде көрсетілген баланстық бағасынан кемиді (ҚР Салық кодексінің 119-бабының, 4-тармағы).

Бұл жағдайлар ҚР 04.07.2014 ж. №168 – V Заңымен бекітілген, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген Салық кодексінің жаңа редакциясында көрсетілген.

Осылайша, алынған және берілген активтердің сомалары тең болулары тиіс. Егер бухгалтер алынған тіркелген активтердің есебінде сәйкессіздікті анықтаса, онда ол Салық кодексінің Жаңа редакциясында көрсетілген баптарын басшылыққа алуы тиіс. Салық кодексінің Жаңа редакциясы табыс жиынтық табысты төмендету үшін тіркелген активтерді қайтарымсыз алғанда бағаны басқару (реттеу) мүмкіндігі жойылған.

Есептілікті ХҚЕС №2 талаптарына сай құратын кәсіпорын бухгалтері негізгі құралдардың компанияға түсеін объектілерінің бағасын анықтауда үнемі қиындықтарға тап болады».

Бухгалтер «Neocar» ЖШС Алматы қаласы бойынша өкілдігінің маманы Е.Михалеваның пікірінше, - «Алғашқы қабылдауда негізгі құралдардың объектілері өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс. Негізгі құралдардың объектілерінің өзіндік құнына қосылады (ХҚЕС №2):

- импорттық баждар мен сатылымға қайтарылмайтын салықтарды, сауда лық шегерімдер мен дисконттарды есептей отырып актив сатылымының бағасын;

- активтің жеткізіліміне мекен-жайына дейін және оны ағымдық жағдайға келтіргенге дейінгі қатысы бар барлық шығындар. Мұндай шығындар жұмысшымен өтелуі ықтимал; объектіні орнату орнын дайындауға шығындар, оны жеткізіп беру мен тиеу-жөнелтуге шығындар, орнату мен жинақтау мен жинақтаушы жұмыстар;

- объектіні қайта жөндеу мен шығаруға шығындардың алғашқы есебі мен өзі орналасқан аймақты объектіні алу кезеңінде компанияда пайда болатын мәселелердің міндеттемелері бойынша қалпына келтіру немесе осы объектіні зерттеу нәтижесінде мақсаттар үшін, көрсетілген уақыт аралығында қорлардың өндірісінен ерекшеленеді.

Активтің қайта жөндеу, аумағын қалпына келтіру мен ликвидациялаудың есептелген көлемі ХҚЕС №2 «Бағаланатын міндеттемелер мен шартты міндеттер» бөлімдеріне сәйкес сәйкес міндеттемелерді орындауда құрылған сомадан шыға отырып анықталады. Осы бөлімнің 163 бабына сәйкес, қор ретінде қабылданатын сома–бұл, есептік кезеңдегі міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығындардың ең үздік бағасы, яғни орындалуға қажетті ақша ағымдарының міндеттемелерінің келтірілген бағасы, дисконттаудың ағымдық нарықтық мөлшерінен шыға отырып анықталады.

2400 «Қарыздар бойынша шығындар» ХҚЕС №2 бөліміне сәйкес объект бағасына қарыздар бойынша пайыздық үстеме де қосылуы мүмкін. Бірақ олардың капитализациясы объект эксплуатацияға дайын болғаннан соң тоқтатылады. Кез-келген саудалық шегерімдер сатылым бағасын анықтауда есептелінеді.

Негізгі құралдардың объектісінің өзіндік құнына енетін шығындарға кірмейтін шығындардың мысалы, оларды құраумен және алумен байланысы жоқ шығындар жатады. Олар активті алғанға дейін немесе құрағанға дейін, негізгі құралды эксплуатацияға енгізгеннен кейін және енгізу кезінде де пайда болуы ықтимал. Мұндай шығындар олардың пайда болу кезеңіндегі шығындар ретінде мойындалуы ықтимал. Мұндай шығындардың мысалы келесілер болып табылады:

- жаңа өнеркәсіптік немесе техникалық жабдықтардың ашылуына шығындар;

- жаңа өнімді немесе қызметті енгізуге арналған шығындар (жарнама мен өнімді қозғалтуға арналған шығындарды қоса есептегенде);

- жаңа орында немесе тұтынушылардың жаңа санаттарымен бизнесті жүргізуге шығындар (қызметкерлерді дайындау мен оқытуға арналған шығындар);

- негізгі құралды құраумен немесе алумен байланысты емес әкімшілік және өзге де шығындар (эксплуатацияға енгізуге шығындар және егер олар активті жұмыс қалпына келтіру үшін қажет емес болып табылса өзге де дайындаушы шығындар);

- компания басшылығының талаптарына сай қызмет етуге қабілетті объекті толық қуаттылықпен қызмет етпесе немесе қолданылмайтын кезеңде келтірілген шығындар;

- негізгі құралдардың осы объектісімен өндірілетін өнімге сұраныстың өсу үрдісінде, мысалы, келтірілген алғашқы операциялық шығындар;

- компания қызметінің толық қайта құрылуына немесе қайта ұйым дастырылуына толық немесе ішінара жұмсалатын шығындар;

- негізгі құралды құраумен байланысты топішілік табыстар мен шығындар;

- шикізаттың, еңбек пен өзге де қорлардың нормативінен жоғары шығындар [26].

Компания жүйелік блок (525 000 теңге), монитор (108 000 теңге), лазерлыізкескіш (117 000 теңге), пернетақта (9 750 теңге), лазерлі тышқан (15 000 теңге) алып, арнайы маманданған компьютерлік фирмаға олардың жеткізіп берулері, жинақтауы мен орнатуы үшін 52 500 теңге төледі.

Компанияның бухгалтері бұл объектілерді балансқа қалай қабылдау керектігін білмейді.

«Neocar» ЖШС Алматы қаласы бойынша директорі Қ.Асхаттың көзқарасы бойынша, - «Егер негізгі құралдардың объектісінің айтарлықтай бөлігі пайдалы қызмет ету мерзімін қамтыса, онда баламалы басқа негізгі құралдың объектісінің айтарлықтай көп бөлігі объектінің екі бөлігіне қатысты амортизацияның баламалы әдісі қолданылады да, онда осындай бөлшектер амортизациялық есептеулердің сомасын анықтағанда топтастырылуы ықтимал (ХҚЕС №2). Яғни компания жеке құраушыларды төмен бағамен бір объектіге топтастыруы мүмкін, олардың бағасы айтарлықтай жоғары және дәл сондай арзан тұратын құраушылар шамамен эксплуатацияның бірдей мерзімін қамтитын есептің бірыңғай объектісы ретінде есепке алынады.

Келтірілген жағдайла негізгі құралдардың объектілерінің өзіндік құнына (дербес компьютер) алынған барлық құраушыларының құны мен оны қолдануда жарамдылық жағдайына келтіргенге дейін компанияға келген шығындардың көлемін қоса алады. Осылайша, компанияның бухгалтерлік есебінде балансқа құны 710 250 теңге тұратын, қызмет мерзімі 3 жылды құрайтын дербес компьютер және құны 117 000 теңге тұратын ізкескіш қабылданатын болады».

ЖШС заңды тұлғадан вагонды-қозғалатын құралды (бұрынғы тіркеме, вагонға қайта құрылған) сатып алуға келісім дайындауда, оның құны 2 000 000 теңгені құрайды. Сатып алынғаннан соң ол балансқа қойылып, тіркеуден өтетін болады.

«Neocar» ЖШС Алматы қаласы бойынша компанияның бас бухгалтері О. Каширинаның пікірінше, - «Қаржылық есептіліктің Ұлттық стандартының 16 бөлімінің 274 тарауына сәйкес, №2 негізгі құралдардың объектілерінің өзіндік құны мыналарды қамтиды:

- Импорттық баждар мен сатылымға қайтарылмайтын салықтарды, саудалық шегерімдер мен дисконттарды есептей отырып актив сатылымының бағасын.

- активтің жеткізіліміне мекен-жайына дейін және оны ағымдық жағдайға келтіргенге дейінгі қатысы бар барлық шығындар. Мұндай шығындар жұмысшымен өтелуі ықтимал;объектіні орнату орнын дайындауға шығындар, оны жеткізіп беру мен тиеу-жөнелтуге шығындар, орнату мен жинақтау мен жинақтаушы жұмыстар;

- объектіні қайта жөндеу мен шығаруға шығындардың алғашқы есебі мен өзі орналасқан аймақты объектіні алу кезеңінде компанияда пайда болатын мәселелердің міндеттемелері бойынша қалпына келтіру немесе осы объектіні зерттеу нәтижесінде мақсаттар үшін, көрсетілген уақыт аралығында қорлардың өндірісінен ерекшеленеді.

Алғашқы қабылданғаннан соң субъект негізгі құралдардың барлық объектілерінің кейінгі өлшеуін төмендегі екі үлгінің біріне сәйкес жүзеге асыратын болады:

- шығындардың капитализация үлгісі бойынша, оны қолданумен субъект

негізгі құралдардың объектілерінің құнын оның өзіндік құнын жинақталған

амортизация мен жинақталған құнсызданудан түскен шығындардың барлық сомасын ескере отырып есептеуді ескеруі тиіс;

- қайта бағаланған баға есебінің үлгісі бойынша, осы үлгіні қолданумен субъект есепті жүзеге асырып, ХҚЕС (IAS) 16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарға» сәйкес ақпараттың ашылуын қолданумен жүзеге асырады.

Негізгі құралдардың объектілерін есептеу үлгілері кәсіпорының есептік саясатында сипатталып және бекітілуі тиіс.

Осы жағдайды қарастыра келе және көрсетілген стандартқа бағдарлана келе, кәсіпорын балансына алынған бағасы бойынша вагонды ұсынады (бұл жағдайда бұл келісілген баға), ал кейін, егер үлгі қайта бағаланған бағамен таңдалса, оның қайта бағалауын жүргізу қажет.

Заңды тұлғадан негізгі құралды алғанда алдын ала сату-сатып алу келісімін құру қажет, онда осы негізгі құралдар үшін төлем қандай тәсілмен жүргізілетіндігі көрініс табуы тиіс. Төлем көрсетілген сомасы заңды тұлғаның есептік шотына аудару арқылы жөнелтілуі тиіс немесе егер болған жағдайда карта-шоотқа аударылады, немесе кәсіпорынның кассасынан куәлік нөмірін көрсету арқылы шығыс кассалық ордерде міндетті көрсетілумен беріледі, бұдан өзге төлеммен аударылады, міндетті алынған сома алушымен жазбаша түрде жазылуы тиіс. Бұл жағдайларда төлем дәлелін айғақтайтын құжатпен бекітіледі де, төлемдік міндеттеме, банк анықтамасы немесе шығыс кассалық ордері дәлелдейтін құжаттар болады.

Салық кодексінің 117-бабының 1-тармағына сәйкес, төлем қайнар көзінен алынатын табыстармен, заңды тұлғаның мүліктік табысы болып табылады. Осылайша, осы бапқа сәйкес, табыс салығын міндетті сипатта сатушы– заңды тұлға өзіндік төлеуі тиіс. Бірақ Салық кодексінің 180-бабының 1-тармағына сәйкес, салық төлеушінің салық салуға жататын мүліктік табысына мүлікті өткізуден түскен бағаның өсімі табысқа жатады. Осы баптың 2-тармағының 7 тармақшасына сәйкес, бағаның өсуінен түскен табыс мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті мүлікті, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізгенде меншік құқығын тіркеу мерзімінде кемінде бір жыл болады.

Осыған сәйкес, егер сатушыға– заңды тұлғаға вагон тіркеуден өткеннен соң кемінде бір жыл тиісті болса, онда жеке табыс салығы бұл жағдайда есептелінбейді және төленбейді. Егер кемінде бір жылдан аз болса, онда заңды тұлға салықты 10 пайыздық мөлшерде өзіндік өтеуі тиіс болады. Бұл жағдайда бұл сома 2 000 000 * 10% = 200 000 теңгені құрайды.

Салық кодексінің 396-бабының 1 тармағына сәйкес, жеке тұлғалар үшін мүлікке салық салу объектісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ғимараттар, мекемелер, сыныптамаға сәйкес, техникалық реттеу саласында мемлекеттік уәкілетті органмен бекітілген және негізгі құралдардың немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында ескерілетін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаларының талаптарына сәйкес салынатын болады. Осылайша, тіркеме-вагон мүлікке салынатын салыққа салық салу объектісі болып табылмайды.

Салық кодексінің 366-бабына сәйкес, көлікке салынатын салыққа салық салу объектісі көлік құралдары болып табылады, оған тек мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс және (немесе) Қазақстан Республикасында есепте тұрған тіркемелер кірмейді. Себебі вагон өзіндік жеке көлік құралы болып табылмайды, тек тіркемелер санатына жатады да, көлікке салынатын салыққа ол енбейді» [12].

Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктен несие алу үшін ЖШС-де негізгі құралдардың (ғимараттар мен мекемелер) бағалауы нарықтық бағасы бойынш жүргізілді (ендігіден бері НҚ). Бағалауды тәуелсіз бағалаушы компания жүргізді. Аяқталғаннан соң, НҚ бағалау бойынша есеп, шот-фактура мен атқарылған жұмыстардың актісі қабылданды.

Шот-фактура бойынша шығындар бағалауды жүргізуге 7211 «Есептелуге жататын әкімшілік шығындар» шотына енгізілді, мұндайда қайта бағалау сомасы бухгалтерлік есепте еш корініс таппаған, себебі ЖШС есептік саясатында НҚ есептеу әдісі алғашқы бағасы бойынша таңдалған.

«Neocar» ЖШС Алматы қаласы бойынша өкілдігінің бас бухгалтері О.Каширинаның пікірінше, - «Ең алдымен, кәсіпорын негізгі құралдардың алғашқы қабылдануында объектілерін есептеу әдісін таңдауға еркін екендігін атап өткен жөн. Таңдап алынған әдіс кәсіпорының есептік саясатында бекітілуі тиіс, ондайда ҰҚЕС №2 и ХБЕС (IAS) 16 тәсілі іс жүзінде бірдей болып келеді.

Осылай, ҰҚЕС №2 сәйкес, алғашқы қабылданғаннан соң субъекті негізгі құралдардың барлық объектілерінің кейінгі өлшенуін екі үлгінің бірімен жүзеге асырады:

- шығындарды капитализациялау үлгісі бойынша;

- қайта бағаланған құнның есебінің үлгісі бойынша.

Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу үлгісіне сәйкес, субъект негізгі құралдардың объектілерінің құнын жинақталған амортизация мен құнсызданудан болған шығындардың барлық сомасын есептей отырып оның өзіндік құны бойынша ескеруі тиіс

Әр есептік кезеңнің соңында субъект осы стандарттың 26 бөлімімен қарастырылған шараларды негізгі құралдардың объектілерінде немесе тобында құнсыздануды анықтау маөсатымен қабылдауы тиіс, осындай тәртіп болған жағдайда, - оның құнсыздануынан болатын қабылдану мен өлшену тәртібі. Бұл бөлім, субъект қашан және қандай тәсілмен осындай қарастыратынын анықтап береді, ол оның сатылымына кеткен шығынды есепке ала отырып активтердің әділетті бағасын анықтайды және де ол қабылданғанда құнсызданудан келген шығынды қалпына келтіреді.

ХҚЕС (IAS) 16 сәйкес құнсызданудан келген шығын – бұл актив бағасы

баланстық бағасының оның орнын толтыратын сомадан артып кетуі болып

табылады.

Қайта бағаланған баға бойынша үлгіге сәйкес қайта бағаланған үлгі бойынша таңдалғаны, субъект ХҚЕС (IAS) 16 «Жылжымайтын мүлік» сәйкес ақпараттың есепке алынуы мен ашылуын жүзеге асырады. Қайта бағалаудың бұл үлгісінде жылжымайтын мүлік объектісі, ғимараттар мен жабдықтар, қайта бағаланған бағасы бойынша есептелінеді, ол қайта бағалау күніндегі әділетті баға болып табылады да, қайта бағалаудан кейінгі жинақталып қалған амортизация мен құнсызданудың шығындарын есепке алады. Бұл үлгі егер әділетті бағаны сенімді түрде бағалауға болатын жағдайда қолданылады. Қайта бағалау жеткілікті түрде жиі-жиі өткізілір тұруы тиіс, себебі баланстық баға есептік кезеңде әділетті бағадан айтарлықтай ерекшеленбеді.

Жер мен ғимараттардың әділетті бағасы әдетте олрадың нарықтық бағасы болып табылады да, олар кәсіпқой сарапшы мамандардың орындаған бағалау әдісімен анықталады.

Машиналар мен жабдықтардың әділетті бағасы әдетте нарықтық баға болып табылады, ол бағалау жолымен анықталатын болады. Нарықтық бағасы туралы ақпарат машиналар мен жабдықтардың арнайы сипаттамаларының салдарынан немесе осындай активтердің сатылымдарының жиілігі себебінен болмаған жағдайда, олар тозудың есептей келе қалыпқа келтіруші баға бойынша бағаланатын болады, оған тек ағымдық қолданыстағы бизнестің бөліктері мен сатылымдары енбейді.

Қайта бағалауларды жүргізу жиілігі жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің әділетті бағасының өзгерістеріне тәуелді. Жылжымайтын мүлік объектілерінің кейбір санаттарының әділетті бағасы айтарлықтай деңгейде өзіндік сипатта өзгеріске ұшырауы ықтимал, сондықтан да олар жыл сайынғы қайта бағалауды талап етеді. Осындай жиі болатын қайта бағалаулар жылжымайтын мүлік объектілері, ғимараттар мен мекемелер үшін әділетті бағасының айтарлықтай деңгейде өзгерістерін талап етпейді, мұндай объектілер әр үш-бес жыл сайын қайта бағаланып тұруы ықтимал.

Активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде артатын болса, бұл қайта бағалау нәтижесіндегі арту өзіндік капиталда бағаның өсімі ретінде көрінеді. Алайда бағаның арту сомасы табыс ретінде қабылдануы тиіс, ол дәл сондай алдыңғы кезеңдерде шығын ретінде қабылданған актив бағасының кемуінің орнын толтырады.

Активтің баланстық бағасы қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему шығын ретінде қабылдануы тиіс. Алайда баға кемуінің сомасы «Қайта бағалаудан болған мүлік бағасының өсімі» бабынан сөзсіз есепке алынуы тиіс, бірақ оның шегінде, бұл кему дәл сол активке қатысты бұл баптың көлемінен артпайды.

Жинақталған амортизация қайта бағалауды жүргізу мерзімінде жылжымайтын мүлік объектілерінің, ғимараттар мен жабдықтардың баланстық бағасының өзгерістеріне тура пропорционалды түзетіледі себебі активтің

баланстық бағасы қайта бағалаудан соң оның қайта бағаланған бағасына

теңестірілді.

ХҚЕС (IAS) 16 активтің баланстық бағасына қайта бағалау мерзімін жинақталған амортизацияны амортизация есептелгенше сипаттауға жол бермейді, активтің алынған бағасы әділетті бағамен қайта бағаланады.

Активтің эксплуатациялану мөлшері бойынша қайта бөлшектенген табысқа қайта ауыстырыла алады, ол қолданылатын әдіспен жинақталған амортизация мөлшерінде қайта алмастырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлшектенбейтін табысқа активтің шығу кезеңінде аударылады.

Кез-келген екі нұсқаның бірінде жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің кейінгі бағалануында баланстық баға жинақталған амортизация мен құнсызданудың кез келген шығынының көлеміне кемитін болады [1].

Осылайша, НҚ бағалауы туралы есепті алу дерегінің өзі бухгалтерлік немесе салықтық есепке түзетулер енгізу үшін негіз болып табылмайды. Бағалауды жүргізуге шығындар кезеңнің шығындарына кәсіпорынмен алмастырылған болатын. Салықтық есепте мұндай шығындар ҚР Салық кодексінің 100-бабына сәйкес, есептеулерге қатысты болып табылады, себебі салық төлеушінің шығындары қызметті жүзеге асыруға орай табыс алуға бағытталған, салық салынатын табысты анықтауда есепке алынуға жатады, оған тек ҚР Салық кодексі бойынша сәйкес келетін есептеулер енбейді.

Алайда атап өткен жөн, ҚР Салық кодексінің 115-бабына сәйкес, табыс алуға бағытталған қызметпен байланысы жоқ шығындар есептеуге жатпайды, сондықтан да, қарыз дегенмен әлі алынып үлгермесе, оны ресімдеу бойынша барлық шығындар (соның ішінде НҚ бағалау бойынша) есептеулерге жатқызуға кеңес берілмейді».

2003 жылдан бастап барлық қаржылық ұйымдар бухгалтерлік есепті жүргізу және ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікті құрастыруды жүзеге асырады, ол тәуелсіз аудиторлық компаниялардың қорытындысымен негізделеді. ХҚЕС бағалауға қатысты мейлінше тиімді құралдар ретінде танылады, себебі стандарттардың негізгі мақсаты – бұл дайындалатын қаржылық есептіліктің мөлдірлігі мен сенімділігі, соған орай, отандық қаржылық мекемелер үшін шетелдік инвесторлармен өзара ықтымақтастық мәселелері қиындай түседі, нәтижесінде мойындалған тәсілдерді қолдану ақпаратпен ұсынылады.

2011-2015 жылдарға арналған негізгі міндеттер. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесін кейінгі дамыту мақсатында республиканың қаржылық секторында келесілерге бағытталған шаралардың бірқатарын өткізу жоспарланып отыр:

  • Қаржылық сектордың бухгалтерлерінің, ЖОО жас мамандарының санат дейін арттыру және маманданған бухгалтерлердің дайындығын, ХҚЕС қолдану мәселелері бойынша жалпыға қол жетімді оқулықтарды, тәжірибелік ақпарат құралдары мен құжатнамаларды арттыру;

  • Қазақстандық экономика мен заңнаманың ерекшелігін қолдана отырып ХҚЕС реттелмеген қаржылық ұйымдармен жүзеге асырылатын, бірақ олармен анықталған тұжырымдамалар мен қағидалардың шегінде орналасқан операциялардың белгілі бір спеектрін есептеуге қатысты талаптарды жасап шығару;

  • ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есеп мен қаржылық есептілікті құрастырудың автоматтандырылған деңгейін, қаржылық есептіліктің сапасы мен шынайылығын бақылау жүйелерін арттыру, «адами фактордың» ескерілмеуі.

Мамандардың біліктілік деңгейін арттыру мақсатында бухгалтерлік есеп облысында бухгалтерлік, қаржылық ұйымдардың біліктілігін арттыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бар ынта-жігерді «ХҚЕС» тақырыбы бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер жүргізу жолымен бағыттау күтіледі және де мамандарды қолдау мен ынталандыруға олардың кәсіпқойлығына қатысты Қазақстан Республикасының аумағында да, шет мемлекеттерде де халықаралық ұйымдармен (СРА, АССА, СМА) олардың кәсіби біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Бұдан өзге, жалпы халықтық мүддедегі ұйымдардың бас бухгалтерлерінің орнын иемдену үшін кәсіби бухгалтердің сертификатының болу талабын енгізу ұсынылады.

Басым бағыттардың бірі республиканың ЖОО негізінде жас мамандарды дайындау, қажетті әдістемелік және оқу материалдарын студенттер үшін де, кәсіпқой бухгалтерлер үшін де байланыс құралдарының жалпыға қол жетімді түрлері арқылы таратылатын тәжірибелік материалдар жасап шығару болып табылады [27].

Алдыңғы жылдарға дамудың келесі бағыттары – бұл ХҚЕС-ның қазақстандық қаржылық жүйенің талаптарына кейінгі бейімделуін жүргізу болып табылады. Бүгінгі таңда отандық қаржылық жүйенің қарқынды дамуы қазақтандық заңнама мен қазақстандық экономиканың ерекшеліктеріне негізделген ерекшеліктері бар бірқатар институттардың пайда болуына әкеліп соқты. Мұндай үлгілердің бірі Чилилік үлгінің қағидаларымен құрылған, бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекше ресімдерін талап ететін жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады, себебі ХҚЕС өзі қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық икемді негіздерін қамти отырып,отандық экономиканың шарттарына сәйкесінше бейімделусіз қолданыла алмайды. Бұдан өзге, жеткіліксіз белсенділік пен қазақстандық құнды қағаздар нарығының дамуының нәтижесінде, республиканың қаржылық институттарының активтерін оңтайлы бағалаудың мәселесі аса өзекті болып табылады. Осылайша, қолданылатын бағалаудың субъективтілігі қаржылық ұйымдардың қызметтерінің тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады және де объективті салыстыру мен олардың қаржылық көрсеткіштерін сәйкестендірудің мүмкін еместігі де белгілі. Осы мәселені шешу мақсатында дамыған экономикасы бар түрлі мемлекеттердің тәжірибесін меңгеру, қаржылық есептіліктің шетелдік стандарттарынм меңгеру, бухгалтерлік есеп саласындағы мамандармен кеңес жүргізу бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізуге кеңес беріледі. Атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша қаржылық құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізу мен бағалаудың әдістемесін құраудың түрлі нұсқалары ұсынылатын болады.

Соған орай, тағы бір маңызды мәселелердің бірі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құруға қатысты ақпараттық жүйелерді автоматтандыру үрдісі болып табылады. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру үрдісін жүзеге асыру мақсатында ұйымдарда ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне ендіріген көмекші бухгалтерлік есеп пен Басты бухгалтерлік кітапшаны жүргізу бойынша талпатарды кейінгі жетілдіру жоспарланып отыр.

Бағалы қағаздардың нарығын жемісті дамыту үшін басты фактор ХҚЕС шынайы сектордағы кәсіпорындарға ендіру болып табылады. Осының нәтижесінде ХҚЕС жеделдетілген енгізілуі талап етіледі, мұндайда жағдайдың қайталануына жол бермеу мақсатында шынайы сектордың кәсіпорындары ХҚЕС-ға өтуінде және тиімді алмасуды қамтамасыздандыру үшін Үкіметтің тарапынан мемлекеттік бақылау ғана емес, кеңес беруші қоғамдық ұйымдардың негізінде кері байланыс тетігі де талап етіледі. Келесідей талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге қосымша келесідей талаптарды қамтамасыз ету қажет:

  • Аудит міндетті болып табылатын қарызға алушыларға аудиторлық есепті ұсыну, онда ХҚЕС қаржылық есептілігінің сәйкестігі туралы пікір жазылады, соңғы қаржылық жылдары қарыщ бергенде және де эмиссияланатын бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпаратты эмиссияланатын бағалы қағаздарды тіркеуден өткізгенде ХҚЕС-ға сәйкес ұсыну қажет;

  • ХҚЕС ерекшеліктерін білетін мамандарды дайындау: оқулықтарды ХҚЕС бойынша өңдеу; ХҚЕС және аудиттің халықаралық стандарттарына сай "Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит» курсы бекітілген; оқытушылар құрамы мен студенттердің ХҚЕС-ға оқыту бойынша шаралар қабылданды;

  • Ақционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар арасында ХҚЕС-ға өту бөлігіне қатысты бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мен мекемелердің ХҚЕС-ға өту жағдайы туралы ақпарат берілді.