Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_MR_PZ_gos.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
433 Кб
Скачать
☆

Өңештік (эзофагиалды) көріністер:

-қыжыл - төс артындағы күйдіру сезімі, ол семсер тәрізді өсіндісінен жоғары қарай таралады, күйдіру көбіне тамақ қабылдаған соң, тойып тамақ ішкен соң денені еңкейткенде, физикалық жүктемеден соң пайда болады;

-қышқылмен, ащымен кекіру;

-дисфагия – тамақты жұтқанда қиындықты сезіну;

-ауызда сілекейдің көп мөлшерде болу сезімі – АӨРА сирек болатын симптом болып табылады, көбінесе қыжылмен бірге пайды болады;

-төстің артында батпай қалу сезімі – кейбір науқастарда АӨРА-ның ауыр белгі болып табылады және оны «истерия батпай қалудан» ажырату қажет (glomus hystericus)

-тамақ қабылдаған соң эпигастрий аймағындағы ауру сезімі (семсер тәрізді өсінді аймағында), денені еңкеткеде пайда болады;

-одинофагия - өңеш бойымен тамақтың өтуі кезінде ауру сезімі. Осы симптом кезінде дисфагия сияқты өңеш рагымен ажырату қажет.

Өңештен тыс көріністер:

-кардиалды (төс артындағы ауру сезімінің пайда болуы, стенокардия кезіндегі ауру сезімін еске түсіреді);

-бронхөкпелік (түнгі уақыттағы жөтел, бронх демікпесінің ұстамалары);

-ларинго-фарингиалды (тамақта түйін бар болғандай сезім, дауыстың өзгеруі, фарингит, сирек оталгиялар).

Диагностикасы.

Науқасты толық сұрау, шағымдарының анализі, ауру тарихы, өмір тарихы, науқасты

қарап тексеру, лабораторлық және инструменталдық зерттеулердің анализі.

Қажетті лабораторлық зерттеулер:

  • жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі;

  • нәжісті жасырын қанға зерттеу;

  • қан тобы, резус фактор (бұрын зерттелмеген болса);

  • қанның биохимиялық анализі: жалпы белок және белоктық фракциялар,қан сарысуының темірі, электролиттер, аминотрансферазалар.

Ескі зерттеу әдістерінің бірі рентгенологиялық зерттеу болып табылады.

Рентгеноскопия диафрагманың өңештік саңылауының жарығының - кардия жетіспеушілігінің себептерінің бірі диагностикасында мңызды құрал.

Эзофагоскопия АӨРА-ң эндоскопиялық позитивті формаларын диагностикалауға көмек береді. Берштейн тесті (0,1 НСІ ерітіндісін өңешке енгізу)эндоскопиялық негативті формаларын диагностикалауда пайдалы (қышқылды енгізу клиникалық симптоматиканың пайда болуымен көрінеді). Өңешішілік мониторлық рН-метрия. 24 сағат жүргізілген рН-метрия асқазан-өңештік рефлюкстің деңгейін нақты анықтайды. Оны асқазан-рефлюкстің атипті түрлерін анықтауға, мысалы үнемі жөтелудің, төс артының ауырсынуының себебін табуға немесе науқасқа антирефлюкстік операцияға дайындау үшін қолданады.

Эзофаготонокимография өңештің әртүрлі бөлігіндегі тонусты анықтауға, төменгі өңештік сфинктердегіқысымды анықтауға көмектеседі.

Зерттеу жоспары:

  • жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі;

  • нәжісті жасырын қанға зерттеу;

  • қанның биохимиялық анализі: жалпы белок және белоктық фракциялар,қан сарысуының темірі, электролиттер, аминотрансферазалар.

  • ФЭГДС;

  • өңеш пен асқазанның рентгеноскопиясы;

  • құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ;

  • ЭКГ;

  • көп сағаттық рН-мониторингтеу (информативтілігі жетіспеген жағдайда асқазан ФЭГДС пен ренгеноскопиясы);

  • специалисттердің консультациясы-көрсеткіштер бойынша.

Эндоскопиялық белгілері бойынша классификация (Savary-Miller, 1993)

нөлдік дәреже - қалыпты шырышты қабат;

бірінші дәреже - өңештің дисталді үштен бір бөлігінде катаралды өзгерістер, шырышты қабат бетінінің 10% алатын бірлі жарым қосылмайтын эрозиялар;

екінші дәреже - өңештің дисталды үштен бір бөлігінің 50% алатын тегісқосылатын эрозиялар;

үшінші дәреже - өңештің бүкіл бетін қамтитын циркулярлы қосылуға бейім эрозиялар;

төртінші дәреже – ойық жаралы зақымданулар түрінде гі асқынулардың болуы, өңештің стриктурасы, Баррет өңеші, өңештің аденокарциномасы.

Асқынулары:

  • өңеш ойық жараларынан қан кету;

  • өңештің стриктурасы;

  • Баррет өңеші.

Емдеу

АӨРА кезіндегі тағайындалған ем мынаған бағытталуы керек: рефлюкстің

айқындылығын төмендету, өңештік клиренсті жоғарылату, өңештің шырышты қабатын қорғау. Тамақтану режимі бөлшектенген, күніне 5-6 рет, үлкен емес порциялармен. Тамақтың ұсынылған температурасы 15 тен 60 градусқа дейін. Науқастарға асқазандық патотлогиялық лақтырылуды жою мақсатында жалпы шаралар ұсынылады(кереуеттің бас жағын көтеріп қою, тамақ қабылдаған соң бірденнен жатпау, майлы тағамдарды қолдануды шектеу, темекі тартуды тастау, алкоголды қолдануды азайту және т.б.). Аталған бағдарлама эффективті болмаған жағдайда антацидтер тағайындалады. Эрозивті-ойық жаралы эзофагитте антисекреторлы препараттар жазылады (Н2-блокаторлар, протон помпасының ингибиторлары): ранитидин 150-300 мг күніне 2 рет, омепразол 20 мг, париет 20 мг күніне 1 рет.

Прокинетиктер төменгі өңештік сфинктрде қысымды, өңештік клиренсті жоғарылатады және асқазанішілік қысымды төмендетеді. Демек, осы топтың препараттарын тағайындау АӨРА кезінде патогенетикалық негізделген.Прокинетиктерді өңештің зақымдануымен жүретін склеродермияда, қант диабеті, асқынған висцералды полинейропатия фонында дамыған асқазан-өңештік рефлюс және эзофагитті емдеуде міндетті түрде беру қажет. Прокинетиктер өңештен тыс белгілермен көрінетін АӨРА-ң терапиясында көрсетілген. Осы қатардағы ДЗ эффекті холинорецепторларды стимуляциялау (холинэстеразаның ингибиторлары), серотониндік рецепторларды стимуляциялау, немесе дофаминдік рецепторларды блокадалау арқылы (метоклопрамид, домперидон) болады. Холиномиметиктер мен холинэстеразаның ингибиторлары жүйелі жанама әсеріне байланысты сирек тағайындалады. Экспериментте басқа топтың прокинетиктері зерттелініп жатыр: холецистокининнің антагонистері, -рецепторларының агонистері және басқалар,бірақ бұлар қазіргі уақытта клиникалық түрде қолданылмайды.

Метоклопрамид (Церукал) көп жылдар бойы практикада моториканың бұзылысымен жүретін асқорыту жүйесінің ауруларында қолданылып келе жатыр.Ол орталық және перифериялық дофаминдік рецепторлардың блокаторы болып табылады,мұндай «дублирленген» әсер жетерліктей мықты прокинетикалық потенциалды қамтамасыз етеді. Біршама препарат төменгі өңештік сфинктердің тонусын жоғарылатады,асқазанның жиырылғыштық қасиетін жоғарылатады, асқазанның антралды бөлігінің және он екі елі ішектің жиырылғыштығының координрлігін жақсартады, дуоденогастралды рефлюкстің пайда болуын ескертеді.Барлық осы эффектер асқазанішілік қысымды төмендеуіне,рефлюкстардың жиілігі мен көлемінің азаюына алып келеді.Ішке қабылдаған соң метоклопрамидтің әсері тез дамиды: қан плазмасындағы максималді концентрациясы 1 сағаттан кейін-ақ анықталады. Препараттың биолгиялық жеткілігі (80%) және үлкен емес жартылай шығару кезеңі (24 сағат ішінде бүйрек арқылы активті заттардың 80% шығарылады) оның оптималды фармакокинетикалық параметрлерін анықтайды. Метоклопрамид (Церукал) пациенттермен жақсы көтеріледі,жанама әсерлері аз ғана және қайтымды. АӨРА-да терапиясында метоклопрамидті ішке тағайындайды:үлкендерге және 14 жастан үлкен жасөспірімдерге 10-15 мг тәулігіне 3-4 рет (орташа емдеу курсы – 4-6 апта,бөлек жағдайларда 6 айға дейін). Препарат тамақтың алдында 30 минут бұрын қабылданады. 14 жасқа дейінгі балаларға бір реттік доза метоклопрамидтің 0,1 мг дене массасының 1 кг-на сәйкес құралады. Бүйрек функциясының төмендігінде препараттың дозасын өзгертеді.

Антацидтер маалокс – 15 мл тамақтан кейін 1 сағаттан соң және ұйықтар алдында, яғни симптомдардың кезеңдігіне байланысты күніне 4 рет.

Рецидивке қарсы ем (перманентті терапия)

Омепразолмен емдеу. АӨРА бар науқастардың 88%-да ремиссия 6 ай бойы сақталады.

Маалокспен емдеу барысында науқастардың 88%-да ремиссия 6 ай бойы сақталады.

Антирефлюксті хирургиялық ем

Көрсеткіштер:

-өңештің стриктурасы;

-геморрагиялық эзофагит, өңештің терең ойық жаралары, адекватты антирефлюкстік терапияға рефрактерлігі (АӨРА 3-4 стадиясы);

-қайталанатын пневмониямен немесе бронхиалды демікпемен жүретін АӨРА, адекватты антирефлюкстік терапияға рефрактерлігі (төменгі эзофагалды сфинктердің тонусы төмендеген фонында болған аспирация белгілерінің болуы);

-Барретөңеші кардиядан 2,5 см проксималді өңештің шырышты қабатының ішектік метаплазияланған шырышты қабатқа айналуы.

Лапароскопиялық антирефлюкстік хирургия қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]