- •050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •1 Студенттің өздік жұмысының мақсат-міндеттері мен маңызы
- •1.3 Өздік жұмысқа қойылатын талаптар:
- •2 «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен өздік жұмысы
- •2.1. Студенттердің өздік жұмысының мазмұны
- •2.2.Студенттердің өздік жұмыстарына ұсынылатын тақырыптар
- •050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы
- •050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен
- •Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
- •Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тест тапсырмалары
- •Әдебиетті іздеу, іріктеу
050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы
Павлодар-2013
Н. 4-72
БЕКІТЕМІН
ФжТФдеканы _________Қ.Текжанов
« » ____________ 201 ж.
Құрастырушы________ ф.ғ.д., профессор Сүтжанов С.Н.
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАНЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Кафедра мәжілісінде бекітілді.
“___” __________ 201__ ж. № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________ Ерғалиев Қ.С.
ФжТ факультетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
201 ж. “___” __________ № __ хаттама
ФжТФ оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы ________ Құралханова Б.Ш..
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі. «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы»пәнінде студенттерге көне түркі әдебиеті, орта ғасыр әдебиеті, Алтын орда дәуіріндегі әдебиет туралы толық әрі танымдық тағылым беру, қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланыста болғандығын жеткізу. Ежелгі түркі тілді әдебиет – бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру–ұлыстармен бірге жасаған көркем сөз өнері екендігін таныту.
Мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасыр әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын игеру; ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасыр әдебиеті туындыларының сюжетін білу; ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасыр әдебиетінің зерттелуін зерделеу.
Міндеттері:
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңін, оның ерекшеліктерін меңгерту;
ежелгі дәуір әдебиеті мұраларының зерттелу тарихын игерту;
ежелгі дәуір әдебиетін, оның мұраларын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен хабардар болу;
көне дәуір әдебиеті, Х-ХІІ ғасыр әдебиеті, ХІІІ-XV ғасыр әдебиеті шығармаларының мазмұнын жан-жақты игерту.
Студенттер білуі тиіс:
– ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасыр әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын игеру;
– ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасыр әдебиеті туындыларының сюжетін білу;
– ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасыр әдебиетінің зерттелуіне шолу жасау.
Студенттер істей білуі тиіс:
– көне түркі әдебиеті, Х-ХІІ ғасыр әдебиеті, ХІІІ-ХV ғасыр әдебиеті туындыларына әдеби талдау;
– ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасыр әдебиеті туындылары жайлы ғылыми ой-пікірлерді саралау;
– теориялық білім мен тәжірибешілік білімді ұштастыру.
Пререквизиттері:
– Халық ауыз әдебиеті;
– Фольклор
Н.4-67
050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы»пәні бойынша оқу жұмыс жоспарынан
КӨШІРМЕ
№ |
Оқу түрі |
Бақылау түрі |
Студенттердің сағат бойынша жұмыс көлемі |
Курстар бойынша сағаттың бөлінуі |
|||||||||||||||
емт |
к б |
кж |
ш б/ж |
РГР |
Барлығы |
Дәр |
Тәж. |
соөж Сөж |
|||||||||||
Жалпы |
ауд |
Сөж |
|||||||||||||||||
1 |
ҚФБ-11 |
4
|
|
|
|
|
135 |
45 |
90 |
2-семестр |
|||||||||
|
30 |
15 |
90
|
||||||||||||||||
Н.4-70
Пән мазмұны
Пәннің тақырыптық жоспары (ҚФБ-11)
№ п/п |
Тақырып атауы |
Сағат саны |
||
|
|
Дәр |
Тәж |
СӨЖ/СОӨЖ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Кіріспе. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар) Орхон жазуындағы жәдігерліктер. "Күлтегін " жырының көркемдік ерекшеліктері |
3 |
1 |
9 |
2 |
Қорқыт ата кітабы ("Китаби дедем Коркуд"). Оғыз-наме ("Оғыз-қаған" эпосы) |
3 |
1 |
9 |
3 |
Әбу Насыр Әл Фараби (870-950). Х ХІІ ғасырлардағы әдебиет. Махмұт Қашғари «Дивани лұғат ат түрк»(“Түркі сөздерінің жинағы”) |
3 |
2 |
9 |
4 |
Жүсіп Баласағұн "Құтадғу біліг " ("Құтты білік "). Ахмед Иүгінеки. "Хибатул-Хакайық" ("Ақиқат сыйы") |
3 |
1 |
9 |
5 |
Қожа Ахмет Иассауи. «Даналық кітабы». Сүлеймен Бақырғани. "Бақырғани кітабы" |
3 |
2 |
9 |
6 |
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХШ-ХУ ғасырлар). Насреддин Рабғузи. "Рабғузи қиссалары "Кодекс Куманикус". |
3 |
2 |
9 |
7 |
Xорезми. "Мүхаббат-наме ". Құтб. "Хұсрау-Шырын " дастаны. |
3 |
2 |
9 |
8 |
Сайф Сарай. «Гулистан бит-түрки» («Түркі тіліндегі Гүлістан». Дүр б е к "Жүсіп-Зылиха"дастаны. |
3 |
2 |
9 |
9 |
Әбілғазы. «Шежіре-и түрк» («Түркі шежіресі»). Қадырғали Жалаиыри. «Жами-ат тауарих» («Шежірелер жинағы») |
3 |
1 |
9 |
10 |
Хайдар Дулати. «Тарихи-и Рашиди» («Рашидтің тарихы»). Б а б ы р. «Бабырнама» |
3 |
1 |
9 |
Барлығы: |
30 |
15 |
90 |
|
Дәріс тақырыптарының мазмұны
Тақырып №1. Көне түркі әдебиеті.
Мазмұны: Ежелгі әдеби жәдігерліктердің зерттелуі. Түркітанушы және шығыстанушы ғалымдардың ежелгі әдеби жәдігерліктерді іздестіру, көне қолжазбалардың мәтінін сараптау, басқа тілдерге тәржіма жасау, баспасөзде жариялау істерімен айналысуы. Көне түркі әдеби тілінің оғыз-қыпшақ, көне өзбек, қыпшақ-оғыз, көне түрікмен т.б. варианттарында жазылған туындылар табылып, олар әдеби, тарихи, тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеле басталуы. Кейбірі еуропа және орыс тілдеріне тәржіма жасалуы.Бұл іске белсене араласқан шығыс-түркі танушы зерттеушілердің құнды еңбектер жазуы.
Тақырып №2. Қорқыт ата кітабы ("Китаби дедем Коркуд"). Оғыз-наме ("Оғыз-қаған" эпосы)
Мазмұны: Қорқыт ата кітабы. Қорқыт ата – түркі халықтарының бәріне ортақ , ұлы ойшыл – кемеңгер, жырау, күйші-қобызшы. «Қорқыт ата кітабы» – түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт- санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы – сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. мәнін жоймаған аса құнды көркем туынды екендігі.
Қазақстан ғалымдарынан "Оғыз-қаған" эпосы зерттеу, аудару, насихаттау ісіне Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншалиев, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Өмірәлиев, Ш.Ыбыраев белсене ат салысуы. "Оғыз-қаған" эпосы сол кездегі оғыз-қыпшақ тайпаларының бәріне бірдей түсінікті көне түркі тілін жазылғандығы.
Тақырып №3. Әбу Насыр Әл Фараби (870-950). Х ХІІ ғасырлардағы әдебиет. Махмұт Қашғари «Дивани лұғат ат түрк»(“Түркі сөздерінің жинағы”).
Мазмұны: Әбу-Наср әл-Фараби – энцикл-т, ғалым, философ, матем-к, музыка теоретигі, әд. зерттеушісі, ақын. Фараби Отырар қаласында әскери қызметкердің отбасында туғандығы. Жасынан зерек, оқу-білімге құштар болып өскен Фараби философия, логика, математика, астрономия, медецина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша жазған еңбектері жөнінде. Бізге жеткен Фараби еңбектерінің тізімі.
Махмұт Қашқари – түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым екендігі. Ол көп тілдік этнографиялық деректер мен ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алай жүріп, «Түркі тілдері жинағы» атты еңбегі өмірге әкелгендігі. М.Қ.– тіл білімі мен әдебиетіне қатысты екі үлкен еңбек жазған. Бірі «түркі тілдерінің синтаксисі, қағидалары». Бұл еңбек бізге жетпеген. Ал екінші еңбегі – «Диуани лұғат ат түрік» (түркі сөздерінің жинағы). «Диуани-лұғат ат түрк» қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра болып табылатындығы.
Тақырып №4. Жүсіп Баласағұн "Құтадғу біліг " ("Құтты білік "). Ахмед Иүгінеки. "Хибатул-Хакайық" ("Ақиқат сыйы")
Мазмұны:Жүсіп Балсағұн өз өмірі мен ақындық, қызметі жайындағы кейбір деректерді «Құты білік» дастанынның сонғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әнгіме ететіндігі. Академик В.В.Бартольдтың пайымдауынша, Баласағұн қаласы Жетісу өңірінде, Шу өзенінің бойындағы Тоқымақ қаласына жақын жерде екендігі.
Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Йгүнеки еді. Ислам дәуірінің атақты ақыны Ахмет Йгүнекидің бізге жеткен жалғыз туындысы- «Хибату – хақайық» (Ақиқат сыйы) еңбегінің мән-маңызы туралы түсінік.
Тақырып №5. Қожа Ахмет Иассауи. «Даналық кітабы». Сүлеймен Бақырғани. "Бақырғани кітабы".
Мазмұны: Қожа Ахмет Йассауи – сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын. Ақынның толық аты-жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи. Ақынның туған жылы ғылымда анық емес, ал 1166 жылы қайтыс болғаны туралы нақты жазба деректер барлығы.
Ақын мұрасы тек XIX ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан, Ташкент, және Стамбул баспаларынан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846,1877,1882,1898 ж.ж.)басылып шыққандығы.
«Бақырғани кітабы» - түркі тілдес халықтардың XIX ғасырдан сақталған сопылық- дидактикалық ағымдағы алғашқы әдеби жәдігерліктерінің бірі. Бұл жыр жинағы орта ғасырлық қазақ әдебиетінің де мұрасы болып табылатындығы.
Тақырып №6. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Насреддин Рабғузи. "Рабғузи қиссалары ,"Кодекс Куманикус".
Мазмұны: Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті туындысы – «Рабғузи қиссалары». Оның авторы – Насреддин Рабғузи. Ғұмырнамасы мен шығармашылығы жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік ерекшеліктері атап өту.
"Кодекс Куманикус"(“Қумандардың кітабы”) атты мұра Венециядағы Марк әулиенің шіркеуінде табылғандығы, авторы белгісіз және түпнұсқа бір ғана дана екендігі жөнінде. Сонымен қатар, шығарманың ХІІІ-ХІV ғасырларда жазылғандығы, 82 парақтан және екі бөлімнен тұратындығы.
Тақырып №7. Xорезми. "Мүхаббат-наме ". Құтб. "Хұсрау-Шырын " дастаны.
Мазмұны: Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат наме» дастаны. Оны жазған – ақын Хорезми. Оның Жәнібек хан тұсында өмір сүргендігі. Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат наме» дастанын жазғандығы. Екі қолжазба нұсқасы жеткендігі. Екі нұсқаның да фотокөшірмесін алғандығы. Бірі 1432 ж. Ұйғыр әрпімен көшірілген. Ал араб әрпімен жазылған нұсқасы 1509 ж. көшірілген. Араб нұсқасы әлдеқайда кең әрі толық сақталғандығы.
Құтбтың "Хұсрау-Шырын " дастаны дастаны қазақ оқырманы арасында ерте кезден-ақ тарағандығы. Әзірбайжан халқының кемеңгр ақыны Низамидың «Хұсрау мен Шырын» поэмасын Құтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылдары аударғандығы. Дастанда Құтб ақынның өзі жазған жыр жолдары да бары және дастанның 91 тараудан тұратындығы.
Тақырып №8. Сайф Сарай. «Гулистан бит-түрки» («Түркі тіліндегі Гүлістан». Дүрбек "Жүсіп-Зылиха"дастаны.
Мазмұны: Сайф Сараи – Алтын орда әдеб-ң көрнекті өкілдерінің бірі. Ол лирик және эпик ақын ретінде түркі тектес хал-р әд-нің дами түсуіне мол үлес қосқандығы. Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында. Сайф Сараидің жалғыз көлемді еңбегі «Гүлістан бит-түрки» деп аталадығы. Бұл еңбекті ақын Сырдария өзені бойында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жазып бітіргендігі. Бұл парсы-тәжік әдеб-ң классигі Сағди Ширазидің «Гүлістан» атты шығ-ң еркін аудармасы екендігі. Ал С.Сараи «Гүлістанды» қыпшақ тіліне аударып біткені жайында өз кітабының соңында мәлімет беретіндігі.
Дүрбек ақынның "Жүсіп-Зылиха"дастанын 1409 жылы жазғандығы жөніндегі мәліметтер. Дүрбек ақынның «Жүсіп пен Зылиха» дастаны - Алтын Орда дәуір әдебиетінің классикалық үлгісінде жазылған туынды екенін дәлелдей келіп, арғытегі қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ тілдерінің бірі болып келетінін, көне өзбек тілінде жазылғандығы.
Тақырып №9. Әбілғазы. «Шежіре-и түрк» («Түркі шежіресі»). Қадырғали Жалаиыри. «Жами-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»)
Мазмұны: Әбілғазы Баһадүрхан түркі халықтарының ежелгі шежіресін жазған ғұлама тарихшы, есімі мәшһүр шежіреші екендігі. Әбілғазы Үргеніш қаласындағы Арысхан медресесінде оқып, шығыстың аса білікті ғалымдарынан әлем тарихы, поэзия, мемлекетті басқару мен әскери өнер бойынша дәріс алғандағы.
Қадырғали Жалайыридің "Шежірелер жинағында"(1602 ж.) X1Y-XYI ғасырлардағы қазак елінің ішкі, сыртқы жағдайы, баска елдермен карым-қатынасы, бірқатар қазақ хандарының генеологиясы, қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік оқиғалар баяндалады.
Тақырып №10. Хайдар Дулати. «Тарихи-и Рашиди» («Рашидтің тарихы»). Б а б ы р Захириддин Мұхаммед Бабыр «Тарих-и Рашиди».
Мазмұны: «Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы екендігі. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVІ ғасырларға қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында, сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазатындығы. Ғалым, қаламгер сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдыруы.
Захириддин Мұхаммед Бабыр – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақшы тарихшы екендігі. Бабырдың әкесі Омар Шейх - әйгілі Әмір Темірге туажат болып келетіндігі. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр (арабша «бабур» - арыстан деген сөз) деп атап кеткендігі. Бабырдың мақсаты – Әмудария мен Сырдария аралығында, яғни Мауреннахрда бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру болғандығы.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып №1. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар) Орхон жазуындағы жәдігерліктер. "Күлтегін " жырының көркемдік ерекшеліктері.
1. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон ескерткішінің мазмұны, мақсаты. Оғыз дәуіріндегі әдебиет
2. «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандарынынң көркемдік ерекшелігін талдау. Композициялық құрылысын, идеялық мазмұнын айқындау.
3. «Күлтегін жыры» көркемдік ерекшелігі, композициялық құрылысы, идеялық мазмұны.
Тақырып №2. Қорқыт ата кітабы ("Китаби дедем Коркуд"). Оғыз-наме ("Оғыз-қаған" эпосы).
1. «Қорқыт ата кітабы» қолжазба нұсқалары, зерттелуі, аударылуы, композициялық құрылысы.
2. «Оғыз-қаған" эпосын қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ.Өмірәлиевтің ғьлыми еңбектері
3. «Оғыз наме» эпосы мен «Қобыланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. «Оғыз-қаған" эпосы және батырлар жырымен үндестігі
Тақырып №3. Әбу Насыр Әл Фараби (870-950). Махмұт Қашғари «Дивани лұғат ат түрк»(“Түркі сөздерінің жинағы”).
1. Әбу Насыр Әл Фараби – энцеклопедист ғалым әрі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз.
2. Фарабидің әдебиетке қатысты еңбектері.
3. Махмұд Қашқаридың «Диуани лүғат ат-түрік» сөздігі.«Диуани лүғат ат-түрік» сөздігінің әдеби мәні.
Тақырып №4. Жүсіп Баласағұн "Құтадғу біліг " ("Құтты білік "). Ахмед Иүгінеки. "Хибатул-Хакайық" ("Ақиқат сыйы")
1. "Құтты білік" дастанын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, бастырып шығарушылар.
2. Дастанның басты идеясы. Дастанның көркемдік ерекшеліктері.
3. Ерлікті мадақтау. Жинақтағы мақл-мәтелдер. «Қыс пен жаздың айтысын» жаттау1 Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабынының мазмұны мен мәні. Композициялық құрылысы мен идеялық мазмұны.
4. Оқу-білім туралы, мораль, мінез-құлық туралы даналық сөздеріне талдау, үзінді жаттау.
Тақырып №5. Қожа Ахмет Иассауи. «Даналық кітабы». Сүлеймен Бақырғани. "Бақырғани кітабы".
1. Қожа Ахмет Иассауи еңбегінің зерттелуі мен жариялануы.
2. «Диуани хикметтегі» сопылық таным-түсінік.
3. Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабының» тәлім-тәрбиелік мәні.
Тақырып №6. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Насреддин Рабғузи. "Рабғузи қиссалары ,"Кодекс Куманикус".
1. "Рабғузи қиссаларындағы" қоғамдық өмір, хикаялар, аңыз-әңгімелер.
2. «Кодекс куманикус» сөздігі және оның түпнұсқасы.
3. «Кодекс куманикус» сөздігінде қолданылған мақал –мәтелдер, табиғат жайлы өлеңдер, ұлағатты сөздер,
Тақырып №7. Xорезми. "Мүхаббат-наме ". Құтб. "Хұсрау-Шырын " дастаны.
"Мұхаббат-наме" дастаны - Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі.
Құтбтың "Хұсрау-Шырын" дастанының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.
«Мұхаббат нама» дастанының құрылысы, көркемдік ерекшеліктері
Тақырып №8. Сайф Сарай. «Гулистан бит-түрки» («Түркі тіліндегі Гүлістан». Дүрбек "Жүсіп-Зылиха"дастаны.
1."Гулистан бит-гүркидің"(1391 ж.) - көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу құралдары, тілі.
2. Дүрбек өмірі. «Жүсіп –Зылиха» дастанының негізгі идеясы. Дастанның басты қаһармандары.
3. «Жүсіп-Зылиха» дастанындағы оқиға желісі.
Тақырып №9. Әбілғазы. «Шежіре-и түрк» («Түркі шежіресі»). Қадырғали Жалайыри. «Жами-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»)
1. Әбілғазы Бахадүрдің «Шежіре-и түрк» («Түркі шежіресі»). Алғаш табылуы, тәржіма жасалуы, түркітану ғылымы тұрғысынан зерттелуі
2. Қадырғали Жалайыри. «Жами-ат тауарих» («Шежірелер жинағы») «Түрік шежіресінің» 9 тарауымен «Шежірелер жинағын» «Оғыз наме» эпосымен салыстыру
3. «Жамиғат тауарих» шежіресінің қазақ тарихына қатыстылығы.
Тақырып №9. Хайдар Дулати. «Тарихи-и Рашиди» («Рашидтің тарихы»). Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасы».
«Тарихи-и Рашиди» («Рашидтің тарихы») жылнамасының тарихи маңызы.
2. «Бабыр наманың» зерттелуі, аударылуы, басылу ісі.
3. Бабырдың «Бабырнамасындағы» түркі ұлыстарына қатысты мәліметтер.
Студенттің өздік жұмыс түрлерінің мазмұны
Орындауға әдістемелік нұсқаулар: Студент өз тақырыбына қатысты әдебиеттердегі, оқу құралдарымен, материалдармен танысып шығуы тиіс. Теориялық материалдарды өздігінен қарастырып, сараптап, жүйелі түрде беруі керек. Әр пікір тәжірибелік жұмыспен, мысалмен дәлелденуі керек Жұмыс жазбаша және ауызша тапсырылады.
№ |
СӨЖ түрі |
Есеп түрі |
Бақылау түрі |
|
|
1 |
Дәріске дайындық |
|
Сабақ айту |
|
|
2 |
Тәжірибешілік сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын орындау |
Конспект |
Сабақ айту |
|
|
3 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
|
|
4 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
|
|
5 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
|
|
6 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
|
|
7 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
|
|
8 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
|
|
9 |
Қорытынды бақылауға дайындық |
|
Коллоквиум (Тест) |
|
|
|
Барлығы |
|
|||
