Әдебиетті іздеу, іріктеу
Әрбір
өздік жұмыстың тақырыбына байланысты
оқылатын, зерттелетін негізгі көркем
шығармалар мен әдеби-сын еңбектер
көрсетіледі. Ал тақырыпты терең зерттеп,
жаңа бір қырын көрсету үшін қажет әдебиет
көп болады. Таңдап алған тақырыпқа
байланысты көркем шығармалар мен зерттеу
кітаптарды, сын мақалаларды студенттің
өзі іздеп тауып, тізімін жасап шығуға
міндетті. Бұл істі орындау барысында
студент кітапханалардың каталогтарын,
газет-журнал мақалаларының көрсеткішін
пайдалануды үйренеді. Ғылыми мекемелер,
кітап шығаратын арнаулы библиографиялық
көрсеткіштерді де пайдаланудың жәрдемі
зор.
Жиналған
материалды мұқият зерттегеннен кейін
өздік жұмыстың бағыт – бағдары, негізгі
мазмұны айқындалады. Бақылау жұмысында
қарастырылатын негізгі мәселелер,
өзекті ойлар тармақтала түскені дұрыс
болады.