- •1 Модуль. Информатиканың негізгі түсініктері. Эвм архитектурасы №1.1 практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар
- •Студенттерге өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар
- •№1.2 Практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар.
- •№1.3 Практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар
- •5.Жаңа бума құру.
- •Notepad [Блокнот] редакторының көмегімен шағын текстік құжат құру.
- •3. «Мой компьютер» белгісінің көмегімен навигациялау.
- •4. Проводник программасының көмегімен навигациялау.
- •7. Жылжыту әдісі көмегімен жарлық құру.
- •8. Жарлық белгісін өзгерту.
- •Жарлық белгісінің атауын өзгерту үшін төменде көрсетілгендей орындаңыз:
- •10. Өшірілген объектілерді қалпына келтіру.
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
- •1. Ms Word редакторында жаңа құжат құру.
- •2.Мәтін теру.
- •3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
- •Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость
- •2 Модуль. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
- •Кестені Конструктор режимінде құру пунктін таңдау;
- •Негізгі теориялық мағлұматтар
- •Блиц-тест
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Мысал 2. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.
- •Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:
- •1000 Кіші, 2 бөлгенде қалдық 1, 3 бөлгенде қалдық 2, 4 бөлгенде қалдық 3, 5 бөлгенде қалдық 4, 6 бөлгенде қалдық 5, ал 7 бөлгенде қалдық 6 қалатын сандарды іздеу.
- •Зертханалық жұмыстар
- •Негізгі теориялық мағлұматтар
- •Блиц-тест
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •№1 Сабақ.
- •№2 Сабақ.
- •№3 Сабақ.
- •№4 Сабақ.
- •№5 Сабақ.
- •№6 Сабақ.
- •1. «Студенттер»
- •2. «Қызметкерлер»
- •3. «Кітапхана»
- •4. «Теннисисттер»
- •5. «Фильмотека»
- •Үй тапсырмалары
- •1 Модуль. Информатиканың негізгі түсініктері. Эвм архитектурасы.
- •2 Модуль. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
- •92. Электронды кестедегі ұяшық адресі– бұл:
- •Арнайы кабинеттер, аудиториялар мен зертханалар тізімі.
- •Мазмұны
2.Мәтін теру.
2.1.Проводник программасының көмегімен “Қауіпсіздік ережесі” файлын ашыңыз.
2.2.Текст теруді жалғастырыңыз
6.Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар Студентті компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет:
|
2.3.Біріккен текстің шрифт өлшемін – 12, шрифт атын – KZArial өзгертіңіз.
Текст маркерлерін өзгертіңіз.
Текстке стиль кітапханасын қолданыңыз (Главная →Стили).
Текстке колонканы қолданыңыз, типі –3 (Разметка страницы→Колонки)
3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
3.1.Құжат құрыңыз.
3.2.Өз бумаңызда құжатты «Интернет» атымен сақтаңыз.
3.3.Әрбір 5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.
3.4.Төмендегі мәтінді теріңіз (шрифт өлшемі–14, шрифт аты - ТimesNewRoman):
Интернет дегеніміз не? Интернет – кез-келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен (большой) ауқымды желі деп атайды. WorldWideWeb(WWW) дүниежүзілік тармақталған желісі - бұл Интернеттің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. WWWИнтернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық өрмек деп айтса да болады. |
Бірінші жолға Заголовок 1 стилін қолданыңыз (Главная →Стили).
Негізгі тексті (ұзындығы) ені бойынша тегістеңдер (Главная→ Абзац→ Отступы и интервалы→Выравнивание→По ширине).
Негізгі текст үшін 1 см-ге тең абзац орнатыңдар. (Главная→Абзац→ Отступы и интервалы→Первая строка→Отступ – на 1см).
Негізгі текст үшін сол және оң шегіністер орнатыңдар (Главная→ Абзац→ Отступы и интервалы→Отступ→слева: 0,5см; справа: 1,5см).
Жоларалық интервалды 17 пункткетең орнатыңдар (Главная→Абзац→ Отступы и интервалы→межстрочный→точно - значение 17 ).
Абзац арасында қосымша интервалдар орнатыңдар (Главная→Абзац→ Отступы и интервалы→Интервал→перед: 12пт)
Негізгі тексте Интернет сөзін курсивпен жазыңдар.
“большой” сөзін оның синонимы “крупный” сөзімен ауыстырыңдар, ол үшін оны ерекшелеп Рецензирование→Тезарус командасын орындаңыз немесе Shift+F7 пернелерін басыңыз.
Қателерін түзетіңдер F7.
Өзгертулерді ескеріп, құжатты сақтаңдар
Практикалық жұмыстың орындалуы туралы есебінің формасы.
Есепте мына тапсырмалар болуы керек.
1. Жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығуларды ДК-де орындап, сақтау.
2. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалардың орындалу реттерін түсіндіре білу және электрондық түрін көрсету.
Блиц-тест
1. Word редакторында ерекшеленген мәтінді, санды және объектіні сол жақ шетi бойынша тегістеу үшін (Дұрыс емес нұсқаны таңдаңыз!):
Ctrl+R пернелер комбинациясын басу керек.
Ctrl+L пернелер комбинациясын басу керек.
Жанама менюден <Абзац> қатарын таңдап, <Шегіністер мен интервалдар> бүктемесінен «сол жақ шеті бойынша» тегістеуді таңдаукерек.
<Негізгі-Абзац> командасының <Шегіністер мен интервалдар> бүктемесінен «сол жақ шеті бойынша» тегістеуді таңдау керек.
Пішімдеу саймандар тақтасының
батырмасын басу керек.
2. Мәтіннің бip бөлігін қиьш алу үшін орындалатын әрекеттер тізімі:
Мәтінді белгілеп алу - Негізгі(Главная) - Қиьш алу(Вырезать)
Мәтінді белгілеп алу - Файл - Қиып алу(Вырезать)
Мәтінді белгілеп алу - Сервис - Қиып алу(Вырезать)
Mәтінді белгілеп алу - Kipicтipy(B ставка) -Қиып алу(Вырезать)
Мәтінді белгілеп алу - Пішімдеу(Формат) - Қиьш алу(Вырезать)
3. MS Word редакторында жұмыс жасауда Kөшіpyкомандасы пайдаланылады:
Буферге бөліп алынған үзіндіні көшіреді.
Буферге бөліп алынған үзіндші экраннан өшіреді.
Буферге қиып алынған үзіндіні көшіреді
Экранда бұл үзіндінің eкінші көшірмесі жазады.
Бөлініп алынған үзіндіні жаңа файлға жазады.
4. Word. Айналу белдеулері не үшін қажет?
Файл бойымен жылжу үшін
Файлдарды жою үшін
Файлдьң қажет емес фрагментін жасыру үшін
Алдын ала керу үшін
Файлды сақтау үшін
5. MS Word редакторында саймандар панеліндегі қайшы белгісінің функциясы:
Ерекшеленген фрагментті қиьш және алмасу буферіне сақтау.
Алмасу буферіне көшіру.
Жаңа құжат құру.
Белгіленген фрагментті өшіру.
Алмасу буферінен ерекшеленген
Бақылау сұрақтары.
MS Word-тың ролі және қолданылуы.
Word тексттік редакторында терезе элементтері, атқаратын қызметі.
Құжат құру қандай жолмен жүзеге асады?
Саймандар панелі дегеніміз не?
Құжатты сақтау қандай жолмен жасалады? Парақ параметрлерін өзгеру.
Туралау дегеніміз не?
Word жұмыс ортасына басқа объектілерді қою.
Форматтау туралы не білесіз?
Парақтарға нумерация қалай қойылады?
Глоссарий.
CTRL+S пернелерін бау арқылы құжатты сақтауға болады.
Page Up және Page Down – парақтан параққа сәйкесінше жоғары және төмен жылжуға болады.
Әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]
№ 1.5 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Кестелер және шекаралар. Текстке енгізілген графикалық объектілерді өңдеу. Формула редакторы.
Сабақтың мақсаты: Windows ОЖ-де MS Word редакторының көмегімен кестелер жасауды және оларды қалай форматтау керектігін үйрету. Векторлық және растрлық графика ұғымдарымен танысу, кескінді құжатқа қою және редакторлеуді үйрену. Формулар редакторын қолдану.
Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, MS Word программасы бар орта, Word тексттік редакторында кестелер жасау туралы мағлұматтар.
Жұмыс жасау реті және мазмұны:
Текст iшiнe кесте салу, оның элементтерімен танысу;
Кесте бөліктерін және оның ішіндегі тексті форматтау.
Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдетіп, әр түрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.
1-тапсырма
Кесте кұру үшін мыналарды орындау кажет:
Жаңа құжат құрып, оған «Қатысым ведомості» депат қойыңыз.
Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.
Тақырып атын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифт – KZ Аrial, өлшемі – 18, асты сызылған.
Тексті екі жақ шетке туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, өлшемі – 14.
Әрбір 5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.
Студенттер журналының кестесін құрыңыз (Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость деп аталатын кесте төменде келтірілген). Ол үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңызКестені кірістіру командасын таңдаңыз. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.
Лента- бұл Word бағдарламасының бұрыңғы нұсқаларында бар жол менюін және құрал саймандар панелін алмастыратын Word 2007 терезесінің басты элементтерінің бірі.
