- •2. Сүттің құрамы
- •3. Сүттің химиялық құрамы
- •3.1. Сүттегі минералды заттар
- •3.4. Сүт ферменттері
- •5. Буйвол сүті
- •2. Айран
- •15 Тақырып. Сары май алу технологиясы. Ірімшік дайындау технологиясы. Өнеркәсіптік жолмен дайындалатын сүт тағамдары мен сусындар.
- •1.1. Тұздалған сүт қышқылды сары май және тәтті сары май
- •1.2. Сары май алудың технологиялық схемасы
- •1.4. Май шайқауға әсер ететін факторлар
- •1.5. Майдың ақаулары
- •2. Ірімшік дайындау технологиясы.
- •2.1. Балқытылған ірімшіктер
- •2.2. Сүтті ұйыту.
- •2.3. Ірімшікті қалыпқа салу
- •2.4. Ірімшіктің жетілу кезінде сүт құрамындағы заттардың өзгеруі
- •2.3. Өнеркәсіптік жолмен дайындалатын сүт тағамдары мен сусындар Простокваша
- •Кәдімгі простокваша
- •Мечников простоквашасы
- •Оңтүстік простоквашасы
- •Ацидофилъді простокваша
- •Варенец
- •Ряженка
- •Сиыр сүтінен дайындалатын қымыз
- •Қымыз типтес сусын
- •Сүт квасы
- •Сүт белогы
- •Тағамдық казеин
- •Шұбат жасау
- •Ірімшік қайнату
- •Брынза жасау
- •Балмұздақ
- •Қаймақ жасау
- •Сүзбе жасау
2.4. Ірімшіктің жетілу кезінде сүт құрамындағы заттардың өзгеруі
Сүт қанты. Ірімшіктің қүрамындағы лактоза жетілген кезде 5-10 күннің ішінде толығымен ажырап, сүт қышқылын түзеді. Сонымен қатар басқа да органикалық қышқылдар (құмырсқа, сірке, пропион, май), этил спирті, көміртегі газы, жағымды иісі бар диацетил, ацетон т. б. түзіледі. Сүт қышқылының ірімшікте түзілуі бактериялық ашытқының көлемі мен түріне байланысты мәселе. Қатты әрі үлкен ірімшіктердің құрамында сүт қышқылы 1,3-1,4%, ұсақтарында 1,6-1,8%, ал жұмсақ ірімшіктерде 2-2,3% болады. Жетіліп болған ірімшіктерде сүт қышқылы 0,4-1 процентке дейін азаяды. Себебі белоктардың ыдыраған кезінде кейбір сілтілік заттармен бейтараптанады. Ал кейбір жағдайда пропион және май қышқылы бактериялардың көмегімен әрі қарай ыдырайды.
Белоктардың өзгеруі негізінен ірімшік жасаудағы негізгі фактор. Ірімшіктің консистенциясы, «суреті», органолептикалық көрсеткіштері белоктың осы жетілген кезіндегі ыдырауынан болатын өзгерістер. Мәйектің және белокқа әсер ететін ферменттердің әсерінен ірімшіктің құрамындагы белоктар суда еритін азоттык, қосылыстарға ажырайды. Олар амин қышқылдары, белок тектес заттар, аммиак т. б. Жетіліп келе жатқан ірімшікте амин қышқылдары жиналады. Осылай жетіліп келе жатқанда амин қышқылдарының біреулерінің мөлшері көбейіп, біреулерінікі азайып, алмасып отырады. Кейбіреулері бір-біріне айналады, ал енді біреулері аммиак жоғалтады, кейбіреулері кето қышқылдарымеп қосылып, басқа амин қышқылдарына айналады Босап шыққан аздаған қышқылдар, аминдер, альдегидтер, карбол қышқылдары ірімшіктін дәмі мен иісін толықтыра түседі.
Ірімшіктегі майда жетілу кезінде әр түрлі өзгерістерге түседі. Липазаның әсерінен май қышқылы, ұшып шығатын май қышқылдары пайда болады. Олар ірімшіктің дәмін одан сайык жақсарта түседі.
2.3. Өнеркәсіптік жолмен дайындалатын сүт тағамдары мен сусындар Простокваша
Простокваша — көп тараған ашытылған сүт тағамы. Простоквашаның көптеген түрлерін дайындауға болады. Олар: кәдімгі простокваша, мечников простоквашасы, оңтүстік ацидофильді, варенец, ряженка және йогурт болып бөлінеді.
Простоквашаны дайындау технологиясы бір-дей болғанымен, сүтті жогары температурамен өңдеу шартына және хош иісті қоспаларына (қант, кілегей, даршын, ванилин, жеміс-жидек шырыны) байланысты бірнеше түрге бөледі.
Кәдімгі простокваша
Бүл пастерленген сүттен дайындалады, онша ащы болмайды. Кәдімгі простоквашаны дайындауға тек қана сүт қышқылды стрептококктар пайдаланылады. Қышқылдығыныңжоғары болмауы себепті (80-100 °Т) кәдімгі простокваша диеталық тағам ретінде пайдаланылады.
Мечников простоквашасы
Бұл пастерленген сүтті сүт қышқылды стрептококктар және болгар таяқша пішінді бактериялармен үйытады. Болгар таяқша пішінді бактериялары ұйындыға қышқыл дәмі (80-100 °Т), біртектілік және омырылмалы тығыздық қасиетін береді.
Сүтті 38 °С жылылықта ашытады да, 5-6 сағат ұстайды. Ұйынды кейін салқындатқыш камерада сақталады.
Оңтүстік простоквашасы
Бұл стерилденген сүтке болгар таяқша пішінді бактериялары жылылықты сүйетін сүт қышқылды стрептококктарды және сүт ашытқыш дрожжаларын қосып ашыту арқылы алады.
Бактериялы ашытқылар қышқылдықтың жоғарылауына әсерін тигізеді, сондықтан даяр болған тағамның қышқылдығы 140-150°Т болады. Сүтке ашытқыны 40-45 °С температурада құйып, ашытады да, тез арада суытып, 6-8°С температурада сақтайды.
«Южная» простоквашасының технологиясы бойынша жеміс-жидек шырынын қосып және қант араластырып, «Снежок» сусынын дайындайды.
