Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жергілікті-бюджет.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393 Кб
Скачать
☆

1. Кірістерді болжамдау Кесте-2.

Кірістер мониторингі:

  1. болжамды нақты түсімдермен салыстыру

  2. болжамды анықтау.

Мәліметтерді жаңарту:

  1. салық түрлері мен төлемдердің ай бойы түсімдері

  2. аймақтар дамуының көрсеткіштері

Заңнамалық база мен экономикалық ахуалды талдау:

  1. аймақтар бойынша экономикалық ахуал.

  2. заңнамалардың өзгерістері

Кірістер болжамы:

  1. болжамды қалыптастыруға қажетті көрсеткіштер

  2. есептемелер

1.3. Алымдар мен төлемдерді жоспарлау.

Салықтан басқа Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер іс- әрекет етеді.

Алымдар , баждар және төлемдер деп әдетте заңда және жеке тұлғалардың мемлекеттік орындардың оларға көрсететін қызметтері үшін төлемдерін айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеуі ,қызметін дамытып , жетілдіру үшін түгелдей қарамағына түседі.

Алымдармен төлемдерді төлеу көбінесе қаржы аспектілерінде сондай- ақ мүліктік құқықтарда , техникалық рәсімдер мен тіркеулерді, объектінің қызметтің белгілі бір халін біріктіруді рәсімдеумен байланыстырады да қоса қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдерді салық салу объектілерінде сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

Алымдарды төлеудің қажеттігін тудыратын қызмет түрлерінің сан алуандығы олардың көбісін тиісті қызмет көрсетулерге көбінесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы қызмет көрсетуге көшіп отырған және қаралып отырған операциялар қаржылықтан куәлігі- тауар ақша қатынастарына түрленіп отарған нарықтық қатынастар жағдайында бұл төлеушілердің физикалық және тарифтік бағалық сипатының ұштасуы өрістеді

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. [1,4-бет]

Салық кодексі және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін. Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мн төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу обьектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз. [5, 3-бет]

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын обьектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын обьектісі және салық салумен байланысты обьектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.;

Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу обьектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсалютік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі – бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп, белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.

Қазақстан Республикасындағы салық заңы – мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631 «Төленетін ағымдағы табыс салығы», 632 «Кейінге қалдырылған табыс салмағы», 633 «Қосылған құн салығы», 634 «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шоттары кіреді.

Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бджетпен есеп айырысу 631 «Төлеуге жататын ағымдағы табыс салығы» деген пассивтік шотында жүреді.