Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жергілікті-бюджет.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393 Кб
Скачать
☆

Іі бөлім. Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.

2.1. Бюджет кірісінің жіктемесі.

Жергілікті қаржылық билік пен басқарудың жергіілкті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рол беріледі.

Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда : кәсіпорындармен мемлекет арасындағы, меншікті барлық нысандарындағы макроэкономикалық өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері бюджет буындары арасында , мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай айналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру.

Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып , олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомостваға қарасты аумақтарды оларға инфрақұрылымды дамытуға , аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге , қаржы ресурстары резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп , жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рол атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылығы дамыған , әкімшілік- аймақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартуға , сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті қаржының маңызын дәлелдеп отыр.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30 пайыздан 60 пайызға дейін қайта бөледі және аймақтық өндіргіш күштерін , бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда , нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рол атқарады.

Олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді(жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы , көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);

Жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп қоғамдық өндіріске жанама ықпалы жасалады:

Тұтынудың қоғамдық қорларын бөле отырып жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың және аудандардың бюджетін қамтиды. Қазіргі кезде қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістер мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттар көлемінің 50 пайыз аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджеттің жиынтығын құрайды.

Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді:

  • дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;

  • қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.

Екінші тенденция жергілікті орындардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.

Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикаыс жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды.

Бюджеттің дербестігі деп аймақтың басқару органы бекітіліп берілген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер меншығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуыбасқарудың аймақтың органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттілігін орынды , өндірістің нақтылы жай күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса , бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының қазіргі деңгейі , бюджеттің өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты , нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттердің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы аз айтуға

мүмкіндік бермейді.Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымдық халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткілікті қағидаттары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік- шаруашылық белгілі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтың экономикалық мүдделерінің ең жоғарғы мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.

Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңарту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қажыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.

Оперативтік- шаруашылық дербестігі жергілікті буынды шығыстардың 50 пайыздан кем емесін жабатын кірістердің оқшаланылған, бекітіліп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді.

Республикалық бюджеттің кірістері олар мыналардын тұрады:

А) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен;

ә) салыққа жатпайтын түсімдерден;

б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден.

N

Кіріс аттары.

2005 жылғы 12- айлығы

2006 жылғы 12- айлығы

Жоспар

(+)(-)

Нақты

(+)(-)

Жоспар

нақты

%

(+)

(-)

Жоспар

Нақыт

%

(+)

(-)

1

Салық түсімдері

633440

638350

100,8

4910

695173

691673

99,5

-3500

61733

53324

2

Салықтық емес түсімдер

14823

7866

53,1

-6957

5554

6209

111,8

655

-9269

-1657

3

Негізгі капиталды сатудантүскен түсім

21573

27069

125,5

5496

53083

63293

119,2

10210

31510

384

4

Ресми трансферттерден түсетін түсім

2527796

2515404

99,5

-12392

3340783

3308238

99,0

-32545

812987

792834

5

Қарыздар түсімі

88463

88463

100,0

0

5352

5352

0,0

0

-83111

-83111

Жалпы барлығы

3300854

3279989

99,4

-20865

4111867

4075091

99,1

-36776

811013

795102