- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Модуль-1
- •Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
- •Қорытынды мазмұны
- •Жалпы мағлұмат
- •Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
- •Тәжірибелік бөлім
- •Бақылау сұрақтары
- •Модуль-1
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 1-Еңбекті қорғаудын құқық теориялык негіздері.
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •1. Адамға электр тогының әсері
- •2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
- •4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жұмыс орнының жарықталғандарын зерттеу Табиғи жарықтануды есептеу.
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмедегі ауаның шаңдылығын зерттеу»
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Жарақаттануды талдау»
- •Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Өртсөндіргіштегі өрт сөндіргіш заттар мен олардың қасиеттерін атаңыздар. 2.Қандай өртсөндіргіштерді білесіңдер? . З.ОХП-Ю өртсөндіргішін қалай іске қосады?
4."Момент", "Спутник" ұнтақты өртсөндіргіштерін қалай іске қосады. 5.0У-5 өртсөндіргішінің кұрылысын айт? 6.0У-5 өртсөндіргішін қалай іске қосады?
7.Өрт сөндіру құралдарының табельдік нормаларын кім бекітілі? 8.Кернеу астындағы электр қондырғыларын қандай өрт сөндіргіштермен сөндіруге болады?
9.Астық ору комбайндарының өрт сөндіру кұралдарының болуына кім жауапты.
Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
1а- тәжірибелік жұмыс.
Тақырып «Электр қауіпсіздігі».
Сабақтың мақсаты: Электр тогының қауіптілігін анықтайтын
факторлар және алғашқы көмек жүргізуді үйрету
1. Адамға электр тогының әсері
Электр тогының адамға әсерінің көп сипаты бар. Адам организіміне тоқ
өткенде термиялық, электрлік, биологияның әсер етеді. Тоқтың термиялық
әсері дененің кейбір жердегі күйік қан тамырларының, нервтердің, қанның
қызып кетуінен білінеді. Тоқтың электрлік әсері қанның және организмнің
басқа да сұйықтықтардың ыдырауына байланысты. Олардың физикалық-
химиялық құрамының біраз бұзылуын туғызады. Тоқтың биологиялық әсері -
органикалық тірі жасушалардың қызуы нәтижесінде буындар тартылып қалады, сонымен қатар жүрек пен өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу органдарының жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтату да мүмкін. Электр тоқтың әсері 2 түрлі жарақатқа әкеледі:
1.Электрлік жарақат.
2. Электрлік тоқ соғу.
Электрлік жарақат тоқ әсерінен тірі жасушаларының тек кейбір жерлерін
жарақаттайды. Оның түрлері:
1.Электрлік күю.
2. Электрлік белгілер.
3. Терінің металдануы.
4. Электроофтальмия.
5. Механикалық жарақаттар.
1. Электрлік күю ең көп таралған электрожарақат. Оның екі түрі бар: тоқты,
доғалы. Күйіктің 4 дәрежесі болды:
1. терінің қызаруы
2. көпіршщіктің пайда болуы
3. терінің барлық қабаттарының жансыздануы
4. жасушалардың өліп жиналуы
2. Электрлік белгілер. Адам денесінде сұры және күлгін сары түсті дақтар
пайда болады. Белгілері жырық, соғулар, дақ түрінде кездеседі. Электрлік
белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл.
3. Терінің металдануы. Электрлік доға нәтижесінде ыдыраған металдың
кішкентай бөліктері терінің жоғары бөліктерінде жиналады. Олар қысқа
тұйықталу және рубильниктердің сөнуі нәтижесінде пайда болады.
4. Электроофтольмия - электрдоғаның интенсивті әсерінен көздің зақымдалуы.
5. Механикалық - адам денесі арқылы өткен тоқтың әсерінен буындардың
тартылуы.
Электрлік тоқпен соғу нәтижесінде:
1. жүрек жұмысы тоқталуы мүмкін;
2. тыныс алу тоқталуы мүмкін;
3. электрлік шок болуы мүмкін.
2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
Электр тогының адамдарға әсер етуіненің салдары мен сипаты келесідей
факторларға байланысты:
1. Адам денесінің тоққа қарсы кедергіге;
2. Тоқтың шамасы мен кернеуіне;
3. Электр тогының әсер ету ұзақтығына;
4. Тоқтың адам денесіндегі жолына;
5. Электр тогының жиілігі және оның тегіне;
6. Қоршаған орта жағдайына.
Адам денесі электр тогының өткізгіші болып табылады. Электр тогына
кедергі қасиетін көрсететін тері, сондықтан адам денесінің кедергін ең басты
тері кедергісімен анықталады.
Адам терісі құрғақ және жарақаттанбаған болса, қарсыласуы 3-100 дейін
кейн шамасын береді. Ал терінің ішкі қабырғалары 300-500 Ом қарсылықты
құрайды. Ол қоршаған орта күйіне және электр тізбегіне байланысты.
Тоқ ұзақ соқса ауыр жарақатқа, кейде өлімге алып келеді. Ұзақ тоқ соғу
әсерін эмпирикалық формуламен есептеуге болады:
Jn =50 ∕t
мұнда, Jn- адам денесіне өткен тоқ, t – уақыт
Мұны есептеу қорғаныс құралдарын пайдалану үшін қажет.
