Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОКН Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспар...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.

3б- тәжірибелік жұмыс.

Тақырып «Жұмыс орнындағы метеорологиялық жағдайларды зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: Өндіріс орнындағы метерологиялық жағдайларды зерттеудің нeriзri принциптерін оқып білу, жұмыс орнындағы микроклимат параметрлерін зерттеп, оны санитарлық норма негізінде бағалау.

Өз бетімен жұмысқа тапсырма: Осы жұмысты орындау үшін мұғалім көрсеткен әдебиеттер мен методикалық нұсқауларды оқыңдар. Лабораториялық жұмыс туралы қорытындыда "метерологиялық жағдайлар" түсінігіне кipeтiн параметрлерді сипаттап, олардың 12.І.005-88 мемлекеттік стандарты бойынша нормаларын келтіріңдер, микроклимат параметрлерін анықтау үшіh қолданылатын құрал жабдықтарды атап көрсетіңдер. Эксперимент хаттамасының кестесін толтырыңдар.

Жалпы мағлұмат

Метерологиялық жағдайлар - ауа температурасы, ауа ағыны жылдамдығы атмосфералық қысым, денелердің шығарған сәулелері жиынтығының адам организміне әcepi арқылы анықталатын ауа ортаның физикалық күйі. Шағын бip территориядағы цех, ауыл метеорологиялық жағдайды микроклимат деп атайды.

Метерологиялық жағдай адам организміндегі ішкі процестердің өтуіне, адамның жұмыс істеу қаблетіне едәуір әсерін тигізеді.

Ауаның температурасы - оның жылулық күйін білдіретін параметр. Ол ауа молекулалары қозғалысының кинетикалық энергиясымен сипатталады.

Ауаның ылғалдылығы- ауа құрамындағы су мөлшерін көрсететін параметр.

Абсолюттік ылғалдық деп ауа құрамындағы су буларының тығыздығын айтады, мг/м3 өлшемімен өлшенеді.

Максимал ылғалдық сол температура жағдайында ауа құрамында мүмкін болатын су буларының барынша көп шекті мөлшері.

Салыстырмалы ылғалдық деп бірдей қысым және температура кезіндегі абсолют ылғалдықтың максимал ылғалдыққа қатынасын айтады. Салыстырмалы ылғалдық процент өлшемімен өлшенеді.

Жұмыс аймағындағы ауаның қозғалысы ауаның біркелкі емес қызуынан, желдеткіш жүйелердің, техникалық құрал-жабдықтардың әсерінен болуы мүмкін. Ол м/с өлшемімен өлшенеді.

Атмосфералық қысым бірлік бетке түсетін ауаның ауырлық күшінің қарқындылығымен сипатталады, Па өлшемімен өлшенеді.

Сәулелік жылу-толқынының ұзындығы 780-нен 10нм дейінгі аралықтағы қызған денелердің электромагниттік сәулесі. Жоғарыда айтылған факторлардың комплексті әсерінен жұмыс аймағында әр түрлі микроклимат жағдайы қалыптасады. Олардың қолайлы жиынтығының әсеріне, орындалатын жұмыстың сипатына, ауырлығына қарай адам "комфорт жағдайында" болады. Метерологиялық жағдайлардың қолайсыз жиынтығы организмнің қызуына немесе салқындауына әкеліп соқтырады, жылу реттегіш аппараттарды іске қосуды талап етеді.

Жылу реттелу деп организмнің сыртқы ортамен жылу алмастыруын реттеп, сыртқы орта жағдайларына және атқаратын қызметінің ауырлығына қарамастан дене температурасын үнемі бір қалыпты /36,6+0,5 0С/ ұстап тұруын түсінеді. . •

Адам организміндегі күрделі реакциялар метерологиялық жағдайлар өзгерісіне жауап ретінде жылудың кipiсi мен шығысын реттеп, дене температурасын бip деңгейде сақтайды.

Бірақ жылу реттелуінің шегі бар, егер одан асса сыртқы ортамен арадағы жылу теңдігі бұзылады.

Сыртқы ортадағы жоғарғы температура әcepiнен әcipece жұмыс кезіндегі, қан тамырларының соғысы жиіленеді, артериялық қысым көтеріледі, орталық нерв жүйесінің жұмысы бұзылады, сыртқы орта тiтipкендіргіштерінің әcepiнe организмнің жауабы баяулайды, зейіні нашарлайды.

Жалпы жылу бөлу қарқындылығы, жылу реттелу организмнің өзінен жеңіл қамтамасыз етілетін "комфорт аймағын" сипаттайтын қосымша көрсеткіштермен–тиімді және эквивалентті-тиімді температуралармен түсіндіріледі.

Тиімді температура деп жұмыс орнында ayaның қозғалысы болмағанда және ауаның салыстырмалы ылғалдығы кезінде адамның сезінетін температурасын айтады.

Эквивалентті тиімді температура деп адамның салыстырмалы ылғалдық кезіндегі және ауа қозғалысы жағдайында сезінетін температурасын айтады. ЕҚОЖ-нің 12,І,005-88 мемлекеттік стандартында . “Жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарда” өндірістік бөлмедегі жұмыс аймағы үшін температураның, салыстырмалы ылғалдықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының жылы және салқын мезгілдер үшін оптимальды нормалары белгіленген.

Приборлар және құрал- жабдықтар

Лабораториялық қондырғы – жұмыс орнындағы әр түрлі метеорологиялық жағдайлардың үлгісін жасауға арналған өндірістік бөлменің макеті. Макеттің ішінде микроклиматтың негізгі параметрлерін өлшейтін Ассман психрометрі 3, барометр 2 орнатылған. /15-сурет/

Құрал- жабдықтар: лабораториялық қондырғы жұмыс орнындағы метеорологиялық жағдайлардың үлгісін жасау үшін жасалған өндірістік бөлменің макеті.

15-сурет. Лабораториялық қондырғы схемасы.

1-әйнектен жасаған бокс, 2-барометр, З-Ассман ncиxpoмeтpi, 4-лампочка, 5-қанатты анемометр, 6-тумблер, 7-су құйылған ыдыс, 8-тостағаншалы анемометр, 9-желдеткіш.

Ассман психрометрі /МВ-4М/ 3 ауаның ЗО0С-тан 50°C-қa дейінгі температурасын,10-нан 1ОО-ге дейінгі салыстырмалы ылғалдығьн өлшеуге арналған. Оның жұмысы, "құрғақ” және "ылғалданған" термометрлердің көрсеткіштернің айырмасының сыртқы ортаның ылғалдығына тәуелділігіне негізделген. Психрометр қорғаныс түтікшесіне орнатылған екі бірдей cынап термометрлерден тұрады. Бұл трубкалардың жоғарғы шетінде кілтпен іске қосылатын қанатшасы бар аспирациялық блок бекітілген. Жұмыс алдында оң жақ термометрдің матамен оралған резервуары пипетке арқылы тазартылған сумен ылғалдандырылады да кілтпен психрометр вентеляторының cepinneciн icкe қосады. Осы кезде төменнен сорылған ауа термометр резервуарын жанап өтеді. Осыған байланысты құрғақ термометр ауа ағыны температурасын көрсетеді. Ылғал термометр көрсеткіші төмен болады, өйткені "ол мата бетіндегі судың буға айналуы әсерінен салқындайды. Тер-мометрлер көрсеткіштері 3-4 минуттан ерте алынбауы керек. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 14-қосымшадағы кесте бойынша анықталады.

Қанатты қол анемометрі АСО-3 0,3-5м/с аралығындағы ауа ағыны жылдамдығын өлшеу үшін қолданьлады. Анемометрдің жел қабылдағышы қызметін өске бекітілген қанатша атқарады. Өстің бір ұшы қозғалмайтын тipекке бекітілген, екінші ұшы tictі беріліс арқылы санау механизмі реукторына айналыс жалғайды. Анемометрдің үш шкаласы бар: мыңдық, жүздік , бірлік. Механизмді қосу және айыру арритер арқылы жүзеге асырылады.

МС-18 тостағаншалы анемометрі 4-15 м/с аралығындағы ауа ағыны жылдамдығын есептеуге арналған. Анемометрдің жел қабылдағышы қызметін төрт тостағаншалы зырылдауық атқарады. Жұмыс істеу принципі қанатты анемометр сияқты. Циферблаттың үш шкаласы бар: мыңдық, жүздік, бірлік.

Қанатты және тостағаншалы анемометрлер арқылы өлшенген ауа ағыны жылдамдығын анықтау үшін төмендегі формула қолданылады.

V=C1-C2/ t бөл/с Мұндағы, С1, С2 -анемометрдің бастапқы және соңғы көрсетулері; t - өлшеу уақыты, сек.

Бөлік с өлшемі арқылы есептелінген ауа ағыны жылдамдығын м/с өлшеміне айналдыру үшін анемометрдің графиктерін пайдалану керек. Бұл үшін ордината өсінен бөлік с мәнін