Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жандос Ахметжанов КСМ проект.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264 Кб
Скачать
☆

Жазаны тағайындау және іске асыру

Жасөспірімдерге қатысыты сот ісі заңнамаға сәйкес жалпы түрде өтеді. Мысалға, қылмыстық кодекстің 492 бабы бойынша, істің қаралу барысында оған ата- аналардың және заңды тұлғалардың қатысуы міндетті. Олар сот ісіне қатысуға, куәгер ретінде жауап беруге, айғақтар ұсынуға және сот шешіміне арыз беруге құқылы. Сонымен қатар, заңнамада азаматтардың, әсіресе жасөспірімдердің бостандығына және жеке өміріне қол сұқпау жайлы үкім бекітілген. Берілген үкім бойынша жазалаудыатқарушы уақытшаоқшаулау мен бейімдеу орталықтары қызмет атқарады. Орталықтардың негізгі міндеттері: құқықбұзушыларға, қараусыздарға ескерту жасау, себептерді жою, жасөспірімдерді қабылдау және оларды оқшаулау мен бейімдеу. Орталықтарға қоғамға қауіпті іс- әрекеттер жасаған немесе басқа да ауыр қылмыстар жасаған, кәмелет жасына толмаған жастар әкелінеді[4].

Бірақ, соңғы кездері бұл орталықтар психолог– мамандар, құқық қорғау мекемелері тарапынан үлкен сынға ұшырап жүр. Себебі, бұл орталықтарға ауыр қылмыс жасағандар да, үйінен қашқандар, адасып кеткендер, тіпті жай үйдегі ұрыс- жанжалдан қашпақ болған жасөспірімдер де әкелінеді[4].

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың болу және өршу себептері

Психологиясы толық қалыптаспаған жасөспірімнің төменгі деңгейде қоғамдануы және ауытқулар мен жетіспеушіліктер негізінен отбасындағы және мектептегі берілген тәрбиеге байланысты. Сонымен қатар, көше, аула, топтық көше бұзақылары, жастардың тілімен айтқанда «крайлардың» әсері де зор. Кәмелет жасқа толмаған жас қылмыскерлердің ішінде ер балалардың саны басым. Бұл жастардың дамитын ортадағы қоғамдық қарым- қатынастарымен, тұлғаның адамгершілік қасиеттерімен және мінез- құлықтарындағы ерекшеліктермен түсіндіріледі. Ер балалардың қылмысты көп жасауы олардың психикалық және психологиялық ерекшеліктеріне, ұл мен қыздың тәрбиелеу барысындағы өзгешеліктеріне байланысты[5].

2013 жылы жасалған статистикаға сүйенсек, қылмыс жасаған жастардың 91%-ы ер балалар, қалған 9%-ы қыздар. Дегенменде, соңғы жылдары, қыздар арасындағы қылмыстың да өршіп бара жатқаны белгілі. Қыздардың жат қылықтарға бет бұруы, өмірге жеңілтек көзқараспен қарауы осыған алып келіп отыр. Оның ішінде 75%-ы қалада, 25%-ы ауылдық елді мекендерде орын алған[6].

2012 жылы ұсынылған статистика бойынша Қазақстан Европа бойынша жаөспірімдердің адам өлтіру фактілері бойынша 3-і орында(100 мың адамға 10,66). Бұл мәліметті Жоғарғы Сотта растап отыр. Берген ақпаратта ең көп жастар қолымен жасалған қылмыс саны Шығыс Қазақстан облысында (748), одан кейін Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары, 705 және 549 адам сәйкесінше. ҚР ІІМөне сүйенсек, ОҚО бұл жылы 212 ауыр және 12 аса ауыр қылмыс, сонымен қатар жасөспірімдердің қолымен жасалған 11 өлім тіркелген [7].

Жоғарыдағы дереккөзде бұл мәселе әр түрлі видеоойындар мен фильмдердің әсерінен туындайды деп болжайды. Сонымен қатар, төмен отбасылық жағдай, өмір сүру деңгейінің нашарлауы, адами қасиеттердің бұзылуы және қоршаған ортаның да әсерін атап айтқан.