- •Жетекші: Шаянбаева Салима Босқынбаевна
- •Мазмұны
- •Жазаны тағайындау және іске асыру
- •Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың болу және өршу себептері
- •Жастар арасындағы қылмыстың өршуіне әсер ететін факторлар
- •Зерттеу бөлімі
- •Жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
- •28 Қаңтар күні сауалнамаға 42 адам қатысты, 29 күні 33 адам, 30 қаңтарда 35 адам жауап берді.
- •Психологтармен жүргізілген сұхбаттың нәтижелері
- •Қолданылған әдебиет
- •Қосымша әдебиеттер:
Жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
Сауалнама онлайн бағдарлама SurveyMonkey көмегімен жасалды. Қаңтар айының 28-30 күндер аралығында жүргізілді және әр түрлі жастағы барлығы 100 адам қатысты.
28 Қаңтар күні сауалнамаға 42 адам қатысты, 29 күні 33 адам, 30 қаңтарда 35 адам жауап берді.
Ең алғашқы сұрақ қатысушының жасын анықтауға арналған. Себебі, әр түрлі жаста адамның ойлау қабілеті, көзқарасы әр түрлі болады. Сауалнамаға қатысушылардың 41%-ы 10-16 жас аралығындағы балалар, 40%-ы 17-25 жас аралығындағы жастар, қалғаны 25 жастан асқан азматтар.
Келесі сұрақ тақырыпқа қатысты, яғни қатысушының пікірін білу үшін қойылды. Бұл сұрақта жастар арасындағы қылмыстың арту себептері жайлы сұралды. Қоршаған ортаның, яғни айналасындағы адамдарың әсерін басты себеп деп 65 адам санаған болса, екінші орында отбасындағы жағдай, яғни ажырасу, жанұядағы кикілжіңдердің кесірінен жасөспірімдер қылмыс жасау тұр. 44 қатысушы қатігез видеоойындар, фильмдер, БАҚ-ы берген ақпараттың ықпалынан қылмыс жиі жасалады деп жауап берген. Соңғы орындарда төме өмір сүру деңгейі, яғни экономикалық проблемалар, адамгершілік қасиеттерден айрылу және психологиялық ауытқулар секілді себептер алған. Жауап берушілер жастардың қылмыс жасауына ең аз әсер ететін субмәдениеттер деп есептейді, тек 24 адам таңдаған. Сонымен қатар, кейбір қатысушылар бос уақыттың көп болуы, жұмыспен қамтамасыз етілмегендік кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы қылмыстың артуына әкеп соқтырды деп өз пікірлерін білдірген.
Үшінші сұрақ жастар арасындағы қылмыстың көбеюіне әсер ететін факторлар жайлы. 65 адам психолгиялық факторларды, яғни отбасындағы атмосфераның, ұрыс- керіс пен жанжалдың ең көп әсері бар деп есептейді. Социологиялық факторларды 51 адам таңдап, араласу ортасының, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның әсерін атап айтқан. Ең аз дауысты биологиялық фактор жинады.Оны тек 9 адам таңдаған.
Соңғы сұрақ қылмыстың алдын алу және мәселені шешу жолдарын ұсыну жайлы болды. Қатысушылардың 56-сы спорттық клубтар мен үйірмелер ашуды проблеманы шешудің тиімді жолы деп санаған. Келесі кезекте, жасөспірімдереге көбірек уақыт бөліп, махаббат пен сыйластық сезімдерін жиі білдіру керек деген шешу жолы тұр. Үшінші және төртінші орындарда отбасында және оқу орындарында арнайы тәрбие сағаттарын өткізу, жеке әңгімелер жүргізу, баланың сана–сезімін өзгерту және жұмыспен қамтамасыз ету сияқты шешу жолдары. Оларды 47 және 41 адам таңдаған, сәйкесінше. Жазалау және шектеу, уақытша оқшаулау және бейімдеу орталықтарына қамау сияқты жауаптар ең аз дауыс жинаған. Сонымен қатар, кейбір жауап берушілер жасөспірімдрдің жиі отыратын жерлері, яғни ғаламторда, әлеуметтік желілерде және теледидарда қылмыс және оның тартқызатын ауыр зардаптары мен салдары жайлы бағдарламалар түсіру, жеке парақшаларда, форумдарда жазу, түсіндіру сияқты шешу жолдарын ұсынып, өздерінің жеке пікірлерін білдірген.
Психологтармен жүргізілген сұхбаттың нәтижелері
Жұмыс барысында екі психолог- мамандармен сұхбат жүргізілді. Сұрақ- жауап Назарбаев Зияткерлік мектебінің психолог- мамандары Сәуле Жаканқызы және Әлия Советханқызынан алынды. Мамандарға жастардың арасындағы қылмыс, оның шығу себептері, олардың қоғамға деген әсері, сонымен қатар оны болдырмау немесе шешу жолдары жайлы жалпылама сұрақтар қойылды. Психологтар барынша нақтылықпен, дәлелдермен дерекөздерге сүйене отырып жауап беруге тырысты.
Сәуле Жаканқызының айтуы бойынша жастардың қылмысқа жиі баруы отбасында берілген тәрбиеге байланысты. Отбасындағы жағдай баланың, әсіресе енді қалыптасып келе жатқан жасөспірімнің психикасына қатты әсер етеді. Жанұядағы жиі жанжал, кикілжіңдер жеткіншектің қатыгез, ашуланшақ болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Дәл осындай ұрыс- керіс жиі болатын отбасыларынан шыққан жастар қылмыс жасауға бейім болады. Бірақ психолог бұл жалғыз себеп емес екеніне сенімді. Сонымен қатар, жасөспірім кезде адамдар өте еліктегіш болып келеді. Олар құрбы- құрдастары, қатарластарына еліктеп, жаман әдеттерге, қылмыс жасауға да жиі баратынын айтты. Жасөспірімдердің топтасып төбелесулері, яғни «крайға жүгіру» сияқты іс- әрекеттері де қылмысқтың өршуіне әсері барын жасырмайды. «Дегенменде, мен «крайға жүгіретін» жеткіншектермен көп сұхбаттар жүргіздім. Олардың айтуынша, ол керісінше өз өздерін қорғауға, өздері тұрып жатқан аймақта қылмысты болдырмауға көмектеседі,»- дейді. Бұның барлығы жасөспірімнің өз қалауымен жасалған қылмыстарға себеп. Кейде жеткіншектің еркінен тыс, мәжбүрлеу салдарынан қылмыс жасауды да жоққа шығармаған жөн. Себебі, басқа адамдардың зорлық көрсетіп, қылмысқа итермелеу немесе төмен отбасылық жағдай, тамақтың жетіспеушілік салдарынан да қателік жасап жатқан оқиғалар көп екенін атап айтады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің арасындағы қылмыскершілікке видеойындар мен фильмдердің еш әсері жоқ деген пікір білдірді. Бұған өзінің жүргізген зерттеу жұмысынан дәлел келтірді. «Әрбір жасөспірім, әсіресе ер балалар жауыздық тұнып тұрған видеоойындарға құмар. Бос уақыттары пайда бола қалса, бірден ойынға кіріседі. Бірақ олардың қылмысқа барып, біреуді шын өмірде ұрып соғып, тонап жатқандары шамалы. Кез келген ойында жауыз қарсылас болады. Сол жауызбен шын өмірде кездесу сияқты қорқыныш оларды қылмыстан қорқуға мәжбүрлейді,»- дейдіпсихолог.Мәселені шешу үшін тәрбиеден бастау керегін алға тартады. Ата- аналар әрдайым баланы қадағалап, достарын, қоршаған ортасымен таныс болуы керек. Жиі жеке әңгімелер жүргізген жөн дейді. Қазіргі таңда балалардың жиі отыратын орындары әлеуметтік желілірде осы жайлы көп ақпарат берілуіне қосылатындығын айқын білдірді: «Иә, әлеуметік желілерді бұл жолда пайдалануды құптаймын. Олар бос уақыттың көбін сонда өткізеді, онда неге бұл уақытты жақсы жаққа пайдаланбасқа?! Ал, адамдардың жұмыспен қамту керек деген пікіріне келіспеймін. Олар жұмыс істейтін жерде үлкен адамдар көп болады. Әр адам әр түрлі. Олардың қандай екенін кім біледі? Бұл керісінше баланың жат әдеттерді бойына сіңіріп алуына әкеп соқтыруы мүмкін.»
Әлия Советханқызынан ойынша жастардың қылмысқа жиі баруына әр түрлі себептер әсер етеді. Отбасындағы жағдай, экономикалық жетіспеушілік, сыртқы күштер, яғни басқа адамдардың мәжбүрлеу салдарынан- осылардың барлығы қылмыс жасаудың себептері болып табылады. Жанұядағы қарама- қайшылықтар баланың агрессияға бейімділігіне әкеледі. Өзін- өзі қорғау үшін де қылмысқа баруы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бірақ, ең негізгі себебі қоршаған орта деп есептейді. Себебі, адамның қалыптасуы оның айналасындағы адамдарға тікелей байланысты. Оның көзқарасы, ой- санасы толық осыған байланысты қалыптасады. Психолог өзінің әріптесімен толық келісетінін білдіріп, видеоойындар, фильмдер және биологиялық аутқулардың кесірінен жас жеткіншек қылмысқа барады деген пікірді жоққа шығарды. Керісінше, балаға видеоойындарпайдалы деген пікірде. Айтуынша, жасөспірімдер шынайы өмірде қалаған, арманындағы адамдай бола алмайды, сол себепті видеоойындағы басты кейіпкерді өзі ретінде сезінеді. Оның қылмыс жасауға еш әсері жоқ дейді. Ал биологиялық ауытқулар, ген бойынша берілетін қылмыскерлікке мүлдем қарсы. Психолог маман мәселені шешуді қоғамнан бастауды ұсынады. Қылмыс жасаған немесе қылмысқа бейім жастарды алшақтатып, қашқақтаудың орнына, керісінше қайырымдылық көрсетуге кеңес береді. Сонымен қатар, ата- аналардың да баланы қадағалауын ұсынды. Оның айтуынша, әке- шешесі жасөспірімнің араласу ортасын, достарын, қандай қоғамда өмір сүріп жатқандығы жайлы хабардар болуы тиіс. Әр түрлі теріс орталарға кіріп кетуден сақтау олардың міндеті. Керек жағдайда, әр түрлі стресстік жағдайларды қажетінше кеңес беру. Бірақ, шектен шықпай, баланың жағдайын да ескеруді ұсынады. Себебі, бұл жаста жастардың психологиясы шыдамсыз, депрессияға бейім келеді. Кішкене шектен шығудың өзі баланың санасына ауыр тиіп, керісінше жаман жолға түсіріп жіберуінің әбден мүмкін екенін ескертеді. Ата- ананың салғырттығы, балаға көңіл бөлмеушілік, баланың жағдайын жасау мақсатында таңнан кешке дейін жұмыс істеу, оған қажетті мөлшерде назардың жетіспеушілігі, махаббат сезімін білдірмеу жеткіншектердің қылмысқа баруына жиі әкеп соқтырады. Себебі, жасөспірім бала осы кезеңде сырттан көңілді көп талап етеді. Үйде оның жетіспеушілігінен, оны әр түрлі жат орталардан іздеп, теріс жолға бет бұрып, түбегейлі түсіп кетіп жатады. Ал ол кейін әдет болып қалыптасып кетсе, оны тоқтату өте қиынға соғады деген тұжырым жасады.
ШҚО-тық бас прокурордың орынбасарымен жүргізілген сұхбат нәтижелері
ҚР БП Шығыс Қазақстан облысына қарасты Құқықтық статистика және Арнайы тіркеу органының Басқару Комитетінен алынған ақпарат көзі. Алынған мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы жалпы облыс бойынша 28942 қылмыс жасалған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда шамамен12%-ға төмендеген. Осы жалпы қылмыстың 5,6%-ы жасөсрірімдер қолымен жасалған, көрсеткіш 2013 жылғымен салыстырғанда 2162-ден 1620 дейін төмендеген. 2014 жылы ШҚО-да жалпы 231 аса ауыр қылмыс тіркелген, оның 12-сі, яғни 5,2%-ы жас жеткіншектер болып табылады. Ауыр қылмыс облыста 1497 болса, оның 5%-ға жуығы жастарға тиесілі. Орташа және жеңіл деңгейдегі қылмыстар облыс бойынша жалпы саны 2013 жылы 30643 болса, 2014 жылы 27214-ті құрап отыр. Оның ішінде жасөспірімдердің қолымен жасалған ұрлық және алаяқтық сияқы503факті тіркелген. Көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 23,3%-ға артқан.
Мәліметтерді пайдалана отырып, облыс көлеміндегі ірі, әрі географиялық және саяси маңызды қалаларды салыстыруды жөн көрдім. Облыс орталығы Өскемен қаласында былтырғы жылы жастар қолымен барлығы 642 қылмыс жасалған. Ал маңыздылығы бойынша екінші Семей қаласында 9890 қылмыс тіркеліп, оның 553-і жасөспірімдрге тиесілі. Аса ауыр қылмыс жасағандар саны Өскеменде 5 бала болса, Семейде 2013 жылмен 2 жеткіншек тіркелсе, 2014-те 4 бала қолға түскен. Ауыр қылмыс жасаған жасөспірімдер Өскемен және Семей қалаларында 2014 жылы 27 және 19-ды құраған. Ең көп жасалатын қылмыс түрі- орташа және жеңіл деңгейдегілер. Өскеменде былтырғы жылы 216 бала құрықталса, Семейде 187-ні құрады. Өскемен қаласында Семей қаласына қарағанда халық саны төмендігіне қарамастан, қылмыс саны, оның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыскерлер саны жоғары. Дегенменде, облыс бойынша 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы құқық бұзушылық азайған. Оны ШҚО-ның бас прокуратурасы растап отыр.
Қорытынды
Мәселенің себептерін анықтау және шешу жолдары
Жастар арасындағы қылмыс барлық азаматтарды алаңдатарлық мәселе. Мәселенің тек бір себебі бар деп айтуға келмейді. Проблема жан- жақты және әр түрлі аймақтарды қамтиды. Дегенменде, жоғарыда жазылған ғаламтордан алынған мәліметтерді және жеке зерттеу жұмысының қорытындыларын сараптай отырып, мәселенің ең негізгі себебі баланың араласу ортасы деген қорытындыға келдім. Мамандарға сүйенсек, негізгі әсер жасөспірімнің қоршаған ортасы, араласатын адамдары мен достарынан келеді. Сонымен қатар, отбасылық жағдай, сыртқы күштер, яғни бөгде адамдардың зорлық көрсету нәтижесінде және амалсыздықтан жасалған қылмыстарды да естен шығаруға болмайды.
Мәселені шешуді отбасынан бастаған жөн. Себебі, ең басты баланың тірегі ол- отбасы. Бірақ, шешу үшін жасөсірімнің жасын да ескеру керек. Әр жаста баланың психологиясы әр түрлі, әрі мұндай өтпелі кезеңде оның ой-санасы жиі және тез өзгереді. Осыны ескере отырып, шешу жолдарын ұсынуды жөн көрдім. 10-15 жас арасындағы балалар ата- ананың қатаң бақылауында болулары керек. Олардың араласатын ортасын, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларын, мектептегі өмірін қадағалау керек. Себебі, дәл осы жастарда жеткіншек жаңа ашылуларға, еліктеуге бейім. Бірақ мұндай тәсіл 16-19 жастағы жасөспірімдерге жұмыс істемейтіні белгілі. Бұл уақытта жастар үлкен өмірге бір қадам жақындайды, психологиялары ересек азаматтың сана-сезіміне тән болады. Ересек балалармен жеке сұхбаттар, әңгімелер жүргізген пайдалы. Олардың жеке өмірлері, қызығушылықтары жайлы сөз қоозғаған жөн. Көп уақыттарын бірге өткізіп, көңілді істермен бірлесіп шұғылдану керек. Бірақ, қателіктерге жол бермеген дұрыс. Себебі, шектен шығып кетсе, керісінше жасөспірімнің қате жолға түсуі ықтимал.
Мәселе тек жеке бастық қана емес, мемлекет тарапынан да қолдауды талап етеді. Себебі, жастар келешек ел болашағы. Осыған орай, мемлекеттен арнайы бағдарамалар ашылу керек. Оларды қаржыландыра отырып, психологтардың балалармен жиі сұхбат жүргізулерін қамтамасыз еткен дұрыс. Жас жеткіншектерді қызықтыратын әлеуметтік желілерде, ғаламторда форумдар, жеке парақшалар ашып, жарнамалар жасау мәселені шешуге біршама көмектеседі.
Зерттеу жұмысын жазу барысында біршама қиындықтар туындады. Мысалға кейбір сауалнамаға қатысушылардың әділ жауап бергендеріне күмән келтіруге болады. Дей тұрғанмен, психологтармен жүргізілген сұхбаттың қортындысы мен сауалнамадан алынған нәтижелердің жауаптары ұқсас. Бұл алынған деректердің растығының белгісі.
Болашақта бұл зерттеу жұмысын жалғастыру және жақсарту жоспарлануда. Жобаның тақырыбы жалпылама болады. Себебі, бұл жастар жайлы көбірек оқып-біліп, зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпы жасөспірімдердің өмірі, олардың психологиясы туралы қарастыру керек деп мақсат қойдым. Жаңа зерттеу жұмысында жастардан, ата-аналардан және мектеп мұғалімдерінен жеке сауалнамалар алынатын болады. Бұл нақты фактілер мен дәлелдер алып, мәселені ашуға көмектеседі.
Жұмысты жазу барысында көптеген ақпарат жинадым. Көзқарасыма көп әсерін тигізді. Әр түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер оқып, мәселеге деген қарым-қатынасым өзгерді. Басқа жасөспірімдердің басынан өткерген оқиғаларымен танысып, қылмыстың артынан жаза болатынына, одан қашып-құтылуға болмайтынына көз жеткіздім.
