Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

№№

Курс бойынша оқулықтар мен

оқу құралдары

КарМУ кітапханасындағы оқулықтар мен оқу құралдарының саны

1.Негізгі әдебиеттер*

1

Бекмагамбетов М.М. Автомобильный транспорт Казахстана, этапы становления и развития. Алматы: Print-S, 2003г.

20

2

Бабков В.Ф. Автомобильные дороги. –М.: Транспорт, 1983

4

3

Бабков В.Ф. Проектирование автомобильных дорог. –М.: Транспорт, 1989.

2

2.Қосымша әдебиеттер*

4

Сыртанов С.Қ., Қиялбаев Ә.Қ., Ахметов Қ.Н., Лим В.Ч. Автомобиль жолдарындағы жол қозғалысының қауіпсіздігі. – Алматы: ҚазККА, 2004.

6

5

Лобанов Е.М. Транспортная планировка городов. –М.: Транспорт, 1989

4

6

Фишельсон Е.Н., Ланцберг Ю.С. Изыскания и проек-тирование городских дорог. –М.: Транспорт, 1981

2

7

Андреев О.В. Проектирование мостовых переходов. –М.: Транспорт, 1980

2

2.1 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар)

8

АвтоМИР айсайын шығатын журнал

2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары

9

Пән бойынша электрондық лекциялар курсы

2.3 Интернет көздері

10

НИИ ТК РК www.niitk.kz

11

http/ www.po-stroy.ru/antigololednye-reagenty.html

12

Официальный интернет ресурс Мин.ТК.http://www.google.kz/

6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1-дәріс

Тақырыбы: Автомобиль жолдарының Қазақстан Республикасындағы рөлі және жолдардың жіктелінуі

1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.

Қазақстан Респуликасының қатынас тармағы теміржол және автомобиль жолдарынан, әуе жолынан, сонымен қатар мұнай өнімдері мен газды тасымалдайтын құбырлардан тұрады.

Алыс жолдарға жүк және жолаушы тасымалдаудың үлкен бөлігін жүзеге асыратын теміржол - көліктің негізгі түрі болып табылады.

Әуе көлігі тасымалдауды ең тез жылдамдықпен жүзеге асыра алады. Ұшақтардың біршама аз жүк көтерімдігі және олардың ұшуына кететін көп қуаттың шығындалуы бұл көлік түрін өте қымбат, бағалы қылдырады.

Теміржол және әуе тасмалдауларының мүмкіншілік бағытары теміржол тармақтары мен аэродромдардың бар болуымен анықталады. Cондықтан теміржол және әуе көліктері арту-түсіру орындарына, теміржол станцияларына, аэродромдарға кіру жолдарына қызымет ететін автомобиль көлігімен бірлесе жұмыс істейді. Тасымалдың бастапқы және соңғы кезеңдерінде көптеген жүктер жасалған жерінде автомобиль көлігімен қабылданып, белгіленген жерге жеткізіледі. ССРО-ның күйреуіне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты теміржол торабы біздің елімізде жүк тасымалдауға толық көлемде қызмет ете алмайды, өйткені ССРО кезеңінде теміржол тармағы ССРО-на кіретін барлық республикалардың ауданын есепке ала отырып тартылған. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары көптеген аймақтарда жалғыз ғана көлік қатынасы болып табылады.