- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
2. Жолдың бойлық профилі.
Трассаны жер бетіне салғанда жер бетінің табиғи еңістіктері автокөлікті пайдалану тиімділігінің шарттары бойынша рұқсат етілетін мүмкінді еңістігінен асып кетуі мүмкін. Сондықтан көптеген жағдайларда биік өрлі жерлерде үстіңгі топырақ қабатын кесіп тастау немесе күрт төмендеген жерлерге топырақ себу арқылы жасанды түрде еңістіктің шамасын төмендетеді.
Жердің үстіңгі қабатындағы топырақты кесу нәтижесінде жол жер бетінен төмен орналасқан учаскелер оймалар деп аталады, ал жол жасанды үйілген топырақтың үстінен өтіп, жер бетінен жоғары болатын учаскелер үйінділер деп аталады. Өрлер мен өрден түсетін учаскелердің тіктігін, олардың қайталануын және оймалармен үйінділердің орналасуын бойлық профильде көрсетеді. Бойлық профильде жолдың жеке нүктелердің деңгейлерін белгілермен сипаттайды. Олар абсолюттік белгілер деп аталадыжәне нөлдік деп қабылданған кейбір жазықтықтан жолдың жеке нүктесіне дейінгі ара қашықтықты білдіреді.
Жолдың кейбір жеке учаскелерінің тіктігін еңістікпен сипаттайды. Егер бастапқы белгіні соңғы белгіден алып, оны учаскенің ұзындығына бөлсек, еңістікті табамыз. Еңістік жол өсімен горизонталь жазықтықтың арасындағы бұрыштың тангенсі арқылы сипатталады. Еңістіктің мәндері 3,2%, 32%0 немесе 0,032 шамаларымен (өлшем бірліктерімен) көрсетілуі мүмкін. Автомобиль жолдарының жобаларында еңістік %0- промиллмен көрсетіледі.
Бойлық профильдің кескіні жолды сипаттайтын құжаттардың негізгі түрі болып саналады. Ол жолдың көліктік-пайдалану сипаттамасы туралы елестету құруға керекті барлық мағлұматтарды жинайды.
Бойлық профильде мыналарды көрсетеді:
а) жер беті сызығы мен салуға дейінгі жол өсі (қара сызық);
б) жол жиегінің сызығы (жобалық немесе қызыл сызық);
в) жол өсі бойымен топырақты қалыңдықтың қимасы.
Бойлық профильде арнайы белгілермен мыналар көрсетіледі:
а) автомобиль және темір жолдарды кесіп өтетін жерлер;
б) көпірлердің, құбырлардың және тоннельдердің орындары.
Бойлық профильді жобалағанда, яғни жер бетіндегі жолдың өту жолын анықтағанда, мынадай шараларды ескеру қажет:
1. Жолдың берілген категориясы үшін мүмкінді ең жоғарғы еңістіктен аспайтын жол еңістігін салу.
2. Теміржолдармен және жоғарғы категориялы автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысу.
3. Су тасыған кезде жолмен қиылысатын су ағындарындағы су деңгейінің көтерілуін ескере отырып, жолды биіктете салу, батпақты жерлердің беті мен су тұрып қалатын төмендеген жерлердегі деңгейді ескере отырып жолды биіктете салу.
4. Қыс мезгілінде соңғы жылдардағы орташа қар қалыңдығын ескеріп, жолды биіктете салу.
Жобалық сызықтарды кескінге түсірудің екі тәсілі бар:
- орауыш сызықтар бойынша жобалау;
- қималық сызықтар бойынша жобалау.
Бірінші тәсілмен жолды негізінен жер бетіне параллель орналастырады, яғни жол жер бедерінің элементтерін орала өтеді. Мұндай жобалау жолдардың төменгі категорияларына тән.
Екінші тәсілмен жолды орауыш жобалаумен салыстырғанда кіші еңістіктермен орналастырады, мұнда жер беті бедерінің элементтері кесіледі. Жобалық сызықтарды салудың мұндай тәсілі темір жолдар мен жоғарғы категориялы автомобиль жолдарына тән.
