- •Студенттерге болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар.
- •2. Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттері.
- •Оқу бағдарламалары және оларға әдістемелік талдау
- •Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік окыту дидактикалык қағидаларының жүйелігі.
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қағидалары
- •9. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйімдастырудың негізгі формалары.
- •Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабактың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың кұрылымы.
- •12. Кәсіпке окытудың әдістері мен құралдары
- •Жаттығу - іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері.
- •Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Олардың ерекшеліктері және өткізу әдістері.
- •Қазіргі инновациялық окыту технологияларының мақсаттары, міндеттер және ұғымы. Сабақты инновациялык окыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру.
- •Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері.
- •Такырыптық-мерзімдік жоспарлаудың мазмұны.
- •Педагогтардың қызметі.
- •Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Үлгерімді есепке алудың түрлері
- •.Оқушылардың білім мен білігін және дағдыларын тексерудің түрлері
- •Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындары.
- •25.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •39. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронталды, топтық, даралай және оларға әдістемелік талдау.
- •42. Сабақты иновациялық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру: ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, ақпараттық, интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы
Оқу бағдарламалары және оларға әдістемелік талдау
Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат.Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.
Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік окыту дидактикалык қағидаларының жүйелігі.
Дидактика – (грек сөзден шықан «дидактикос» - оқыту) – бұл педагогиканың жартысы, оқыту теориясын анықтайды.
Кәсіби оқыту қағидаларының ерекшеліктері:
Оқытудың жалпы педагогикалық қағидаларына қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер - педагог қызметкерлердің кәсіби оқыту принциптерін сақтай білуі мен тек оларға тән мына ерекшеліктер де бар. Ол мына қағидалар:
1. Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіби бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы пәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс.
Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны бір мақсатты көздейді.
2. Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принципі. Бұл «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана машыктандыруы тиіс.
3. Оқу үрдісі кезінде кәсіби қызметті модельдеу принципі.
Кәсіби қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады.
Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар ұсынылады:
- жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу;
- жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу;
- тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру.
4. Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті, жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрдісін оқушылардың өздігінен үйрендіре жұмылдыру. Өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу, практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой - өрісінің кеңдігі. Шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты. Принцип мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып, техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерін тиімді жетілдіруінде болып отыр.
5. Кәсіби оқытудың модульдік принципі. Модульдік оқытудың мәні, оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік сұранысқа орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске асыру оқушының барлық іс-қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін дамыта отырып, дәрежеге бағыттап, жеткізуді камтамасыз етеді.
Осы айтылған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, іс асырған инженер - педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады.
