Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мерей.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31 Кб
Скачать
☆

Жұмыспен қамту саясатын іске асыру

Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға міндетті. Ал жергілікті атқарушы органдар аймақтық бағдарламалар әзірлеп тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аума-ғында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мына арнайы іс-шараларды іске асыруға міндетті:

1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға — жұмыс табу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;

2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс тандауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;

3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;

4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күн кешіктірмей тіркеуге, оларды есепке қоюға;

5) кәсіби бағдарлау ісінде азаматтар мен жүмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;

6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге;

7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуге;

8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге;

9) халыктың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс күшіне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық, атқарушы органдарға енбек рыногының жай-күйі туралы хабарлауға;

10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемді қамтамасыз етуге.

Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысты іс-шаралары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 9-бабында белгіленген. Аталған баптың 2 тармағы жұмыс берушінің міндеттерін анықтайды. Жұмыс беруші:

1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе шарттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің кыз-меттері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілік және еңбекақы мөлшері корсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;

2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге;

3) уәкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде, яғни уәкілетті орган оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға тиіс. Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі заң актілеріне сәйкес туын-дайды.

Уәкілетті органның, сондай-ак жеке жұмыспен камту агенттігінің жұмысқа орналастыру ісінде халыққа көрсететін жәрдемін еңбек делдалдығы дейді. Еңбек делдалдығымен уәкілетті орган және жеке жұмыспен камту агенттіктері айналысады.