- •Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру.
- •Жұмыспен қамту саясатын іске асыру
- •Жеке жұмыспен қамту агенттігі азаматтарға шарттық негізде мынадай қызметтер керсетеді:
- •Жүмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік корғау
- •Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
- •Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардыц біліктілігін арттыру және қайта даярлау
Жүмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік корғау
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Занның 13-бабы аза-маттардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын белгілейді. Азаматтардың:
— жұмыс берушіге, уәкілетті органға не жеке жұмыспен қамту агенттігіне тікелей өтініш жасау аркылы жүмыс орнын еркін тандауға;
— өз бетінше жұмыс іздестіруге және шетелде жұмысқа орналасуға;
— уәкілетті органдардан және жұмыспен қамту агенттігінен консультация және ақпарат алуға;
— қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
— мемлекеттік органдардың жеке агенттіктердің және олар-дың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) орталық, атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құкығы бар. Сондай-ақ, азаматтар жұмысынан айрылу (жұмыссыздық)жағдайына ерікті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.
Заңға сәйкес мемлекет жұмыссыздыктан әлеуметтік қорғау үшін оның мынадай түрлерін көрсетеді:
— жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
— жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, кайта даярлау және қоғамдык жүмыстарды ұйымдастыру;
— қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
— табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Жұмыс тапқысы келетін жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы уәкілетті органға және жеке жұмыспен қамту агенттігіне өтініш жасай алады.
Жұмыс іздестіруге өтініш жасаған жұмыссыз азаматтардан оларды тіркеу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: жеке бас куәлігі (паспорты), әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлік (ӘЖК), еңбек кызметін куәландыратын кұжаттар, салықтөлеуші тіркеу нөмірі (СТТН). Шетелдіктер мен азамат-тығы жок адамдар аталған кұжаттарға қоса шетелдіктің ықтияр-хатын, ал азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куәлігін откізеді.
Занда кәрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей орган мен жеке жұмыспен қам-ту агенттігі нысанын орталық атқарушы орган бекітетін дер-бес есеп карточкасына (деректердің компыотерлік базасына) мәліметтер енгізіп азаматтарды тіркейді.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелген жұмыссыз азамат-тар күнтізбелік он күн ішінде кемінде бір рет уәкілетті орган-да, ал селолық елді мекендерде тұратындар айына кемінде бір рет поселке ауыл (село), ауылдык (селолық) округ бөлімінде белгіленуге тиіс.
Уәкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда есеп-тен шығарады:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартканда;
2) уәкілетті орган жолдама берген күннён бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен ұсынылған жұмыска орналасуға немесе оқу орнына келмегенде;
3) шакыру бойынша жұмысқа, окуға жолдама алу үшін екі жүмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға кел-мегенде;
4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа катысуды немесе оқуды дәлелсіз себептермен өз бетінше токтатқанда;
5) занда көзделген уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
7) жұмысқа орналасқан немесе заңға сәйкес жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда не сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
9) республика зандарына сәйкес зейнетакы тағайындалғанда.
Заңда белгіленген тәртіп негізінде есептен шығарылған
жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қайтадан уәкілетті органда тіркеле алады.
Заңның 17-бабы тіркелген жұмыссыздарға мынадай міндеттер жүктейді:
1) заңды сақтауды;
2) уәкілетті органдарға келіп тұрудың тәртібін, шарттарын жеке мерзімдерін сақтауды;
3) уәкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жүмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге отініш жасауды;
4) уәкілетті органға:
тұрғылықты жерін ауыстырғаны;
түрақты, уақытша, маусымдық жұмыска, азаматтық-құ-қықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасқаны;
кәсіпкерлік қызметпен шұғылданғаны;
ұйымдық құқықтык нысаны мен меншік нысанына қара-мастан, ұйымға құрылтайшы болғаны;
мүгедектік тобы белгіленгені немесе оның озгергені;
зейнетақы тағайындауды және озге де табыстарды қоса ал-ғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді дер кезінде, яғни бес жүмыс күні ішінде табыс етуді.
Заңның бабында белгіленген мәліметтерді жасырған немесе көрінеу жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар енгізген жағдайда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және заң актілеріне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.
Тіркелген жүмыссыз азаматтар үшін лайықты жұмыс ұғымы үлкен рөл атқарады. Зан бойынша лайықты жұмыс деп тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына, денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін жұмысты айтады. Көліктің қолайлығын тиісті атқарушы орган айқындайды. Сонымен қатар бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын-ала кәсіптік да-ярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың жас және озге де ерекшеліктері мен еңбектуралы заңдардыңталаптары ескерілетін бас-қа ақы төленетін жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
