- •6. Оқытуға арналған әдебиеттер
- •7. Бағалау саясаты
- •8. Оқытушы талабы.
- •Балаларды мектепалды даярлау пәні бойынша
- •5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы үшін жұмыс оқу бағдарламасы
- •Алматы,
- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •2.Пән мазмұны
- •2.1.Дәрістік курс
- •2.2.Практикалық сабақтар
- •2.4. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары (соөж)
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмысы
- •3.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •Анықтамалық әдебиеттер
- •Нормативті әдебиеттер
- •3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
- •Дәрістер тезистері
- •Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары
- •Д.Б.Эльконин бойынша психикалық даму кезеңдері
- •. Шетелдiк жас ерекшелiк психологиясының негiзгi тұжырымдамалары.
- •Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.
- •Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары
- •2.2. Семинарлық, практикалық сабақтар
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
- •3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
Балаларды мектепалды даярлау пәні бойынша
5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы үшін жұмыс оқу бағдарламасы
Оқу формасы сырттай , ЖБ
Иститут Педагогика және психология
Кафедра Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі
Курс _________2к.2ж____________
Семестр_______3________________
Кредиттер саны _______1____________
Барлық сағат саны ______45_____________
Дәріс ____________5_________________
Практикалық __________5____________
СОӨЖ ___________5_____________
СӨЖ _____________30__________
Емтихан семестр_______3_____________
Алматы,
2013ж
Жұмыс оқу бағдарламасы
5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
«24». 09.2013 ж. бекітілген 5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалды.;
«Балаларды мектепалды даярлау» пәнінің жұмыс оқу жоспарын оқытушы Еркебаева С.Ж. жазды және Мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланып, ұсынылды.
«27 » 08. 2013 ж., хаттама №1
Бағдарламаны жазған _________ Еркебаева С.Ж.
қолы
Кафедра меңгерушісі _________ Жұмабаева Ә.Е.
қолы
Жұмыс оқу бағдарламасы Педагогика және психология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді.
« 29» тамыз 2013 ж., хаттама №1
Пәннің мақсаты мен міндеті
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша «Баланы мектепалды даярлау» курсы аталған мамандыққа бакалаврларды даярлауда оқу пәнін таңдап алу компонеттерінің бірі. Курс студенттерді мектепалды даярлау топ балаларымен жұмыс жүргізуге теориялық және тәжірибелік даярлауға бағытталған. Мектепке дейінгі негізгі іс-әрекеті ойын болып келген балаларды білім әлеміне жетелейді.
Қазіргі кездегі мектепалды даярлық топ балалары - өздеріне тән ерекшеліктері бар. 6-7 жастағы балалар және бұл ерекшеліктерді болашақ мамандар білуі қажет.
Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жүйесі, педагогика ғылымының даму тенденцияларын, балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінің кәсіби бағыттылығын, мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру жолдарын, оларды тәрбиелеу мен оқыту формасын, құралдарын, мектепке дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін, олардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын, білім беруде педагогикалық технологияларды меңгеріп, болашақ кәсібіне деген көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері:
-студенттердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру;
-мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін меңгерту;
-баланы мектепке даярлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу;
-теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту.
Пән пререквизиттері: «Педагогика», «Мектепке дейінгі педагогика», «Балабақшадағы тәрбие жұмысының әдістемесі», «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері» пәндері.
Пән постреквизиттері: «Бірінші сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері», «Мектепке дейінгі педагогика тарихы», «Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру», «Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері».
