- •І. Науқас туралы жалпы мәліметтер.
- •Іі. Науқастың шағымдары.
- •Ііі. Аурудың пайда болу және даму тарихы
- •Іv. Өмір тарихы
- •Аурудың қазіргі жалпы жағдайы
- •Тыныс алу жүйесі.
- •Жалпы қан анализі. 10.05.13ж
- •Қанның биохимиялық анализі.
- •Жалпы зәр анализі 10.05.13ж
- •Болжам диагноз
- •Науқасты қарап тексеру жоспары.
- •Зертханалық көрсеткіштер, басқа да қосымша тексеру әдістері.
- •Нәжісті ішек құрттарына тексеру. 10.05.2013 жыл
- •Коагулограмма 10 .05.2013 жыл
- •Клиникалық диагноз және оны негіздеу.
- •Температуралық парақ
- •Емдеу жоспары:
- •Күнделік
- •Шығару эпикризі
Клиникалық диагноз және оны негіздеу.
Болжам диагноз: Жедел калькулезді холецистит.
Зерттеу нәтижелері:
жалпы қан анализі - лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы байқалады.
жалпы зәр анализінде - жалпы зәр анализі қалыпты, өзгерістер анықталмады.
нәжісті зерттеу - гельминттер мен қарапайымдылар анықталған жоқ.
қанның биохимиялық анализі - қалыпты, ауытқулар жоқ.
коагулограммада - фибриногенннің мөлшері жоғары
ЭКГ - синусты ырғақ, ЖСЖ 83 рет/мин, көлденең орналасу
УДЗ - бауыр мен ұйқы безі диффузды өзгерген, өт қабында тас бар.
ФГДС – созылмалы гастрит
терапевт қабылдауы.
оперативті ем 12.04.2013жыл.
Болжам диагноздың және жүргізілген лабораториялық, инструментальді зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес мынадай клиникалық диагноз қойылды – Жедел флегмонозды-калькулезді холецистит. Созылмалы гастрит. Артериялық гипертония ІІ дәрежелі, қауіп ІІІ, метаболикалық синдроммен. Дисгормональді миокардиодистрофия.
Температуралық парақ
Т 0С |
13.05.13 |
16.05.13 |
|
|
||||
т |
к |
т |
к |
т |
к |
т |
к |
|
390С |
|
|
|
|
|
|
|
|
380С |
|
|
|
|
|
|
|
|
370С |
|
|
|
|
|
|
|
|
360С |
|
|
|
|
|
|
|
|
Емдеу жоспары:
Тәртібі – төсектік;
Стол №0;
Ішке суық басу;
Инфузионды терапия;
Спазмолитиктер;
Антибиотиктер;
Динамикада бақылау.
Күнделік
14.05.2013 жыл
Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Көңіл күйі орташа. Науқас іштегі, яғни операция жасалған аймақтағы аздаған ауырсыну сезімдеріне шағымданады. Ұйқысы жақсы. Тері және шырышты қабықтары таза, ашық қызыл түсті. Дене температурасы 36,60С. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс естіледі, бронхофония біркелкі. Тынысы минутына 16 рет. Жүрек аускультациясында жүрек ұшында І тонның әлсіреуі және систолалық шу естіледі, аорта үстінен ІІ тонның акценті байқалады. Артериялық қысымы 150/90, пульсі 68. Тәбеті төмендеген. Ішті пальпациялағанда аздап ауырсынады. Операция жасалған аймақ таза, іріңсіз. Нәжісі қалыпты. Зәр шығаруы, ауырсынусыз, уақытылы.
16.05.2013 жыл
Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Көңіл күйі жақсарған. Науқас іштегі, яғни операция жасалған аймақтағы аздаған ауырсыну сезімдеріне шағымданады. Ұйқысы жақсы. Тері және шырышты қабықтары таза, ашық қызыл түсті. Дене температурасы 36,40С. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс естіледі, бронхофония біркелкі. Тынысы минутына 18 рет. Жүрек аускультациясында жүрек ұшында І тонның әлсіреуі және систолалық шу естіледі, аорта үстінен ІІ тонның акценті байқалады. Артериялық қысымы 160/90, пульсі 72. Тәбеті төмендеген. Ішті пальпациялағанда аздап ауырсынады. Операция жасалған аймақ таза, іріңсіз. Нәжісі қалыпты. Зәр шығаруы бұзылмаған.

Күні