Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
p1200000093.17-01-2012.kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

3. Кен, кенсіз қазбалар, табиғи газ өндіру

      11. 1 сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:       1) кенсіз құрылыс материалдары карьерлері;       2) тау-кен байыту өндірістері;       3) тәулігіне 0,5-тен 1 тоннаға дейін күкірт сутегін бөлетін, сондай-ақ ұшпа көмірсутек жоғары болатын мұнай өндіру өндіріс;       4) табиғи газды шығару өндірісі;       5) полиметал (қорғасын, сынап, күшәла, бериллий, марганец) кендерін және ашық өндірістегі VІІІ-ХІ санатты тау жынысын шығаратын өндіріс;       6) асбест шығару өндірісі;       7) темір кенін және ашық өндірістегі тау жыныстарын шығару өндірісі;       8) гипс шығару өндірісі;       9) ашық әдіспен металлоид шығару өндірісі;       10) түсті металдарды шығару кезіндегі шлам жинағыштар мен үйінді;       11) көмір разрезі.       Ескертпе: Мұнай және ілеспе газ құрамында 3,0% және одан көп мөлшерде күкірт сутек пен меркаптандар болғанда, көмірсутекті шикізатты өндіретін кәсіпорындар үшін СҚЗ көлемі 5000 м-ден кем емес; ал 20,0% және одан артық болғанда СҚЗ көлемі 8000 м-ден кем емес болуы тиіс.       12. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:       1) ылғалды байыту әдісі бар байыту фабрикалары мен гидрошахталар;       2) темір мен көмірді шығарудағы шлам жинағыштар мен үйінділер;       3) ұшпа көмірсутек аз мөлшерде болатын, тәулігіне 0,5 т-ға дейін күкірт сутегін шығару кезіндегі мұнай өндіру өндірісі;       4) фосфориттер, апатиттер, колчедандар (химиялық өңдеусіз), темір кендерін шығару өндірістері;       5) қорғасын кенін, сынаптан, күшәладан және марганецтен басқа шахталы әдіспен металдар мен металлоидтер кендерін шығару өндірістері;       6) ашық өндірістегі доломиттер, магнезиттер, асфальттың гудрондары VI-VII санатты тау жыныстарын шығару өндірістері;       7) жанғыш тақта тас өндірісі;       8) шымтезек, таскөмір мен қоңыр көмір және басқа көмір шығаратын өндірістер;       9) ұсақ шымтезек пен көмірден брикет өндірісі;       10) тастан ас тұзын шығаратын өндірістер;       11) өздігінен басу шаралары қарастырылмаған шахталық террикондар.       13. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:       1) ашық өндіріспен мәрмәр, қиыршық тас, құм, саз шығару өндірісі;       2) ашық әдіспен калий карбонатын шығару өндірісі.

4. Құрылыс өнеркәсібі

      14. 1 сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:       1) цемент (портланд-шлакопортланд-пуццолан-цемент және басқа), сондай-ақ жергілікті цемент (глинитцемент, гипсошлак, фосфорлы-шлак және басқа) өндірісі;       2) шахталы, айналма және басқа пештерде күйдіру арқылы магнезит, доломит және шамот өндірісі;       3) асбест және оның өнімдерін өндіру;       4) стационарлық зауыттарда асфальт бетон өндіру.       15. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:       1) гипс (алебастр) өндірісі;       2) әк (шахталы және айналма пештер бар әк зауыттары) өндірісі;       3) көркем әйнек, балқыту және хрусталь өндірісі;       4) әйнек мақта және шлак жүнін өндіру;       5) ұсақ тас, қиыршық тас және құм өндірісі, кварц құмын байыту;       6) толь және рубероид өндірісі;       7) ферриттер өндірісі;       8) құрылыс полимерлік материалдар өндірісі;       9) кірпіш (қызыл, силикат, керамикалық және отқа төзімді бұйымдар) өндірісі;       10) кран әдісімен төгілетін жүктерді (көмір, кен) аудару;       11) үй құрылысы комбинаты;       12) темір бетон бұйымдары өндірісі;       16. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:       1) жасанды толтырғыштар (керамзит және басқалары) өндірісі;       2) жасанды тас өндірісі;       3) цемент және басқа шаң бөлетін материал элеваторлары;       4) жылу электр станцияларының қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіру;       5) бетон және бетон бұйымдарын өндіру;       6) фарфор және фаянс бұйымдары өндірісі;       7) тас құю өндірісі;       8) табиғи тасты өңдеу өндірісі;       9) жарылмайтын әдіспен тас шығару өндірісі;       10) гипс бұйымдарын өндіру;       11) фибролит, камышит, соломит, дифферент және басқаларын өндіру;       12) құрылыс бөлшектері өндірісі;       13) битум қондырғылары.       17. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:       1) саз балшық бұйымдары өндірісі;       2) әйнек өндірісі, әйнекті тегістеу;       3) мәрмәрді механикалық өңдеу;       4) бетон өндіру қондырғысы;       5) қиыршық тас, құм, саз өндіру карьерлері, кәсіпорындары.