Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
p1200000093.17-01-2012.kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеу

      46. Объектілер үшін СҚА өлшемдерін белгілеу атмосфералық ауаны натурлық зерттеулер және өлшеулер нәтижелерін, жобаның құрамында ұсынылған бақылау бағдарламасына сәйкес орындалған атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін есепке ала отырып, атмосфералық ауаға физикалық әсерді және атмосфералық ауаның ластану есептеулері бар СҚА негіздеу жобалары бар болғанда жүргізіледі.       47. Қауіптіліктің I және II сыныбының жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын объектілерінің СҚА өлшемін өзгерту (азайту, көбейту) мынадай материалдарға:       1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысына;       2) аккредиттелген ұйымдар орындаған атмосфералық ауаның ластануының сейілуін және атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасын сараптау нәтижелеріне;       3) халықтың денсаулығына тәуекелді бағалауға;       4) атмосфералық ауаның ластануын (жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде елу зерттеу), атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін тұрақты натурлық зерттеулер мен өлшеулерге (жылдық) (кем дегенде 3 жыл);       5) объектілердің одан арғы қызметіне қуатын азайту, құрамын өзгерту және қайта бейіндеуге;       6) өмір сүру ортасына әсердің деңгейлерін азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту құрылыстарын енгізуге негізделген жобаға сәйкес жүргізіледі.       48. Қауіптіліктің III, IV және V сыныбының жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын объектілері үшін СҚА өлшемдері:       1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;       2) атмосфералық ауаның ластануының сейілуін және атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасын сараптау нәтижелері;       3) атмосфералық ауаның ластануын (қыс мезгілін қоспағанда жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде отыз зерттеу), атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін тұрақты натурлық зерттеулер мен өлшеулер (кем дегенде үш жыл);       4) объектілердің одан арғы қызметіне қуатын азайту, құрамын өзгерту және қайта бейіндеу;       5) өмір сүру ортасына әсердің деңгейлерін азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту құрылыстарын енгізу негізінде өзгертіледі.       Жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемі техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету мүмкін болмағанда белгіленген нормативтік деңгейлермен салыстыру бойынша және/немесе кез келген әсер ету факторы бойынша табиғи зерттеулер мен өлшеулер нәтижелері бойынша ұлғайтылады. Жағдайды бағалау объектіні пайдаланудың соңғы үш жылы ішіндегі өлшенген параметрдің орташа жылдық мәндері бойынша жүзеге асырылады.

5. Санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режимі

      49. СҚА шекараларында:       1) жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда тұрғын үй құрылыстарын;       2) ландшафтылы-рекреациялы аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;       3) бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;       4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын орналастыруға жол берілмейді.       50. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумақтарында:       1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және/немесе дәрілік нысандарды шығару бойынша объектілерді, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын;       2) тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме қоймаларын;       3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастыруға жол берілмейді.       51. Өндірістік объектінің СҚА шекараларында көрсетілген объектінің жұмыскерлеріне қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды және объектінің қызметін қамтамасыз етуге арналған объектілерді:       1) кезекші апаттық персонал үшін тұрғын үй емес үй-жайларды, вахталық әдіс бойынша (екі аптадан артық емес) жұмыс істейтін адамдар болатын үй-жайларды;       2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроны, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстарын;       3) жергілікті және транзитті коммуникацияны, электр беру желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, су бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстарын орналастыруға жол беріледі;       4) өндірістік объектінің СҚА шекараларында сондай-ақ техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді, өндірісте пайдаланылмайтын тамақ өнімдерін орналастыруға жол беріледі.       52. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына, өнімге өзара жағымсыз әсер болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.       53. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне кірмейді, ал автомобиль магистралінің шығарындылары санитариялық-қорғаныш аймағының көлемін негіздеу кезінде фондық ластауда есепке алынады.       54. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қарауға болмайды.       СҚА бір бөлігі жұмыс істеп тұрған СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШШ және/немесе РЕШД сақтау негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін.

«Өндірістік объектілердің  санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық- эпидемиологиялық талаптар»  санитариялық қағидаларына   1-қосымша         

Өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы және ең аз санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдері