Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика 2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

Сыныптың жалпы мінездемесі

19.01 – 7.02 уақыт аралығында Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің №5 мектепте педагогикалық практикадан өттім. Осы уақыт аралығында бекітілген 7 «К» сыныбын информатика пәнінен сабақ бердім. 7 «К» сыныба маған ұйымшылдығымен, сабаққа деген құштарлығымен, білімпаздығымен байқалды. Сыныпта барлығы 28 оқушы бар. Негізгі сыныптың білім сапасы орташа.

7 «К» сынып оқушылары тарих пәнін тереңдетіп оқуға құштар. Оқушылардың ойынша тарих пәнін оқысақ жақсы маман иесі болып шығатынына сенеді. Сонымен қатар 7 «К» сыныбының бойынан пәнге деген қызығушылығы ғана емес, өнерге деген, спортқа деген ойын түрлеріне шашкаға деген қызығушылықтары жоғары.

Сыныптағы оқушылардың оқу қабілеттері, шығармашылық қабілеттері әр түрлі. Әрбір оқушының өзіндік ерекшелігі бар. Сынып оқушыларының барлығы сабақты жақсы оқып, оқу материалдарын меңгеруге көп уақыт бөледі, сабақ үстінде белсенділік танытады. Сыныптың танымдық бағыты жақсы.

Жалпы, сыныптың білім деңгейі, оқу әлеуметі жоғары.

Педагогикалық практиканы күнделікті талдау

Педагогикалық практиканы күнделікті талдайтын болсам 19- ші қаңтардан 7- ақпан аралығында Қостанай қаласының №5 мектебінде практика сабақтарын және ашық сабақтарын тәрбие жұмыстарымен жұмыс жасадым. Маған бөлінген 7“К” сыныбымен бірінші күннен бастап жұмыс жасадым. Бірінші күнделікке келетін болсам. Бірінші күннен бастап сабатың қалай өтілу керектігін , сабақтарға қатысып отырғандығы туралы жазып отырдым. Тәрбие жұмысының мазмұнына келетін болсам. Оқушылардың тәрбиесі үшін қандай шара қолдандым соның барлығын жазып отырдым.

Сонымен қатар информатика пәнінен сабақ бердім. Сабақты күнтізбелік жоспар бойынша бердім. Менің ең алғашқы сабағым өте қызықты болды. Практика барысында көп тәрбиелер үйрендік, 7 “К” сынып оқушыларының басқа пәндерін меңгеруіне көмектестім. Сынып ұйымшыл, белсенді және мұғалімдеріне көмектеседі.

Қортындылай келгенде бұл сыныпта болашағынан зор үміт күтуге болатын, мемлекетіміздің болашақ дамуына үлесін тигізетін оқушылардың бар екендігіне кәміл сенемін.

Қатысқан сабаққа талдау

Күні: 6.02.15ж.

Сынып: 7 «К»

Пән атауы: Информатика

Пән мұғалімі: Сабақ жүргізген Қоғабаева Мөлдір

Сабақтың тақырыбы: Adobe Illustrator, Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Adobe Illustrator, Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсін үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Қоғабаева Мөлдір. 7 «Е» сыныбына өткізген «Adobe Illustrator, Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі» тақырыбы жаңа сабақты түсіндіру сабағы болып табылады.

Ұйымдастыру кезеңінде Мөлдір оқушылармен амандасып, оларды түгендеді. Жаңа сабақты бастардан бұрын өткен сабақты еске түсіру сәттерін өткізді. Жаңа сабақты түсіндіруде интерактивті тақтаны, үлестірмелі қағаздар мен бағалау парақтарын көрнекілік ретінде пайдаланды. Оқулықпен жұмыстар болды.

Жалпы сабақты жақсы түсіндірді. Оқушыларды сабаққа қызықтыра білді. Сондықтан болар, оқушылар белсенді қатысып отырды. Кейбір қателіктері де болды. Қорыта айтар болсам, Мөлдір жақсы ұстаз шығарына сенімдімін және алдағы уақытта көбірек ізденіп, жіберген қателіктерін қайталамайды деген ойдамын.

Сабаққа қатысушы,машықтанушы: Қайырбек Мұрат