- •Педагогикалық практиканың күнделігі
- •Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері.
- •Мектептегі қоңырау кестесі
- •Студенттің практика кезеңіндегі оқу-тәрбие жұмысының апталық жоспары.
- •Сыныптың жалпы мінездемесі
- •Педагогикалық практиканы күнделікті талдау
- •Қатысқан сабаққа талдау
- •Студент-практиканттың есебі
- •Өз сабағыма талдау
- •Сабақтың мақсаты:
- •Ашық сабақ
Өз сабағыма талдау
Сыныбы: .7«К»
Сабақтың тақырыбы: «Adobe Illustrator, Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.»
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Менің бұл өткізген бірінші ашық сабағым және бұл сабағым маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Adobe Illustrator, Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.
Жалпы 7 «К» сыныбы гуманитарлық бағытта тереңдетіліп оқытылады, бірақ дегенмен оқушылар информатиканы да жақсы меңгеріп келеді.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
Тәрбиелілік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жаңа сабақ болуымен қатар, мақсатына сәйкес оқытып-үйретудің түсіндіру, баяндау, талдау, практикалық тапсырмалар. Бұл сабақта ең басты кезең жаңа сабақты оқушыға жақсы түсіндіру мен соған байланысты тапсырмалар орындау және оны оқушының ойына сіңдіре білу деп ойлаймын.
Жалпы сабақ уақыты 45 минут. Сабақтың кезеңдеріне бөлген уақытым ұтымды қолданылды деп ойлаймын.
Сабақтың мақсатына сәйкес мен интерактивті тақтаны қолдандым.
Сабақ барысында түсінбеген оқушылардың қасына барып, барынша жақсы түсіндіруге тырыстым. Олар да білмеген түсінбегендерін сұрады. Оқушылар тәртіпті, сабақта тыныш, әрі тапсырмаларды ұқыпты, мұқият орындады. Өз ойларын ашық айта білді. Ойларын аяқтай алмай жатса, өз ойымды айтып, мақтап демеу болдым. Оқушы-мұғалім қарым-қатынасы жақсы болды деп айта аламын.
Сабақтың нәтижесін өзімнің алғашқы сабағым болғандықтан жақсы өтті деп ойлаймын. Дегенмен, өз тарапымнан қателіктерім де, кейбір қиыншылықтарым болды. Жалпы, сабақта қойған мақсатыма жетіп, міндеттерімді іске асырдым.
Студент-практиканттың есебі
Мен практикамның бірінші аптасында мектеп басшылығымен, пән мұғалімімен және оқушылармен таныстым. Оқушыларды жақсы танып білу үшін сабақтарына қатысып отырдым. Информатика кабинетіндегі құрал-жабдықтармен, күнтізбелік жоспармен таныстым. Сабақ жоспарын және күнтізбелік жоспарының қалай дайындалу керектігін үйрендім. Сонымен қатар информатика пәнінің тақырыбы бойынша пән мұғалімімен әңгімелесу өткіздім. Сабақтарына қатысып, сабақты қалай талдау керектігін үйрендім.
Практиканың екінші аптасында бірінші өткізетін сабағымның сабақ жоспарын құрастыру үшін кеңес алдым. Информатика пәнінен өткізетін сабағымның тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрастырып, сол сабақты өткіздім.
Практиканың соңғы аптасында сыныпқа ашық сабақ өткіздім. Және де пән мұғалімінен өзіме қажетті құжаттарымды түгендеп мінездеме алдым. Сонымен қатар оқушылармен қоштасып оларға жақсы тәртіпті болуларына болашықта армандаған мамандығының иесі болуларына тілектес болуымды тіледім.
Жалпы осы практиканы қорытындылай келсем осы аз уақытта көп нәрсе үйрендік, күнтізбелік жоспар құрудан бастап, әсіресе информатика кабинетіндегі мұғалімінің жеке жұмыстарымен жұмыс істеуді, әр түрлі құжаттармен қалай жұмыс атқаруды үйрендік.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Информатика және технологиялар кафедрасы
