Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TGP2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

1.5. Құқықтың эволюциялық және революциялық дамуы.

Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы барысында қоғамдық – экономикалық формация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқықтың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Құқық негізінде үш жолмен пайда болады:  

Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды  реттейтін әдет – ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі уақыты ол күшпен қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік – құқықтық кесімдерді шығара бастайды. Әдет – ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары пайда болады.  

Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының  дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылады. Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым – қатынастардың  жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі қоғамдық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында Заң ғылымында « құқық » термині бірнеше мағынада қолданылады.  

Біріншіде, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу құқығы.

Екіншіден, «құқық» деген – құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы. Бұл обьективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның  4 – бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік – құқықтық актілері » болып табылады.

Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, Конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, еңбек құқғы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы т.б.

Төртіншіден, «құқық» термині субьективтік құқық пен обьективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықытық жүйе.   Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Сонымен, құқық  - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.

Құқықтың мазмұнының негізгі элименттері:

  • қоғамның және адамдардың мүдде – мақсатын қорғау, орындау;  

  • қарым – қатынастарды реттеп – басқару;  

  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;  

  • мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара қатынасын реттеп – басқарып отыру;  

  • халықаралық қатынастарды реттеп – басқару;

Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.

Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс – жүзінде қатынастардың субьектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықтың өзіне тән мынадай нышандары бар:  

  • Құқық мемлектпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі.  Парламент – заң, президент – жарлықтар, үкімет – қаулылар мен өкімдер, салалы министрліктер – ережелер мен бұйрықтар, жергілікті органдар – шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие.  

  • Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субектілерге бірдей қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне қарамайды, бәріне тең және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.  

  • Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданылатын нормалардың жиынтығы. Әдет – ғұрып, діни, дәстүрге сияқты нормаларға қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субьектілердің бәріне қатысы бар.

  • Құқық формальды – айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік – құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет – ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.  Құқық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.  

  • Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір – бірімен үйлесемді мағынадағы жүйені құрайды.  

  • Мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субьектілер құқық нормалары бекіткен мінез – құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану арқылы іс жүзіне асырады.

Мемлекеттік құқық арқылы өзінің жоғары және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, өзара қарым – қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес.Міне, осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Сонымен, құқық  қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, жеке адамның   өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер етеді.

ІІ. Құқықтық жауапкершілік мазмұны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]