- •Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы Жоспар:
- •Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
- •Сөзжасамдық тәсілдер
- •Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі
- •Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі
- •Сөзжасамдық единицилар. Сөзжасамдық ұя.
- •Туынды сөздер
- •Күрделі сөз
- •Кіріккен сөздер
- •Біріккен сөздер
- •Қос сөздер
- •Сөзжасамдық мағына
- •Сөз таптарының сөзжасамы. Зат есімнің сөзжасамы Жоспар
- •Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.
- •Әдебиеттер:
- •Сын есім сөзжасамы Жоспар
- •Сан есім сөзжасамы Жоспар
- •Әдебиеттер:
Қос сөздер
Басқа түркі тілдері тәрізді, қазақ тілінде күрделі сөздерді компоненттерінің бірі – бірімен байланысуы тәсілі тұрғысынан екіге бөледі. Құрамындағы сыңарлары сабақтаса байланысып құрылғандарын біріккен сөздерге, ол ал салаласа байланысып құрылғандарын қос сөздерге жатқызады. Күрделі сөздерді осылай жүйелеу дәстүрге айналып кеткенімен, тіл мамандарының бұл туралындағы пікірлері бір жерден шығады деуге келмейді.
Мәселен, қайталама қос сөз туралында Н.К. Дмитреев «Башқұрт тілінің грамматикасы» деген еңбегінде грамматикалық жолмен жасалған форма болады дейді, ол А.Н. Кононов «Өзбек тілінің грамматикасы» деген еңбегінде: Екі сөзді қосарлау негізінде пайда болған лексикалық комплекс жинақтау, жалпылама, қайталау, экспресивтік мағына білдіреді дегенді айтады.
Ал қазақ тіл мамандарының пікірлеріне келсек, мәселен, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбектерінде : «қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы – қос сөздер болады» (А .1962) десе, ал профессор А. Ысқақов «сөздерді қайталап қолданудан лексикалық түсінігі өзгермейді, демек жаңа сөз тумайды тек грамматикаланады (1974. ҚҚТ. 112бет)» дейді. Профессор Қ. Аханов «Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқаларын күрделі сөз деп қарайды(1972. 80 бет) .
Қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша әр түрлі пікір тудырғанымен, оларға ортақ кейбір жақтары барлығында ескеру керек. Біріншіден, құрылымдағы сөздердің сыртқы пішіні, дыбысталуы мен іші мәні мен мағынасы негізінде қалыптасқан құрымның болуы, екіншіден, белгілі сөз табына жатуы, үшіншіден, сөйлемге мүше болғанда бірінен – бірі ажырамай бір ғана мүшенің, сондай – ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жатады.
Күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан артық сөзден де бола беретіні белгілі. Ал қос сөздер құрамы екіден аса қоймайды. Күрделі сөздер компоненттері арасына басқа сөзді сыналап қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болады. М: төсек – орын (төсек те орын), жақсы – жаман (жақсы да жаман), сырт – сұрт (сырт та сұрт).
Көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болады.М: биыл – биылғы, қоян-қояншы, аққу – аққудай. Қос сөз бойында ондай қасиет байқалмайды.
Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесінен болса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздерді онай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған.
Оған тарс – тұрс, ет – мет, шай – пай, киім – кешек, қора – қопсы, тері – терсек т.б. жатады.
Морфологиялық сипаты, яғни морфемалық құрамы жағынан қос сөз сыңарлары аса күрделі болады. Мәселен қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірінің жай қайталануынан да (биік - биік) қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді - өзімен) бола береді. Қосарлама қос сөздердің компоненттеріне келсек, олар да біріншіден сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт – құмырсқа, бау - бақша) екіншіден, қосымшалы – қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, тері -терсек, көрген - білген), үшіншіден күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін –ертең, ағайын – туған, күндіз – түні) жасалады.
Күрделі сөз компоненттері морфологиялық құрамы жағынан жинақы, бір ізділікпен келсе, қос сөздікі бытыраңқы ала –құса боп келеді. Фонетикалық жақтан қос сөздердің компоненттері жақтан буын, дыбыс жақтарынан үлесіп, ыңғайласып, ұйқасып отырады. М: емін – еркін, алып – салып тәрізді сөздердің компонементтері екі меңзеу у- шу тәрізділер бір буыннан тұрады. Абысын – ажын дегендерде екі компоненттері де біріңғай дауысты «а» фонемасынан басталса жүн – жұртқа дегенде бірыңғай «ж» фонемасынан басталып тұр. Қос сөздер ішінде бұл сияқты ассонанс, аллитерация құбылыстары жиі ұшырайды. Ал күрделі сөзде кездеспейді.
Қос сөз құрылымындағы сөздердің сөз табына қатынасына келсек, оның құрамында сөз таптары түгелдей кездеседі. М.: зат есім құрамына кіретін зат есімдерге қап – қап; мая – мая; ұры – қары; жүн – жұрқа; қауіп – қатер; қүрал – сайман сый-сыйпат; бет – ажар.
Сын есім құрамына енетіндерге ұсақ – түйек, ескі – құсқы, үп – үлкен, жап – жақсы, биік – биік.
Сан есімге жататандарға бір – екі, бес – алты, қырық – елу.
Етістік құрамдыларға: шайып – жуу, өлшеп – пілу, бағып – қағу, күйіп – жану тәрізді сөздер жатады.
Еліктеуіш сөздерге: тарс – тұрс, күрс – күрс, шақ – шек, сылқ – сылқ, жалт – жұлт, тық – тік, қалт – құлт, одағай сөздерге моһ-моһ, шөре – шөре.
Қос сөздер мен сөз табының ара қатынасына келсек, оның құрамындағы сыңарлары қай сөз табына жататын сөз болса, олардың қосарлануымен пайда болған қос сөздер сол сөз табына жатады. Тек үстеуде кейде аралас келуі мүмкін. Себебі үстеудің қалыптасу ерекшелігіне байланысты болады.
Күрделі сөз компоненттері дербес лексикалық мағынасын бар сөздерде көмекші сөздерден де бола береді. Тіпті дербес мағынасы бар түріндегі атауын сөздердің өзі де мағына жағынан еркін емес. Әдетте олар мәндес қайшы мәндес ұштас, сыбайлас болады. М: мәндес қос сөздерге аңырап – боздап, ашық – жарқын, алым – салық, бағып – қағып, бау – бақша, дәрі – дәрмек, зере – құрт, іле – шала.
Қайшы мәндес қос сөздер: асты –үсті, әне – міне, әрі – бері, келіп – кетіп, бұрын – соңды.
Ұштас қос сөздер: аты – жөні, апалы – сіңлі, ауыл – үй, ата –баба, үй – жай, іні – бауыры.
Қос сөздерді сөз тудырушы аналитикалық тәсіліне жатқызғанның өзінде де оны біріккен, құрама сөздер тәрізді өнімді тәсіл деуге келмейді.
Қос сөздер, тілде лексикалық мүддені өтеуге жұмсалады. Соның өзінде де барлығы емес, негізінен қосарлама деп аталатын түрі. Бірақ олардың өзі де күрделі сөздер сияқты заттық, сапалық, сандық, іс – әрекет, қимылдық тәрізді ұғымдарды білдіріп, солардың атауы емес, әр алуан жалпылама топшыланған, экспресивтік ұғымның атауы ретінде қызмет атқарады.
Әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы. -Алматы: Білім. 1967. 1том.
2.АхановК.Тіл білімінің негіздері. -Алматы. 1978.
3.ШәкеновЖ.Қазақ тіліндегі күрделі тұлғалар. -Алматы. 1991.
4.Жәркешова Г.Біріккен және кіріккен сөздер . -Алматы. 1959.
5.ҚайдаровА.Парные слова современном уйгурском языке. -Алматы. 1958.
№10 дәріс
Күрделі сөздер.
1.Тіркескен күрделі сөздер.
2.Құрама күрделі сөздердің ұқсас құбылыстардан айырмасы.
3.Тірек сыңар, ауыспалы сыңар.
4.Қысқарған сөздер.
Тіркескен күрделі сөз деп екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер аталады. Олар - сөйлемге дайын лексема қызметінде алынып, бір сұрақка жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі кызметін атқаратын, арасы бөлінбей бір ырғақпен айтылдатын сөздер. Тіркескен күрделі сөздердің де сыңарлары және олардың орны тұрақты. Тіркескен күрделі сөздер құрамы, мағынасы, атқаратын қызметі жағынан біріккен және қос сөздермен бірдей, сөзді тануға қойылатын белгілерге толық жауап береді, айырма емлемен байланысты. Біріккен сөздің сыңарлары бірге жазылады, қос сөздің сыңарлары дефис арқылы жазылады. Тіркескен күрделі сөздердің сыңарлары бөлек жазылады. Тірек сыңар деп түрлі сөздерден күрделі сөз жасаушы кызмет атқаратын сөз танылады. Мысалы, көріп бер, алып бер, әкеп бер, жинап бер деген кұрделі етістіктерде бер деген сыңар түрлі етістікке тіркесіп, одан күрделі сөз жасап тұ Қара торғай, боз торғай дегенде торғай сөзі тірек сыңар болып, бірнеше сөздерден күрделі сөз жасап тұр. Тірек сыңардың қызметі түрлі сөзден туынды түбір жасайтын жұрнақгың қызметіне ұқсас. Әр тірек сыңар кандай сөздерден күрделі сөз жасаса да, бәрінде ол бір мағына береді. Осы ерекшелік түрлі туынды түбір жасаушы жүрнақта да бар екені белгілі. Мысалы, мал қора, сиыр қора, кой қора деген түрлі затгың атын жасаған күрделі сөздердің бәрінде соңғы сыңардың мағынасы бірдей. Ал жұмысшы, етікші, малшы, оқытушы, егінші деген туынды түбірлердің бәрінде —шы /-ші жүрнағының мағынасы бірдей. Тірек сыңар да, жұрнақ та түрлі сөздерден туынды сөз жасап тұр. Тірек сыңардың күрделі сөздердегі орны тұрақты, әдетте ол күрделі сөздің екінші сыңары болады. Мысалы, тоқпан жілік, асықты жілік, ортан жілік, қара көк, күлгін көк, ашық көк, алып кайт, келіп кайт, көріп кайт, екі мың, үш мың, бес жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т.б. Дегенмен бүл кағидаға кайшы жағдай да кездеседі. Сан есімнін бірінші жасалу жолында тірек сыңар бірінші орында тұрады. Мысалы, он бір, он екі, он үш, отыз төрт, отыз бес, қырық алты, қырық жеті т.б. күрделі сандарда тірек сыңар бірінші сыңарда тұрады. Күрделі сөздің ауыспалы сыңары - олардан тірек сынар арқылы күрделі сөз жасайтын түрлі сөздер. Ауыспалы сыңарларға тірек сыңар тіркесу арқьшы күрделі сөз жасалады. Мысалы, екі+жүз, үш+жүз, төрт+жүз, бес+жүз т.б. Тілде күрделі сөздің ауыспалы сыңары кызметіндегі сөздерде саны тірек сыңарлар санынан әлдеқайда көп. Өйткені бір тірек сыңар арқылы түрлі сөздерден бірнеше күрделі сөз жасалады, сондықтан тілдегі ауыспалы сыңар қызметіндегі сөздер мен тірек сынар қызметіндегі сөздердің саны тең бола алмайды. Сөзді қысқартып, ықшамдап айту, жеңілдетіп қолдану тілде көне замандардан бар. Бұл тілде кең орын алатын ықшамдау заңдылығымен байланысты. Ол заңдылық дүние жүзіндегі барлық тілдерде бар, оның түрлері, қатысты салалары да мол. Соның бірі - қысқарған сөздер. Кеңес дәуіріне дейін сөздерді әдейі қысқарту адам аттарымен байланысты тілден орын алған. Қазақ тілінде адам атын қысқартып қолданудың түрлі жолы бар: 1) үлкен адамды сыйлау, құрметтеу мақсатында кісі атын қысқарту: Жұмабай-Жұмеке, Бейсен-Бәке, Өмірзақ-Өмеке, Асқар-Асеке т.б. 2) бала атын еркелету ретінде қысқарту. Мысалы, Айнагүл-Айнаш, Қалихан-Қанаш, Қожабек-Қожаш, Сағынғали-Сағынжан, Өмірғали-Өміртай т.б. 1. Кеңес үкіметі кезінде бірнеше сөзден тұратын мекемелер, ұйымдар аты көбейді. Оларды бір мәтінде, сөйлеу кезінде қайталау қажет болғанда, сөз көп орын алады, уакыт кетеді. Сондықтан оны қысқарту кажеттігі туды. Осьмен байланысты оларды қысартып қолдану пайда болды. 2. Бұнымен бірге тар көлемде де кысқартулар қолданылды. Бұл ғылыми еңбектерден көп орын алды. Ғылыми диссертацияларда, монографияларда зерттеу мәселесіне катысты күрделі атаулардың еңбекте жиі қайталануы бар, ол — заңды құбылыс. Ондай күрделі атау еңбекте жиі қолданылатын болғандықтан, автор көп орын кетірмеу үшін, оны қысқартып қолданады. Мысалы, ТЖ - топтық жұмыс, ЖЖ - жұптық жұмыс, 3. Кісі атын, әкесінің атының басқы әрпін алып фамилиясын толық жазу. Мысалы, Р.Ғ.Сыздыкова, А.Ысқақов, А.С.Аманжолов.
Ондай сөздерді қысқартуда орыс тілінің заңдылығын пайдалану қалыптасты. Олар төмендегідей: 1. Күрделі атаудың әр сөзінің бірінші әрпі алынды. Мысалы, ҚҚС - қосымша кұн салығы, ОСҚ - Орталық сайлау комиссиясы, ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ; 2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің бас буыны, қалған сөздердің басқы әрпі. ҚазМҰУ - Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті, АлМУ - Алматы Мемлекетгік университеті. 3. Күрделі атаудың басқы буындары алынады. Мысалы, Кармет - Карағанды металлургиясы, Сеймар - (концерн) Сейсенбаев Марғұлан, Санбат - санитарлық батальон. 4. Күрделі атаудың 1-сөзінің басқы буыны, келесі сөзі толық. Мысалы, партбилет, қазпочта –қазақ почтасы. Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер.КДА. -Алматы.1992.
АлдашевН.Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. КДА.-Алматы.1996.
№ 11 дәріс
