Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ТМВР 2015+ШАБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114 Кб
Скачать
☆

І .Жалпы мәліметтер:

1. Дәрістің оқытушысы: Шалғымбекова Әлия Батырханқызы – ҚМПИ педагогика кафедрасының аға оқытушысы

2. Ғылыми қызығушылығы:тәрбие мәселелеріне студенттердің назарын аудару

3. Курс аталуы: Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі

4. Курыстың коды- TMWR-3301

5. Кредит саны –2

6. Уақыты – кесте бойынша

7. Семестр:оқу жоспары бойынша

8. Аудитория:кесте бойынша

Іі. Курстың қысқаша мазмұны Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Арнайы курс негізгі «Мектеп педагогикасы» курсы оқытылғаннан кейін енгізіледі және сынып ұжымымен жұмыс кезінде тәрбие үрдісінің мәнін және технологиясын қолдану жайында білімді игеруді қамтамасыз ете, педагогикалық тәжірибе жағдайында студенттердің кәсіптік қызметке дайындауды, жетілдіруді ықпал ете отырып, оның ен басты тәрбие теориясы бөлімін қисынды жалғастырады, тереңдетіп, нақтыландырады.

Тәрбие жұмысының теориясы мен тәжірибесі – тәрбиенің теоретикалық негіздер аумағында студенттердің білімін тереңдетіп, жүйелендіретіп және тәрбие әдістемесі мен технологиясы аумағында білімдер қалыптастыруға, жалпы мектеп жағдайының жүйесі ретінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың алдынғы тәжірибелерімен таныстыруға арналған арнайы курс.

Курстың мақсаты – жүйелік, жеке тұлғалық бағыт негізінде тәрбиенің теоретикалық теория негіздері мен әдістемесін, сыныпта тәрбие үрдісін басқару технологиясын оқыту.

Міндеттері:

  1. Болашақ мұғалімді теоретикалық дайындау мен оның тәжірибелік тәжірибесін қалыптастыру үрдісі арасында қисынды байланысты орнықтыру.

  2. Тәжірибелік тәрбие жұмыстарына психологиялық дайындықты қалыптастыру.

  3. Болашақ сынып жетекшілерде жоспарлаудың қолданбалы іскерлігін, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен анализдеуді қалыптастыру.

  4. Тәрбие үрдісі жағдайын диагностикалау және оның субъектілерін диагностикалау әдістерін оқыту.

  5. Студенттерде кәсібіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тереңдету, тәрбиенің адамгершілік теориясы негізінде педагогикалық міндеттерді шығармашылық шешуге міндетті қалыптастыру.

Студенттермен тәрбие теориясы және тәжірибесін негіздерін меңгеру тәрбие үрдісіне жүйелі көзқарасты қалыптастыруды, тәрбиенің озық концепцияларындағы концептуалдық жағдайлар жөнінен терең білімді, мектептің педагогикалық үрдісінде оны жүзеге асыру заңдылықтарын және механизмдерін түсінуді қамтамасыз ету керек.

Курс болашақ мұғалімді қалыптастыруда қолданбалы мәнге ие және оған мыналарды меңгеруге мүмкіндік береді:

  • «Тәрбие үрдісі», «тәрбиелік жұмыс», «тәрбиелеушілік қызмет», «тәрбиелеу жүйесі», «тәрбие жүйелерін басқару» түсініктерімен.

  • Сынып жетекшінің тағайындалуы мен қызметтік міндеттерімен.

  • Сынып жетекшінің қызметінің негізгі бағыттарымен, жүйелі-функциональді үлгісімен.

  • Тәрбие үрдісін басқару технологияларын, тәрбиенің анализі мен бағдарламаларын таңдау.

  • Тәрбие жұмыс мақсатын қою алгоритмімен, оқушылардың тәрбиелік байланысының жоспарлау мен анализі

  • Тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру мен негізгі тәрбиелік үлгілердің әдістемесімен.

  • Тәрбиенің негізгі үлгісі ретіндегі сынып сағатын ұйымдастыру типологиясы мен әдістемесімен.

  • Оқушылардың ұжымдық шығармашылық істер технологиясы

  • Оқушылармен жеке дара тәрбиелік жұмыс әдістемесімен.

Арнайы курс нәтижесінде студент мынандай іскерліктерді меңгеру керек:

  • оқушылардың тәрбие диагностикаларды

  • мақсаттылық

  • жоспарлау

  • тәрбиелік қызметін ұйымдастыру және балалар ұжымында өзіндік басқару

  • оқушылармен тәрбиелік қарым-қатынас талдау барысы және нәтижесі.

Курстың пререквизиттері

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқытудан бұрын төмендегі педагогикалық пәндер: «ГІедагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Этнопедагогика», «Педагогика тарихы» оқытылып, бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық практика студенттерде тұтас педагогикалық үдерісте оқушы тұлғасын дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қалайды.

Курстың постреквизиттері

  • «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін» оқыту студенттердің әдістемелік пәндерді жетік меңгеруіне, педагогикалық практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады.