Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KURSOVOJ_EO-4121vapvapva.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Сурет – Толық бұрылу экскаватор схемасы

Жұмыс жабдығы, жетектер, машинистың кабинасы және қозғалтқыш бұрылу платформасында орнатылады, ал ол өз кезегінде шассиге тірек-бұрылу құрылғысы (ТБҚ) арқылы бекиді және соған қатысты түрде кез келген жаққа және кез келген бұрышқа бұрылуы мүмкiн. Шасси су жүйесiнiң бiр бөлiгi және толық бұрылатын экскаваторлардың бұрылу платформасы коллектор қолданысымен жалғанады, осыдан бiр жаққа толық айналымдардың шексiз санын өндiруге мүмкіндің береді

Толық бұрылмайтын экскаватор

Сурет – Толық бұрылмайтын экскаватор дөңгелекті трактордың шасси схемасы:

1. тракторға бекітілген экскаватор рамасы; 2. Бұрылу бағанасы; 3. Жебе; 4. Сап; 5. Жебе жетегінің гидроцилиндры; 6. Сап жетегінің гидроцилиндры; 7. Шөміштің жетегінің гидроцилиндры; 8. Шөміш; 9. Шөміштің кері күрек түріндегі орналасу нұсқасы; 10. Ауыпалы жүк ілмегі; 11. Бульдозерлік қайырма; 12. Шығарғыш тіректер

Осы түрге ұқсас көп машиналарда бұрылатын бағана көлденең бағыттаушыға монтаждалады, бұл жұмыс жабдығымен бірге оңға-солға орын алмастыруға рұқсат береді кейінгі қатты бекiтілген жұмыс жабдығының ыңғайлы күйін қамтамасыз етеді. Жұмыс жабдығының бұрылыс бұрышы бастапқы жағдайынан 45-90 градустарда жүзеге асады. Қозғалтқыш, тетiктер, машинаның кабинасы бұрылмайтын шассиде орналастырылады. Қазiргi уақытта толық бұрылмайтын экскаваторларды тракторға ілінетін болып орындайды.

Шасси түріне байланысты Тракторға ілінетін

Сурет –«Беларусь» тракторына ілінген экскаватор

Сурет – Шетелдік тракторлы экскаватор

Базалық шасси ретінде трактор қолданылады, көбіне доңғалақты.Толық бұрылмайтын экскаваторлық жабдық трактордың артына кейде жанына арнайы рамада орналасады. Ең кең таралған экскаватор ол 1,4 классындағы тракторға ілінетін түрі.Шөміштің сипатты көлемі– 0,2-0,5 мі. Кішкене жер қазу жұмыстарында, жүктеу жұмыстарында, көбінесе инженерлік торабтардың жөндеуінде қолданылады. Жұмыс жабдығының конструкциясы жұмыс кезінде шөмішті тез арада тік және кері күрекке ауыстыруға ыңғайлы. Шөміш грейфермен, жүк айырларымен, ілмекпен ауыстырыла алады. Жетек үшін базалық трактордың қозғалтқышы қолданылады.Жұмыс жабдығының жетегі гидравликалық. Жүрістің салыстырмалы үлкен жылдамдығына байланысты базадан 20-30 км қашықтықта орналасқан жұмыс алаңына тез арада жете алады.Экскаваторлық жқмыс жабдығы ілінген трактор транспорттық және бульдозерлік жұмыстарда да қолдана алады.

Көліктік шасси

Сурет –КрАЗ-255 шассиіндегі ЭОВ-4421 (Кирасир) экскаваторы

Сурет – Татра-141 шассиіндегі UDS экскаваторы

Базалық шасси ретінде жук көлігі қолданылады, көбінесе өте алуы жоғары көлітктер. Орын ауыстырудың үлкен жылдамдығына ие. Тез орындалу жағдайларында көбінесе қолданылады: әскери iс-әрекетте (инженерлік жасақта, жол жасақтарында), жедел құтқару операцияларында, жол салуда, каналдарды тазалауда. Жұмыс жабдығы – көіне – кері күрек. Экскаваторлар телескоптық жебемен және бұрылу шөмішімен шығарылады, ол тез арада тік күректен кері күрекке ауысуды қамтамасыз етеді. Жетек үшін базалық көлік қозғалтқышымен жабдықталады, сонымен қоса бұрылу платформасына орналасатын бөлек қозғалтқыш та қолдана алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]