- •1. Экскаватордың міндеті, жіктелуі, техникалық сипаттамасы, жұмыс жабдығы
- •1.1 Міндеті
- •Өлшем топтары
- •1.2 Жіктелуі
- •Тiрек бетіне қатысты жұмыс жабдығын бұру мүмкiндiгiне байланысты Толық бұрылу экскаваторы
- •Көліктік шасси
- •Сурет – Толық бұрылу экскаватор схемасы
- •Толық бұрылмайтын экскаватор
- •Сурет – Толық бұрылмайтын экскаватор дөңгелекті трактордың шасси схемасы:
- •Шасси түріне байланысты Тракторға ілінетін
- •Пневмодоңғалақты
- •Шынжыртабан
- •Адымдаушы
- •Теміржолды
- •Қозғалтқыш типіне байланысты
- •Механикалық берілістер түріне (жұмыс жабдығы жетегі) Топталған механикалық арқанды жетекпен(механикалық)
- •Дара электрлiк лебедка жетегімен (электромеханикалық )
- •Гидравликалық жетекпен
- •1.3 Машинаның техникалық сипаттамасы.
- •1.4 Жұмыс жабдығы
- •2. Экскаватордың жалпы есептеуі
- •2.1 Экскаватор жұмыс мүшесінің негізгі параметрлерін есептеу
- •2. 2 Экскаватор гидроцилиндріндегі күштерді анықтау
- •3. Экскаватордың өнімділігін есептеу
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •Экскаваторда жұмыс жасаудағы қауіпсіздік техникасы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Теміржолды
Экскаватор шассиі ретінде теміржолды платформа қолданылады. Теміржолда жөндеу жұмыстарын жасауға арналған. Шөміқ көлемі 4 мі-ге дейін. Бұрылу платформасы және жабдығы шынжыртабанды экскаватормен унифицирленген.
Жүзгіш
Сурет – Бір шөмішті жүзгіш экскаватор – жерснаряд
Жұмыс жабдығы (драглайн немесе грейферлік) понтонда орналасады. Жүктеу-жүк түсіру жұмыстарында, құм, қиыршықтасты өндiріп алу, сутоғандарының түбiн тереңдеткiш және түбiн тазалайтын жұмыстарды атқарады. Грейфермен жабдықталған қалқыма крандардан жүзгіш экскаваторлар кiшiрек биiктiктер және жебенiң ықшамдалған құрылымымен ерекшеленедi.
Қозғалтқыш типіне байланысты
Сурет – Бумен жұмыс iстейтiн экскаватор
Бумен жұмыс iстейтiн экскаваторлар- қозғалтқыш ретінде бу машинасы қолданылады. 20 ғасырдың басында таралды. Қазіргі уақытта шығарылмайды. Бу экскаваторының моментті-жылдамдық сипаттамалары және экскаватор жұмыс жабдығы жақсы келіседі (бу машинасы типти тоқтаған білікте де айналдыру моментті туындатады), механикалық берілісті жеңілдетеді.
Ішкі жану қозғалтқышты – кең тараған түрдің бірі. Экскаватор өз арнайы құозғатқышына ие, көбіне дизельдік.Бұл жұмыстың автономдығын қамтамасыз етеді. Қозғалтқыштың қуатының диапазоны қазіргі уақыттағы экскаваторларда өте жоғары(қарау өлшем топтары).
Іштей жану қозғалтқыштың моментті – жылдамдық сипаттамалары және экскаватор жұмыс жабдығы келісілмеген. Жеке жағдайда, іштей жану қозғалтқышы тоқтаған иінді білікте айналдыру моментті туындата алмайды. Бұл механикалық экскаваторларда келісілген берілістерді қажет етеді(iлiнiсу жалғастырғыштары, бәсендеткiштер, гидротрансформатор). Гидравликалық экскаваторларда келісуді гидравликалық берілістер қамтамасыз етеді.
Электрлік экскаваторлар – жұмыс жабдығы жетегі үшін электрлік қозғалтқыштар қолданады, олар энергияны сыртқы арнадан немесе өздерінің дизельді-электрлік агрегаттарынан алады. энергияны сыртқы арнадан алатын Электрлік жетектер карьерлік экскаваторларда қолданылады. Осындай экскаваторлар үнемді және карьердің атмосфераыын кірлемейді. Дизельді-электрлік агрегаттан қуаттанатын электрлік жетектер жүзгіш экскаваторларда қолданылады. Бу машинасы сияқты электрлік қозғалтқыш тоқтаған білікте де айналдыру моментін туындатады, сондықтан электрлік экскаваторға күрделі механикалық берілістер керек жоқ.
Жарылу қаупi бар (шахталардағы) ортада жұмыс iстейтiн экскаваторларда алғашқы қозғалтқышы болмайды. Олардың гидравликалық жабдықтары сыртқы май станциясынан жоғары қысымды сұйықтық арқылы әрекеттенедi.
Механикалық берілістер түріне (жұмыс жабдығы жетегі) Топталған механикалық арқанды жетекпен(механикалық)
Сурет – Механикалық экскаватордың лебедкасы
Тартқыштық күш жұмысшы мүшелерге арқан (немесе шынжырлар) қозғалысы лебедка арқылы берiледi. Лебедка жетегі экскаватордың қозғалтқышынан механикалық берілістер (тiстi, шынжырлы, фрикциялық, червяк) арқылы жүзеге асырады.
Әмбебап экскаватор Механикалық жетегi үш барабанды лебедкамен жабдықталады. Лебедканын Жебелі барабаны жебенiң (көтерiлу және түсiру) жетек үшiн пайдаланады. Көтергiш барабан (немесе саптың қайтаруы үшін қайырмалы кері күрек жұмысы кезінде) шқмішті көтеру үшiн пайдаланады. Тарту барабаны (драглайнмен, қайырмалы күрек жұмыс кезінде) шөмішті экскаваторға тартуы үшiн пайдаланады. Тiк күректiң жұмысының кезінде тарту барабаны саптың арыны механизмімен байланысады.
Механикалық арқан жетегi экскаваторларда бұрында кең қолданылды. Оның қолдануының қазiргi үлгiлерiнде келесi себептермен қысқартты:
- механикалық арқан жетегi бар экскаваторлар күрделi құрылымды және жылдам тозатын бұйымдарды саны үлкен (фрикциондарды жапсырма, тежеуiштердiң таспасы, арқандар). .
- арқан жетегi жұмыс жабдығының элементтерiнiң тәуелсiз орын ауыстыруларының шектелген санын қамтамасыз етедi;
- арқанды жетекті техникалық тұрғыда автоматты ету қиын;
- рқан жетегi берiлген жағдайда жұмыс жабдығының элементтерiнің толық бекуінi қамтамасыз етпейдi
Қазіргі заманғы моделдерде арқанды жетек тек драглайн мен грейферде қолданылады.
