- •Тақырып 4: Коммерциялық банктердің депозиттік портфельі: оны құрастыру және басқару.
- •Депозиттік операциялар жүргізу кезіндегі банк пен депозит иесінің құқығы мен міндеттері
- •Жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің элементтері.
- •Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құру
- •Тақырып 5: Пассивтік операциялардың тәуекелдерін басқару
- •Экономикалық:
- •Тақырып 6: Несиелендіруді ұйымдастыру. Несиелік саясат
- •Коммерциялық несиенің мәні
Экономикалық:
жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;
қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы,
Пайыз тәуекелі - бұл нарықтағы пайыз мөлшерлемелерінің болжамсыз өзгерісінен банктің пайыздық маржасының төмендеуін білдіреді.
Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне мыналар жатады:
пайыздық тәуекелді айқындау (идентифакциялау), яғни пайыздық мөлшерлемені өзгерутуге және сол арқылы банктің таза пайдасы мен экономикалық құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау;
пайыздық тәуекелді бағалау, пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған пайыздық тәуекелді бағалау әдістерін пайдалану;
пайыздық тәуекелдің алдын алу, яғни аквивтер мен пассиверді басқаруға бағытталған заладың алдын алуға арналған ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы;
бақылау, яғни пайыздық тәуекелді басқару процессіне жиі бақылау жасау.
Пайыз тәуекелі мынадай себептерге байланысты пайда болады:
пайыз мөлшерлемесінің түрлерін (тіркемелі, өзгермелі және т.б.) дұрыс таңдамау;
Орталық банктің пайыз саясатындағы өзгерістер;
банкте жасалған пайыз саясатының болмауы;
депозиттер мен несиелерге баға белгілеудегі жіберілген қателіктер;
өзге де себептер.
Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды.
Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:
айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;
конверсионды операциялар тәуекелі;
трансляциялық тәуекелдер;
форфейтинг тәуекелі
Операциондық тәуекелдің анықтамаларында мынадай ұғымдар беріледі:
ақпараттық жүйелердегі және ішкі бақылау жүйесіндегі ауытқулардың пайда болуының салдарынан қаржылық залалдардың орын алумен байланысты тәуекел;
ішкі үдерістерге қатысты орын алған кемшікліктердің салдарынан туындайтын зияндар;
банктің қызметтері мен өнімдерін сатумен байланысты туындайтын капиталдар мен табыстар тәуекелі.
Тақырып 6: Несиелендіруді ұйымдастыру. Несиелік саясат
Несие дегеніміз – қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде берілетін ақша сомасы. Қарыз капиталының немесе несиенің құрамына негізгі 3 элемент кіреді:
несие беруші
несие алушы
несие объектісі
Несие беруші бұл – несиелік келісімнің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беруші үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражат болуы керек. Осы қаражатты несиелік ресурстар деп атайды. Бұл ресурстардың қайнар көзі болып өз меншігіндегі қаражат және сырттан алынған қаражат жатады. Қарыз алушы бұл - өз мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында несие мекемесінен қарыз капиталын алушы тұлға. Несие объектісі – несие қатынастары құрылымының бірі, яғни несие берушіден қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға кері қозғалатын объект болып табылады. Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы - бұл несиені қолдану әдістерін пайдаланып мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелері. Несиені қолдану әдістеріне оны қайтарып беру, белгілі бір мерзім аралығында пайдалану және пайдаланғаны үшін ақы төлеу жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.несиенің маңызы сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Экономиканы орталықтан басқарудан нарықтық экономикаға өту біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңартылды. Сонымен бірге несие қатынастарыда несиенің көлеміде өзгерді. Акционерлік компаниялардың пайда болуы бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар арқылы қаржы жұмылдыруы бағалы қағаздар мен несие операциясын дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің мазмұнын арттырды. Қарыз алшуыға (шаруашылық,халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын (ақша капиталды мен табыстар) несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Түрлері:
Кредиттеу объектінің экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие
- негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға б.н.
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай ақ нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке б.н.
- өндірістің маусымдық шығыны аясында б.н.
-жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында б.н., аккредетивтер
- төлем кредиттері
2. Кредиттің қамтамасыз етілуі бойынша:
Жылжымалы жіне жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ, кепілділікпен, сақтандыру келісім шартымен толық қамтамасыз етілген
Ішінара қамтамасыз етілген
Қамтамасыз етілуі болмайтын бланкілік (сенімділік)
3.Қайтарылу мерзімі бойынша:
Қысқа
Орта
Ұзақ
4.Өтелу тәртібі бойынша:
Бөліп бөліп төлеу (мерзімін ұзарту)
Біржолғы өтеу
Кезең сайын бірқалыпты (бірқалыпты емес) өтеу
Несие формалары – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді.
Несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөлп көрсетуге болады:
қызмет ету саласына қарай : - ұлттық және халықаралық несие
несие мәмілесінің объектісіне қарай: - ақшалай және тауарлық несие
несие қатынасының субъектісіне қарай - банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер ипотекалық, мемлекеттік
Банктік несие – банктердің бір – біріне беретін несиесі.Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарт немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі.Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексильдер есебі және оны қайта есептеу. Халықты несиелеу.Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді. Бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін сауда. Несие қайтарылмаған жадайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиелердің салмағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады.Ломбардтың несие – тез іске алатын бағалы заттарды несие бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.Мемлекеттік несие - мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады.
