Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-6 Лекции по БД 2015 для магистрантов.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

Коммерциялық несиенің мәні

Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несне формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралык, фирмалық және т.б. жатқызады. Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату. Әр түрлі тауарларды өндіру жәше өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбнесе белглі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Халықарық несие – қайтару, мерзімді және ақылы шарттарының негізінде елдер арасындағы сауда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен ұғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем балансының тапшылығын жабудың құрамына және жинақтаудың қосымша көзін айналады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені ол тек компаниялармен, фирмалармен және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі. Халықаралық несие формасы бойынша 2 бөлінеді:

1) коммерциялық (тауарлық) несие

2) банктік несие.

Коммерциялық немесе фирмалық несие сыртқы саудамен және қызмет көрсетулермен тікелей байланысты болады. Оны, әдетте басқа елдегі әр түрлі коммерциялық құрылымға ие компаниялар, фирмалар вексельдің көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды тигеннен кейін аударылатын вексельді импорттаушыға қояды. Импорттаушы коммерциялық құжаттарды алғаннан кейін, оның векселін акцептейді, яғни оның төлемін белгілі бір мерзімде төлеуге келісімін береді.Банктік несиелеу тек экспорт-импорт операциялар бойынша есеп айырысулармен ғана байланысты яғни бұл несиелер банк арқылы жүргізіледі.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиеліе процессті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары. Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымстыру барысындағы банктің стратегиясы және тактикасын сипаттайды.Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуы тиіс:

  • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады.Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

  • несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;

  • несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;

  • сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;

  • ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды. Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несиеберу туралы қорытындысын қарайды;

  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);

  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;

  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуеклдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қаьылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • несиелік пртфельді басқару;

  • несиелеуге бақылау жасау;

  • құзіретті бөлу принциптері;

  • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;

  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;

  • несиелер бойынша зиян шегу шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:

  1. несиелеу саясаты

  2. несиелеу стандарты

  3. несиелеу нұсқаулықтары.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

  • банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;

  • несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;

  • несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;

  • несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.

КБ несиелер бойынша пайыздық ставкаларын анықтау.

Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

  • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі

  • банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі

  • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері

  • банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс)

  • несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады)

  • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі

  • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).

Cонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.

Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:

і  P  n

І   ,

360 * 100

мұндағы:

і – сыйақы мөлшері;

P - қарыз қалдығы;

n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;

І – ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:

і n

І  Р  [ ( 1 +  ) - 1 ] ,

1200

мұндағы:

і – сыйақы мөлшерлемесі;

P – несиенің бастапқы сомасы;

І - несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;

n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.

Егерде несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:

іg t1 іg t2

Іg Q  [( 1+ ) – (1+ ) ],

1200 1200

мұндағы:

Іg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;

G - мерзімі өткен қарыз сомасы;

іg - мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айыппұл);

t1 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;

t2 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.

Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.

Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

  • несиелеу мақсаты және объектісі;

  • несиенің мөлшері;

  • несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;

  • несиені қамтамасыз ету формасы;

  • несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;

  • несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;

  • несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі

Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:

  • тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:

а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;

ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;

б) валюталық құндылықтар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;

в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;

  • бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;

  • сол банктегі депозиттер кепілі;

  • жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).

  1. Мүліктік құқықтар кепілі:

  • жалгерлік құқық кепілі;

  • авторлық құқық кепілі;

  • жерге құқық кепілі.

Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастырылады:

  • Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;

  • Келісім-шарт заты;

  • Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;

  • Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;

  • Талап ету құқықтары;

  • Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;

  • Кепілге қойған мүліктің бузылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;

  • Тараптардың жауапкершіліктері;

  • Ерекше шарттар;

  • Дауларды шешу;

  • Басқа шарттар.

  • Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.

Бұл кезеңде ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).

Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.