- •Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •Аймақ экономикасын сипаттайтын жалпы экономикалық көрсеткіштер
- •Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Аймақ экономиканың қаржылық механизмi
- •Аймақ экономикадағы бюджетті қалыптастыру қағидалары
- •Одақтың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары
Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу дегеніміз – бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен деңгейін көтеру мақсатында барлық аймақтық жүйені толық тұрақты және теңдікті сақтай қызмет жасауын қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттер.
Мұндай іс-әрекеттер әр деңгейде атқарылады: жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару түрінде іске асса, аймақтарда ірі аумақтық бірліктің қызығушылығын қорғайтын арнайы органдармен іске асырылады, ал мемлекет деңгейінде жалпы мемлекеттік реттеу жүреді. Әр деңгейде зерттеу нысандары мен субъектілері өзгеріп отырады. Бірақ идеология барлық деңгейде бір қалыпты болады. Яғни барлық деңгейде іс әрекеттер әлеуметтік бағытта болып тұрақтылық пен тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
Аумақтардың дамуын реттеу нақты реттеу теорияларына, мазмұнына негіздеме тиімді болады. Өйткені реттеудің мазмұнын нақты саяси, ұйымдастырушылық, қаржылық, экономикалық, құқықтық және басқада әрекеттер құрайды.
Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеудің құрылымын келесідей нақты әрекеттер құрайды:
Тікелей және жанама әрекеттер;
Айқын және айқын емес әрекеттер;
3.Жалпыға ортақ және жеке селективті әрекеттер.
Бұл әрекеттер міндетті түрде бір бағытта болмайды және оларды орынды пайдаланбаған жағдайда бірінің тиімділігін екіншісі кемітеді.
Аумақтық дамудың мемлекеттік реттеу нысандары мен субъектілерін ажыратады.
Реттеу нысандарына нақты кәсіпорындар, ұйымдар, өндірістер жатады.
Реттеу субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар жатады. Мұнда орталық субъект жұбы географиялық орналасуды сипаттайды.
Ал нақты орталық қаралып отырған қатнастардың кем дегенде 3 субъектісімен ашылады. Олар:
ҚР Президенті – ол әр түрлі тапсырыстар беріп заңдар шығарады.
ҚР Үкіметі және оның министрлері – олар тиесілі шешімдер қабылдап белгілі бір қаржылық ресурстарды бөліп нормативтік актілерді іске асырады.
Жергілікті атқарушы органдар жатады.
Аумақтық дамуды көбінесе мемлекеттің жеке аумақтарға селективтік көмек көрсетуі арқылы іске асырылады.
Көмек көрсетуді қолдау дегеніміз - мемлекеттің билік органдарымен арнайы ұйымдастырылатын саяси құқықтық әлеуметтік қаржылық экономикалық және басқада іс-әрекеттері.
Мемлекеттік қолдаудың келесідей мақсаттары бар:
Объективті себептерден өздері өздерін дамыта алмайтын аумақтардың дамуына жағдай жасау дамытуды үстемелеу;
Жеке аймақтардың халықтары әлеуметтік жағына көшіп қонуын үстемелеу және ресурсты бағытты миграция;
Мемлекеттік тұрғыдан маңызды әлеуеттік өсу нүктелерін құруға және қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасау;
Жеке аймақтардың мемлекеттік қызметтерін атқаруды қамтамасыз ету;
Ерекше саяси және геосаяси маңызды аймақтарда арнайы ұйымдастырушылық құқықтық тәртіптерді құрып оларды қолдау;
Апатты зоналардың құрылымына оперативті іс-әрекеттер жүргізу.
Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеу моделі келесідей 4 блоктан тұрады:
Қалыптастыру блогы – мұнда реттеудің құқықтық актілерімен қамтамасыз етілуі, ақпараттық талдауды іске асырады. Негізгі мақсаты белгіленген іс әрәкеттер негізінде және заңдық күш беру;
Ресурстық блок – қаржы табиғи ресурстармен қамту;
Іске асыру блогы – қабылданған мақсаттарды іске асыру;
Бақылау блогы – іске асырылған жұмыстарға бақылау жасау.
