- •Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •Аймақ экономикасын сипаттайтын жалпы экономикалық көрсеткіштер
- •Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Аймақ экономиканың қаржылық механизмi
- •Аймақ экономикадағы бюджетті қалыптастыру қағидалары
- •Одақтың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары
Аймақтық менеджмент және оның формалары
Аймақ экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету‑аумақтардың әлеуметтік‑экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймақтың проблемалық ерекшелігі‑оларды шешу үшін әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарында жеке кәсіпорындар мен ұйымдарында жергілікті өзін өзі басқару органдарының қатысуын талап етеді. Оымен аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдірудің өзара байланыстылығы және бірін-бірі толтыратын 3 формасы жүргізіледі. 1макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру (республикалық) 2. Мезодеңгейдегі тиімді аймақ менеджмент механизмін қалыптастыру (облыстық) 3. Жергілікті өзін-өзі әдістерін жетілдіру (аймақтық). Аймақ деңгейінде аймақтық менеджмент механизмі аймақтық ресурстық әлеует және даму мүмкіндіктерін толықтай пайдалану барлық аймақтарда бірдеу емес болғандықтан әр облыста әртүрлі дамиды. Осыдан келе келесідей міндеттер болады: 1. Аймақтың өндірістік қызметінің ауқымы және жалпы табысын арттыру. 2. Ұтымды мамандандыру. 3. Аумақтық жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналастыру. 4. Қолайлы инвестициялық климат жасау. 5. Кәсіпкерлікті дамыту және бәсекелестік орта құру.
Аймақ экономиканың қаржылық механизмi
Аймақтық қаржы – бұл аймақтың ақшалай-қаражат ресурстары. Олардың негізгі көздеріне мемлекеттік және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылық ресурстар, аймақ бюджетіне түсетін әртүрлі төлемдер.
Қаржылық жоспарлау - ол ең бірінші кезеңде қаржылық талдау мәліметтері негізінде жүргізіледі. Екіншіден, бюджетті қалыптастыру. Үшіншіден, бюджеттің жұмсалуын бақылау. Бюджетті дұрыс бақылау үшін және қаржыны тиімді басқару мақсатында бақылау ривизиялық органдар тағайындалады.
Қаржылық жоспарлау қаржыны басқарудың ең маңызды қызметі болып табылады. Қаржылық жоспарлауды даярлау әр деңгейде келістіру атқарушы органдармен жүзеге асырылады. Әр аймақтағы басымды дамытуға қажетті салалар аймақтың қазіргі даму деңгейімен және болашағымен айқындалады. Қаржылық жоспарлауды даярлауды бюджетті құраумен қатар жүргізгені дұрыс.
Бюджетті бекітуді халықтың қызығушылығын білдіретін немесе халықтың қызығушылығын сақтайтын, ескеретін заңды орган. Қаржылық жоспарлау билік органдарымен көбінесе бекітілмей бюджеттің жобасы ретінде қолданылады.
Аймақтық бюджет дегеніміз – аймақтың міндеттері мен қызметтерін орындауға арналған ақша құрамдарын құру мен жұмсаудың түрі немесе формасы.
ҚР- да аймақтардағы бюджеттік қатынастарды реттеудің түрлері:
Аймақтық бюджттерді құру, талқылау, бекіту және орындау есептерін
бекіту;
Аймақтардағы салық пен төлемдерден түскен табысты аймақтық бюджет пен жергілікті бюжетке бөлу;
Аймақтық бюджетке суъбектілердің мүлкінен түскен табыстарды және басқада төлемдерді аймақтық бюджетке жіберу тәртібін бекіту;
Заңдарға сай аймақтық бюджет пен жергілікті бюджеттің міндеттерін құқықтарын бөлу;
Аймақтық бюджеттен жергілікті бюджетке қаржылық көмек көрсету тәртібі мен шарттарын бекіту;
Несие беру шарттары мен тәртібін бекіту.
Аймақтық бюджеттің табыстары салық, салықтан тыс табыстар және жеке тұлғалардың ақысыз аударымдарынан құралады.
Аймақ бюджетіне аймақтық салықтар, төлемдер кіреді және олардың тізімі мен ставкасы ҚР-ның салық туралы заңдарымен бекітіліп жиналады. Аймақтық бюджеттің салықтық емес табыстарына келесілер жатады:
Аймақ мүлкін сатудан түскен қаржы;
Аймақтың меншігіндегі мүлікті жалға беруден және уақытша
пайдалануға беруден түскен қаржы;
Несиелік ұйымдардың есеп шоттарында қалған бюджеттік құралдардан процент түрінде алынатын қаржы;
Залогқа берген аймақтық мүліктен түскен қаржы;
Басқа аймақтан тыс тұлғаларға берген бюджет құралдарынан түскен ақы;
Аймақ кәсіпорындарының пайдасы;
Аймақта ақылы қызметтерден түскен табыс.
