- •1.1 Сән бағыты және модель таңдау
- •2015 Жылға арналған стилисттердің кеңесі:
- •1.2 Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар
- •1.3 Модель эскизі және модельдің техникалық сипаттамасы
- •1.4. Бөлшектердің спецификациясы, пішінді кесте бойынша толықтыру.
- •2. Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі 2.1. Қолданылатын матаға қойылатын талаптар
- •2.2 Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы
- •3. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдық таңдау
- •3.3 Құрал-жабдық таңдау
2.2 Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы
Матлассе – ватиндік инешаншым сияқты жаккардтық суретпен табиғижәне жасанды жібектен жасалған мата. Матлассе – клоке матасын еске түсіреді. Клоке – беткі қабаты көпіршікті жүннен, мақтадан немесе жасанды талшықтардан жасалған берік мата.
Кесте 2 - Мата ассортименттері
Мата аталуы |
Артикул |
Мата түрі |
Тоқылуы |
Талшық құрамы |
Жіптің тығыздығы |
10см жіптің тығыздығы |
1см2 салмағы |
Ені,см |
Қолданылуы |
||
Негізгі жіп |
Арқау жіп |
Негізгі жіп |
Арқау жіп |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Матлассе |
465614 |
Матлассе-жаккард |
Атлас өрім |
Штапельді |
Жаккардты жіп |
Вискозды жібек |
Жаккардты ширатпа |
Вискозалы матлассе |
0,65 |
150 |
Костюмдер, төсек жаймалары |
2.3 Уақ түйек таңдау
Әйелдер киіміне әр түрлі әшекейлер таңдалып алынады. Модадан сәнді тігістер де шықпайды. Әйелдерге арнап дизайнерлер бағалы заттар ретінде алқалар және үлбірлі әшекейлер ойлап тапқан. Декортивті элементтер ретінде жаздық киімге әртүрлі кнопкалар, сыдырмалар қолданған. Киімдегі әр бөлшектер бір- бірімен түстік гаммамен үйлесіп, сәндік гармония беріп тұрса, адамның көңіл күйі де жақсарып, өмірге деген көзқарасы жаңа қырынан көрініс табады.
Тігін жіптері. Бұйымдарды тігу технологиясында және киімдерді жөндеуде олардың бөлшектерін біріктіру үшін тігін жіптері қолданылады. Жіптердің сапасына және ассортиментіне ерекше көңіл бөлінеді. Киімді тігу және кию кезінде тігін жіптері физико-механикалық және физико-хиимиялық әсерлердің нәтижесінде құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан, тігін жіптері технологиялық және тұтыну талаптарына сәйекс болуы керек. Тігін жіптері созылуға беріктігі жоғары, белгілі бір ұзару көрсеткіштің бірі және осы көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы қажет.
Киім бөлшектерін біріктіріп, машинамен тіккенде Z – ширатпалы тігін жіптері қолданылады, жіптердің үзілуіне ширату бағыты көп әсер етеді.
Тігін өндірісіндегі машиналардың бас білігі 3500 мин айналу жиілігімен жұмыс жасайтын болғандықтан және үйкеліс нәтижесінде инелер 300-400 С дейін қызатындықтан, тігін жіптері жылуға төзімді болуы керек.
Тігін жіптері киім бөлшектерінің берік біріктірілуі, тігіс түрін жақсы көрсетуі, ылғал-жылумен өндегенде өлшемдерін өзгертпеуі керек.
Тігін киімнің жеке бөлшектері біріктіруге арналған негізгі материал және әрлеуіш материал ретінде қолданылады. Мақтадан, зығырдан, жібектен синтетикалық және штапельді жіптер жасап шығарылады. Өндірістегі жалпы жіптердің көлемінің 80%-ы мақтадан жасалған жіптер.
Мен таңдаған жиынтық –креп және жаккард матасынан тігілген. Мұндай матаға армирленен жіптер қолданады.
Армирленген жіптер мықтылығының және жылуға тұрақтылығының жоғарғылығымен ерекшеленеді. Олар мақта маталы екі жіпті жіппен кең көлемде алмастырылады. Аралас полиэфирлі мақталы тігін жібі армирленген иірімнің полиэфирлі комплексті жібінің айналуынан алынады. Тігін жібінің сатылымдағы нөмірлері 20, 40, 50, 80. Бұларды сырт киім мен жеңiл кездемелерден бұйымдардың тiгуiнде қолданады.
Уақ –түйекке : түймеліктер, сыдырмалар, ілмектер, кнопкалар және т.б жатады.
Кесте 3– Тігін жібінің, иненің және тігістің өлшемі.
Тігін жібінің атауы |
Жіптің сауда номері |
Сызықтық тығыздығы |
Ине нөмірі |
1 см тігістің саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«Прима» |
40 |
16,5 текс х 3 |
50 |
3-4 |
Табиғи жібек |
33 |
33,3 |
50 |
3-4 |
