Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перизат срс.rtf
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Мб
Скачать
☆

3. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдық таңдау

3.1 Өңдеу әдісін таңдау

Өңдеу әдісін таңдау шығарылатын бұйымның жоғарғы сапасына тікелей әсер етіп, еңбек өнімділігін арттырып және бұйымның бағасын төмендетеді. Бұйымдарды дайындауда өңдеу өңдісінің үш түрі қолданылады. Рет-реттілікпен өңдеу, бұл бұйымның барлық бөлігінде барлық операцияларды бір немесе бірнеше құрал-жабдықпен рет-ретімен орындау. Параллельді рет-реттілікпен өңдеу, бұл операция бір немесе бірнеше құрал-жабдықпен бір мезгілде орындалады. Параллельді рет-реттілікпен өңдеу, бұл операцияның орындалуы реттілік және параллельді әдістердің үндестігімен орындалады. Еңбек өнімділігінің үлкен мүмкіндіктерінің бірі өтім кезінде бірнеше бөлінбейтін жинау операцияларын орындау немесе түйіндерді жинау мүмкіндіктерін береді. Қазіргі тігін өндірісі саласында жоғарғы өнімділікті жабдықтар мен технологияны, есептеуіш техникаларын қолдану, өнім сапасын жоғарылатады, жоғарғы сұранымға ие болатын әртүрлі ассортименттерді дайындайды және оған жұмсалатын материалдық шығындарды азайтады. Тігін өндірісінің қазіргі заман технологиясы көбірек меха-никаландырылған, онын тиімділігі ең алдымен колданылатын жабдыққа байланысты: қалта жинау, белдік, екі инелі машина уақ-түйек қадауға және қысқа тігістерді орындауға жартылай автоматтар қолданылады.

3.2 Түйінді өңдеу

Өндірісте киім түйіндерін өңдеу әдістері алуан түрлі. Ол бұйымның конструкциясына қолданылытын материал ассортиментіне және арнайы технологиялық құрал-жабдықтардың барлығына байланысты. Бұйымның құнын түсіру, еңбек өнімділігін көрсету, жоғары әртүрлі бұйымдарды дайындау үшін өңдеу әдісі қолданылады. Ылғалды – жылумен өңдеу тігістерді айыра үтіктейді, қалталардың шеттерін тегістейді және тексереді. Ылғалды - жылумен өңдеу тігілген дайын бұйымның қыртыстарын кетіру, іштікті желімдеу, тігістерді үтіктеу, қажетті пішім беру үшін керек.Ылғалды жылу өңдеу процесстеріне айыра үтіктеу, жатқыза үтіктеу, баса үтіктеу жэне тағы басқа операциялар жатады. Қазір үтіктердің сан түрлері өте көп жэне табандарын ауыстыру арқылы үтікті эр матаға қолайлы етуге болады.

Тігін бұйымының бөлшектерін біріктіруде және қиықтарын өңдеудің бірнеше түрі бар: жіппен біріктіру, желімдеп біріктіру, т.б. Жіппен біріктіру әдісі арқылы бөлшектерді біріктіру, өңдеу, операциялары орындалады. Қыз балаларға арналған көйлекте кездесетін жіппен біріктіру тәртібі 3-кестеде көрсетілген.

Кесте 5 - Жіппен біріктіруді орындау тәртібі

№

Тігістің аталуы

Тігістің конструкциясы

Тігістің ені, см

1 см тігістің саны

Ине нөмірі

Жіп нөмірі

Қолданылуы

мақта

Жібек,синтетика

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Сырып тігіп айыра үтіктеу

1 –1,5

1,3-1,5

90

40

50

Жан Артқы бойдың ортаңғы қиығын, жан, иық қиығын сырып тігу

2

Сырып тігіп жатқыза үтіктеу

1 –1,5

1,3-1,5

90

40

50

Тігіс еніндегі мата қалыңдығын ендіруде, тігіс енін айырып машина тігісімен біріктіруде; жан, иық қиығын, жең қиықтарын айыра тігуде