- •1. Оқуға мотивациясын арттырудың ғылыми теориялық негіздері
- •2. Оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мазмұны
- •1. Оқушылардың оқуға мотивациясын арттырудың ғылыми теориялық негіздері
- •1.1. Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу нысаналары ретінде
- •1.2. Оқушылардың оқуға мотивациясын арттыру педагогика және психология ғылымдарының басты мәселесі ретінде
- •1.3. Оқушылардың оқуға мотивациясын арттырудың педагогикалық, психологиялық шарттары
- •1. Оқушылардың оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мазмұны
- •Зерттеу базасындағы оқу-тәрбие жүйелерінің ұйымдастырылуына және зерттеу әдістемелеріне сипаттама
- •Қорытынды
1.3. Оқушылардың оқуға мотивациясын арттырудың педагогикалық, психологиялық шарттары
Кез-келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы, оған деген мотивацияның жоғары болуы нақты мақсат қоюмен тікелей байланысты екендігі белгілі. Сол сияқты оқу іс-әрекетінде де мақсат қоюдың орны ерекше. Бұл жөнінде Т.А.Ильина былай деп жазады: «Мотивтендіру мақсаттың пайда болуына байланысты. Адамды әрекетке итермелеуге тек мақсат қою арқылы талаптандыруға болады» . Оқу іс-әрекетінің ішкі түрткісі, дәлірек айтқанда мотивінің қалыптасуына ықпалын тигізетін факторлардың бірі студент үшін оқудың мәні. Студенттердің оқудың мәнін саналы түсінуі олардың оқу іс-әрекетіне ұмтылысының тууына жағдай жасайды. Бұл туралы А.К.Маркова былай деп жазады: «Оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру - бұл оқуға деген ішкі ұмтылыстың пайда болуына және студенттердің оның мәнін саналы сезініп өздерінің мотивациялық сферасын өз бетімен әрі қарай дамытуға жағдай жасау». Осыған түсінік бере отырып, «Оқу мәні,– бұл студенттердің оқуға ішкі қатынасы. Оқу мәні студенттің бағыты, яғни оқу іс-әрекеті мотивін анықтайды”, - деп жазады А.К.Маркова. Яғни, әрбір бала үшін оқу мәні ол ортасынан құндылықтар, идеалдар жүйесіне байланысты, осының арқасында студенттердің санасында оқуға дейін де оның мәні жөнінде түсінік қалыптасады, оқу барысында бұл көптеген өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Ю.Н.Кулюткин «Оқу мәні – күрделі тұлғаның құрылымы, оған төмендегідей мәселелер кіреді: студенттің әлеуметтік ортасы мен жанұясында қабылданған адамгершілік құндылықтарға сүйенетін оқудың объективті мәнін баланың саналы сезінуі»,- деп жазады. Бұл жөнінде «студенттің оқу мәнін, оның тұлғалық маңызын түсіну білімді игеру үрдісінде “автоматты” қалыптаспайды» - деп жазады А.Н.Леонтьев . Яғни, оқыту барысында студент бойында білімге, оны алу тәсілдеріне белсенді қатынасты тәрбиелеу керек. Бұл жағдайда жаңа білімді және жұмыс тәсілдерін меңгеру студенттердің тұлғалық дамуына алып келеді
«Іш пысудың бас себебі – іссіздік, екінші себебі – бір түрлілік» деп М.Жұмабаев та өз пікірін білдіреді. Яғни, ол студенттің тек өне бойы бір жұмыспен айналысуы олардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді деп көрсетеді.
А.Н.Леонтьев оқу мотиві мен оқудың мәнінің қатынасы жөнінде оқу барысында студенттің белгілі-бір мінез-құлқына түрлі мотивтер түрткі болуы мүмкін, яғни оқу мәні әртүрлі болуы мүмкін екендігі туралы айтады.
Бір мотивтер әртүрлі жас кезеңінде бала үшін әртүрлі мәнге ие болуы мүмкін, яғни түрліше итермелеуші күшке ие. Мысалы, қосымша әдебиеттерді оқу мотиві бірінші сыныпта бала үшін өте маңызды болмауы мүмкін, ал жоғары сыныптарда және жоғарғы оқу орнында ары қарай білім алуға дайындыққа байланысты ол өмірлік мәнге ие болуы мүмкін.
Оқуға мотивацияны арттыруда Г.С.Костюк оқыту әдістерінің маңызын жоғары бағалай отырып, «оқыту әдістері оқу іс-әрекетінің мазмұндық, операциялық және мотивациялық жағына ықпалын тигізеді» - деп жазады.
Оқуға мотивацияны арттыруда балалардың алатын білімінің жан-жақты, толық болуының мәні жоғары екендігі белгілі. Бұл бағытта В.Н. Максимова балаларды пәнаралық танымдық іс-әрекет біліктіліктеріне үйрету керек деп санайды .
Сонымен қатар К.Д.Ушинский де оқу қызықты және түсінікті, тартымды өтуі үшін міндетті түрде пәнаралық байланыс орнату керектігін атап көрсетеді.
Б.Г.Ананьев зерттеулері бойынша барынша тиімді ұйымдастырылған оқу ісінде бағаға қызығудан шынайы танымдық мүддені білуге тез ауысады /1, 43 б.; 92/.
Зерттеушілер студенттердің оқу әрекетіне және оқу мазмұнына қызығушылықты туғызу үшін қажетті шарттарды бөліп көрсетті.
Инициативашылдық пен ақыл-ойдағы өз бетімен жұмысты көрсету мүмкіндігі. Неғұрлым оқыту әдістері белсенді болса, соғұрлым оқушыларды қызықтыру жеңіл. Оқуға тұрақты қызығушылықты тәрбиелеудің негізгі құралы – студенттерден белсенді ізденушілік әрекетті талап ететін тапсырмалар мен сұрақтарды пайдалану.
Оқу материалының қиындығы. Студенттер оқу тапсырмаларындағы қиыншылықтармен кездескен кезде, жаңа білімді меңгерудің немесе ескілерді жаңа жағдайда қолданудың қажеттілігіне көздері жетеді. Бірақ қиындық оны жеңе алатындай мүмкіндік болған жағдайда ғана қызығушылықты арттырады. Олай болмаған жағдайда қызығушылық төмендейді және фрустрация мен ішкі дискомфортқа алып келеді.
Оқу материалының жаңалығы. Жаңаны тану меңгерілген білімдерге негізделуі керек.
Оқытушының оқу материалын эмоционалды жеткізуі.
Қызығушылықпен қатар оқу мотивациясының оқу әрекетінің бағытын, мазмұнын және нәтижесін анықтайтын мотивациялық бағытталу компоненті де зерттелуде. Б.И.Додонова, Е.И.Савонько және Н.М.Симонова мотивациялық бағытталудың төрт түрін анықтады: үрдіске, нәтижеге, оқытушының бағасына және жағымсыз жағдайлардан қашу. Мотивациялық бағытталудың оқу үлгерімімен оң байланысы анықталды. Үрдіске және нәтижеге бағытталу тығыз байланыста, оқытушының бағасына бағытталу одан төменірек екендігі анықталды. Бағытталудың жағымсыз жағдайлардан қашуға бағытталуымен байланысы ең әлсіз /17, 230 б./.
Оқу мотивациясының маңызды сипаттарының бірі - адамға ықпал ететін көптеген факторларына қажетті психикалық белсенділікті ұстап тұруға қабілеттілік ретінде анықталатын оның тұрақтылығы. Оқу мотивациясындағы тұрақтылық – бұл қалыпты және экстремалды жағдайларда іс-әрекеттің жемістілігін, салыстырмалы ұзақтылығын қамтамасыз ететін динамикалық сипаттама. Тұрақтылықты жүйелі ұғымға негізделе отырып А.К.Маркова, Е.И.Савонько оны оқу мотивациясының күш, саналылық, әрекеттік, үрдіске бағыталу т.б. сипаттарымен кешенді түрде қарастырады.
Оқуға мотивацияны зерттеу мен қалыптастырудың маңызды жағы оқытушы мен студент арасында гуманды қарым-қатынас орнату. Мұнда мүмкіндігінше төмендегідей талаптарды ұстанған жөн:
Байқалған ауытқуларды түзету мақсатында олардың психикалық даму барысын бақылау, қадағалау.
Нақты баланың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, оны басқалармен емес, оның бұрынғы нәтижелерімен салыстыру керек.
Оқытушы оқу мотивациясын зерттеуді және қалыптастыруды оптимистік тұрғыдан жүргізу керек.
Сырттай бірдей көріністен (мыс., оқуға оң мотивациясының болмауы), әрбір баладан қайталанбайтын (мақсат қою біліктілігінің қалыптаспауы т.б.) түрлі себептерді көре білу. Мысалы, сырттай оқуға мотивациясының төменгі деңгейді көрсетуі өзіне қоятын талаптың жоғарылығынан, сыншылдығынан болуы мүмкін.
Мотивацияны зерттеу мен қалыптастыруды тек тәрбиесі қиын және үлгерімі нашар балаға ғана емес, сырттай жақсы оқитын балаға да жүргізген дұрыс. әрбір баланың мотивациясын зерттеуде әрбір оқушының танымдық сферасының (оқу біліктілігі және оқығандығы, оқуға мүмкіндігі), еріктік және эмоциялық сферасының (оқудағы мақсаты, оқу үрдісіндегі сезімдері) ерекшеліктерін анықтау керек. Әрбір бала үшін мотивацияны қалыптастырудың негізделген жоспары болуы дұрыс.
Мотивацияның болмауының сбептері кез-келген адамға емес, бұл мағлұмат керек адамдар – мұғалім, ата-анасына ғана айтылуы тиіс. Өйткені ол баланың негативті сезімдерін туғызады.
Оқуға мотивацияны зерттеуде мұғалім педагогикалық және жас ерекшелік психологиясынан, оның әдістерінен хабары болуы тиіс, сонымен бірге басқа адамның мүмкіндігіне оптимистік сенімі болуы қажет.
Мотивацияны қалыптастыру – бұл баланың белсенділігін арттыратындай, оның оң мотивтері мен мақсаттары бұрынғы тәжірибе, жеке ерекшелігін, оқушының ішкі ұмтылыстары негізінде дамитындай жағдай жасау .
