Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Дәріс тезистері

Инъекцияға арналған ерітінділер – бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту жолымен алынған, инъекция түрінде енгізуге негізделген сұйық дәрілік қалыптар. Инъекцияға арналған ерітінділер емдеу мекемелерінде дайындалатын дәрілердің 60% құрайды.

Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға МФ ХI мынадай талаптарды қояды: стерильдік, апирогенділік, тұрақтылық, механикалық қоспалардың болмауы, ал кейбір инъекциялық ерітінділерге – изотондық.

Дәріханада дайындалатын басқа дәрілік қалыптарға (ішуге және сыртқа қолдануға арналған ерітінділер, ұнтақтар, жағылмалар және т.б) қарағанда инъекцияға арналған ертініділердің құрамы, стерилдеу әдістері және тұрақтылығын қамтамасыз ету МФ ХI басылымында, Фармакопеялық мақалада және уақытша фармакопеялық мақалаларда көрсетіледі. Сондықтан инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін жоғарыдағы құжаттармен танысу керек.

Инъекциялық ерітінділерді асептикалық жағдайда дайындау келесі сатылардан тұрады: дәрілік және қосымша заттарды дайындау, еріту, механикалық қоспаларды тексеру, флакондарды тығындау, маркалау, стерилдеу, мөлдірлігін, түстілігін, механикалық қоспалардың болмауын тексеру, “Инъекцияға арналған” этикеткасымен безендіру.

Инъекциялық ерітінділердің технологиясы негізгі және көмекші процестерді қамтитын көп сатылы күрделі өндіріс.

Инъекциялық ерітінділерді асептикалық жағдайды қалыптастыру ережелерін сақтай отырып бірінші, екінші тазалық кластарында дайындайды. Сулы және тұтқыр емес ерітінділерді герметикалық жабылған, бу көйлегі және араластырғышы бар реакторларда масса-көлемдік әдіспен дайындайды. Егер ерітетін заттың тығыздығы судың тығыздығынан әлдеқайда артық болса массалық әдіспен дайындайды, онда дәрілік затты және еріткіштерді массалық қатынаста алады. Қиын еритін немесе баяу еритін заттар ерітінділерін қызыдыру және араластыру арқылы дайындайды.

Стерильді ерітінділерді дайындау келесі сатылардан тұрады: еріту, изотондау, тұрақтандыру, консерванттар қосу, фильтрлеу, стерильдеу.

Кейбір дәрілік заттардың қасеттеріне байланысты тұрақтандыру, консерванттар қосу, стерильдеу операциялары болмауы мүмкін.

Өндіру процесі кезінде, сақтау кезінде инъекцияға арналған ерітінділердің физика-химиялық, емдік және т.б. қасиеттері өзгеруі мүмкін. Сондықтан оларды тұрақтандыру мәселесі өндірісте маңызды процесс болып саналады.

Тұрақтандыру көптеген факторларға байланысты, мысалы температура, сақтау шарттары, қоршаған ортаның құрамы, дайындау әдістері, көмекші заттар табиғаты, дәрілік қалып түрі және т.б. тұрақтандырғыштарды таңдау және оның көлемін анықтау дәрілік заттардың химиялық табиғатына байланысты.

Дайын өнімнің сапа бағасы

1. Ерітінді сапасының негізгі көрсеткіштерін ҚР МФ талаптарына сай:

- Сыртқы түрі - ерітінді мөлдір болу керек.

- Толтыру нормасын анықтау – (V- 5мл) - 5,30мл.

- Герметикалығын анықтау ампулаларды бояу кезінде (метилен көгімен) ерітінді түсі өзгерсе герметикалылық қанағаттанарлықсыз деп саналады.

- Механикалық қоспаларды анықтау.

- Стерильдікті тексеру. Микроорганизмдердің өсуі байқалмаса, ондай препарат талапқа сай деп саналады. Кем дегенде бір пробиркада өсу байқалатын болса, оны микроскоп арқылы дэлелдеп, зерттеуді қайтадан жүргізеді. Микроорганизмдер өсуі байқалған жағдайда, зерттеуді сынаманың екі еселенген мөлшеріне қайталайды. Кем дегенде бір пробиркадағы препаратта өсу байқалса, ондай препарат стерильді емес деп саналады.

- Пирогендікті анықтау. Егер 3-қояндағы көтерілген температура қосындысы 1,4°С немесе одан төмен болса, ондай ерітінді пирогенді ерітіндіге жатпайды. Егер осы үш қояндағы температура қосындысы 1,5 пен 2,2 °С аралығында болса, онда зерттеуді 5 қоянға жүргізеді. Егер жоғары температураның қосындысы барлық 8 қоянда 3,7 °С-тан жоғары болмаса, ондай ерітінді пирогенсіз ерітіндіге жатады.

- Улылықты зерттеу. Тышқандардың құйрығындағы көк тамырына 0,5мл зерттелетін ерітінді 0,1мл/с жылдамдықпен жіберілсе және сол тышқандар 48 сағат ішінде тірі қалса, ондай ерітіндіде улы заттар жоқ деп саналады. Егер тышқан тәжірибе барысында өлсе, тәжірибені тағы 5-тышқанға жүргізеді, 2-тышқан өлсе 15 тышқанға жүргізеді. Егер қайта жүргізілген зерттеулерде бірде-бір тышқан өлмесе, онда ерітінді улы емес деп саналады.

- Химиялық бақылау әсер етуші заттың сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау.

2. Өндіріске қойылатын негізгі талаптар:

- қауіпсіздік техникасы;

- өртке қарсы қауіпсіздік;

- санитарлық нормалар.