- •78.Мердiгерлiк шартының нысаны. Мердігерлік шартының тараптары. Мердігерлік шартының мазмұны.
- •79.Тұрмыстық мердігерлік шарты.Тұрмыстық мердігерлік шарттың мазмұны. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша жауапкершілік
- •80.Құрылыс мердігерлік шарты. Құрылыс мердігерлік шартын жасасу,өзгерту,бас тарту, құрылыс мердігерлік шарты бойынша жауапкершілік
- •81. Өтемелі қызмет көрсету шарты.Өтемелі қызмет көрсету шартының элементтері.
- •82. Жүк тасымалдау және жолаушыларды тасымалдау шарты
- •83.Көлік экспедициясы шарты
83.Көлік экспедициясы шарты
Көлік экспедициясы шарты (ҚР АК 708-714 баптары) дегеніміз бір тарап (экспедитор) сыйақы үшін және басқа тараптың (клиенттің - жүк жөнелтушінің немесе алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты шартта белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасасуға міндеттенуі жөніндегі келісім.
Шарт ерекшеліктері: экспедитордың жиі кездесетін міндеттері:
экспедитор немесе клиент таңдаған маршрут бойынша көлікпен жүк тасымалдауын ұйымдастыру;
клиент немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасау;
жүкті жіберуді және қабылдап алуды қамтамасыз ету;
экспедитордың қосымша қызметі:
экспорт немесе импорт үшін талап етілетін құжаттарды алу;
кедендік және өзге де шарттықтарды орындау;
жүктің саны мен жай-күйін тексеру, тиеу мен түсіру;
жөнелтушіге жүктелетін баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу;
жүкті сақтау, оны баратын жерінде алу;
жүкті жеткізу үшін қажетті өзге де операцияларды жүзеге асыру;
Экспедитор ретінде экспедиторлық қызметпен айналысуға лицензиясы бар тұлға бола алады.
Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады. Жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға, егер оның міндеттерін атқаруға қажет болса, сенімхат беруге тиіс.
Жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасымалдау ережелері туралы құжаттарды, сондай-ақ қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті;
Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға міндетті;
Жүк жөнелтуші (алушы) қажетті ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы;
Егер, шартта өзгеше көзделмесе, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл жағдайда экспедитор клиент алдындағы жауаптылықтан босатылмайды.
Экспедитордың экспедициялық қызмет көрсеткені үшін алуы тиіс сыйақы төленбесе, ол жүкті (жүк жөнелтушінің, жүк алушының) ұстап қалуға құқылы.
Бір тарап екінші тарапқа қисында мерзімде ескерте отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан біржақты бас тартуды мәлімдеген тарап екінші тарапқа шарттың бұзылуына байланысты келтірілген залалды өтейді.
Экспедитордың жауапкершілік жағдаяттары (шарттықтары) кез келген кәсіпкердің жауапкершілігі сияқты, яғни шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына бой бермейтін күш себеп болса ғана, жауаптылықтан босатылады, басқа жағдайда толық көлемде жауап береді, соның ішінде айрылып қалған пайда да кіруі мүмкін.
