Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan__1241_lemdik_reyting_zh_1199...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.2.Expo-2017 халықаралық көрмесінің даму жағдайы

Э

Сурет №5: ЭКСПО-2017

КСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық

Сурет №5: ЭКСПО-2017

алыптар саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті. Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр. Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да көрсетіп беріп отыр. Біз үшін Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді. Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады! Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілігі. Сол үлкен жауапкершілікті сүрінбей атқарсақ, ЭКСПО-2017 көрмесінің біздің еліміздің дамуына қосатын үлесі зор.

Біріншіден, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағамдаймыз.

Екіншіден, ЭКСПО барысында Қазақстан тарапынан және шетел тарапынан зерттеу орталықтары, сондай-ақ шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді.

Үшіншіден, шараны ұйымдастыру барысында көптеген жаңа ұйымдастыру, басқару, үйлестіру әдістерін үйреніп қана қоймай, 3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға, сол арқылы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік туады.

Төртіншіден, бұл шараға Қазақстан үкіметі жариялағандай 5 миллион адам келмесе де, көрме өтетін Астана қаласының тұрғындары мен әдеттегі қонақтарынан әлденеше есе артық адам келетіні анық. Бұл сол қысқа мерзімде еліміздегі жеке кәсіп саласына, қонақ үй, тамақтану сияқты қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге пайда әкеледі.

Бесіншіден, көрмеге келетін қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басын бұрары сөзсіз. Кейін Қазақстанның жарнамасын жасайды, бұл туризм саласы үшін маңызды рөл атқарады.

Алтыншыдан, шара 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе.

Бұл, сөзсіз, Қазақстанның экономикалық, инновациялық тұрғыдан танымалдық индексін мен даму үдерісін арттыруға едәуір үлесін қосатын оқиғаға жатады. 3 ай ішінде ЭКСПО-2017 көрмесін шамамен 5 миллиондай шетелдіктер келіп көретін болады. Бүкіл елдер өз павильондарын көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясына» сәйкес дайындайды. Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай көрмені өткізу олар өткен қалалар мен елдердің дамуына зор ықпалын тигізді. Еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік. ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу уақытында, сондай-ақ оның нысандарын одан әрі пайдалануда Қазақстанға келіп түсетін миллиардтаған доллар инвестициялар.

Біз ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенеміз[11].

Р

Кесте №2: Қазақстан әлемдік рейтингтер жүйесіндегі орны

ейтинг/индекс

Рейтингтің

Критериялары

Қазақс

танның

рейтинг-тердегі орны

Қазақстанды

басқа елдермен салыстыру

Қазақстанның әлемдік индекстердегі рейтингін көтеру мақсатындағы ұсыныстар

Экономикалық

Бостандық

Экономикалық процесстердегі мемлекеттің тәуелсіздігі

67

Гонконг, Сингапур, Австралиядан кейін

Шетелдік инвесторлардың Қазақстанға көңілдерін аударту, жеке кәсіпкерлікті дамыту

Бәсекелестікке қабілеттілік

329 критерияға бөлінеді, мысалы: мемлекеттің экономикалық жағдайы, бизнес, инфраструктураның жәнеүкіметтің нәтижелері, т.б.

50

Ресей 63-інші ,

Әзірбайжан 57-ші, Гпузия 93-ші, Молдавия 94-ші, Монголия 99-шы, Пәкістан 123-ші орында

Көптеген әлемдік рейтингтарға қатысып, басқа елдермен бәсекелесіп, рейтингтерде жоғары орындарға ие болу. Мелекеттің экономикалық жағдайын дамыту.

ТМД елдер арасындағы өмір сапасы бойынша

Саяси-әлеуметтік орта, экономикалық көрсеткіштер, белгілі шектеулердің бар болуы (мысалы:цензура), денсаулық сақтау жүйесінің сапасы.

48

Литва,Эстония, Латвиядан, Молдова, Украина,Грузия, Армения, Белорусия, Ресей,Қырғызстан,

Әзірбайжан,Тәжікс-

тан,Өзбекстаннан кейін

Қауіпсіздік,денсаулық сақтау іс-шараларын арттыру

«Doing Business»

Бизнеспен банктердің рейтингі

Жаңа компанияларды құру, олардытиімді басқару, жаңа қызметкерлерді жалдау, инвесторлар мен меншіктің құқықтарын қорғау, несиелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету және салық салудың түсініктілігі үшін жағдайлар жасау

77

Сингапур 1-ші орында, Чад 183-ші, Румыния 56-шы, Украина 145-ші, Ресей 123-ші, Грузия 12-ші орында

Үлкен бизнес пен шағын бизнесті дамыту,бағыт беру және қаржымен қамтамасыз ету.

«Global Peace Index»

Бейбітшілік индексі

Мемлекет ішіндегі зорлық деңгейі, сыртқы саясаттың агрессиясы, лаңкестіктің даму қаупі, ішкі зорлықтың маштабы.

95

Жаңа Зеландия 1-ші, Литва 42-ші, Молдова 66-шы, Украина 97-ші, Ресей 143-ші орында

Соғысты болдырмау, басқа елдермен достық қарым-қатынаста өмір сүру, зорлықшыларды қатал жазалау

«Legatum Prosperity Index» ұлттық әл-ауқат рейтингі

Білім беру мен денсаулық сақтау сапасы, демократилық институттардың дамуы, бизнес инновациялары, үкіметм нәтижелері, қауіпсіздік, әлеуметтік капитал мен бостандық.

47

Норвегия 1-ші, Дания 2-ші, Финляндия 3-ші,

АҚШ 10-шы, Ұлыбритания 13-ші, Латвия 46-шы, Белорусия 58-ші, Ресей 61-ші орында

Білім беру мен денсаулық сақтаудың деңгейін жақсарту.

«The World’s Happiest Countries» бақытты мемлекеттер индексі

Өмір сүру ұзақтылығы, өмірге қанағаттандырылуы, экологиялық жағдай.

70

Дания 1-ші, Финляндия 2-ші, Голландия 3-ші, Қытай 125-ші орында

Салықты төмендету, зейнетақыны көтеру, жемқорлықты жою, барлық адамдардың құқықтарын бірдей қорғау, тұрғын үйлердің бағасын төмендету.

Салық төлем индексі

Жалпы салық индексі, төлемақы түрлерінің саны, оларды төлеуге берілетін уақыт.

39

Қырғызстан 150-ші, Тәжікстан 165-шы, Өзбекстан 154-ші, Ресей 105-ші, Қытай 114-ші орында.

Арнайы іс-шаралар жүргізу.

Ғаламторға шығу жылдамдықиндексі

Ғаламтор байланысының жылдамдығы мен сапасы (таусылған пакеттер саны, сервердің жауап беру уақыты)

53

Оңтүстік Корея 1-ші, Латвия 2-ші, Молдовия 3-ші, Ресей 28-ші, АҚШ 26-шы орында.

Ғаламтор жылдамдығын арттыру.

Жемқорлық индексі Transparency International

Саяси басқару мен жоғарғы сот, бизнес пен биліктің өзара әрекеті, шенеулік пен қарапайым азаматтардың өзара қарым-қатынасы.

126/

175

Гондурас, Лаос, Уганда сияқты елдермен бірге орналасқан

Жемқорлық рейтингін төмендету мақсатында қатал іс-шаралармен бақылаулар жүргізу.

Денсаулық сақтау

Денсаулықтың жетіліуі, адам өмірінің жағдайы.

82

Норвегия, Финляндиядан кейін

Сапалы дәрі-дәрмектер шығару, мемлекеттің экологиялық жағдайын жақсарту, медуниверситеттерде сапалы білім беру.

Жер көлемі

Мемлекеттің алып жатқан аумағы.

9

Ресей 1-ші,Канада 2-ші, Қытай 3-ші, АҚШ 4-ші, Бразилия 5-ші, Австралия 6-шы, Үндістан 7-ші, Аргентина 8-ші орында.

Еліміздің географиялық жағдайын насихаттау.

Көркею индексі

Әлем елдеріндегі экономика, білім, денсаулық сақтау, жеке бостандық, қауіпсіздік, кәсіпкерлік мүмкіндіктері, мемлекеттік басқару, әлеуметтік капитал бойынша көрсеткіштер негізінде түзілген.

55/122

АҚШ, Ресей, Германиядан кейін; Украина,Тәжікстан, Қырғызстанның алдында.

Берілеген салаларды дамыту

Білімнің және технологиялар дамуы

Бастауыш білім, ересектердің сауаттылығы.

82

Аустралиядан кейін; Белорусия мен Грузияның алдында.

Жас ұрпаққа сапалы жоғары білім беру. Жаңа заманға сай техникалық әдістерді қолдана отырып білім беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]