- •1. Қазақстанның саяси картадағы орны.
- •1.1. Қазақстанның саяси картасы мен мемлекетінің пайда болуы.
- •1.2. Қазақстан қазіргі заман елдер типологиясында.
- •1.3.Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына экономикалық географиялық тұрғыдан баға беру
- •2. Қазақстан әлемдік рейтингтер жүйесінде
- •2.1. Қазақстандағы экономикалық интеграция және халықаралық еңбек бөлінісі
- •2.2. Қазақстанның тмд елдерімен экономикалық байланысы
- •3.Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы
- •3.1. Қазақстан геосаяси концепциясы жүйесінде
- •3.2.Expo-2017 халықаралық көрмесінің даму жағдайы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Жобамыздың мақсаты ретінде біз еліміздің әлемдік кеңістігінде алатын орнының сандық және сапалық көрсеткіштер арқылы ұсыну болатын. Рейтингтер мен индекстерді, сапалық көрсеткіштерді зерттей отырып, біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік. Жалпы алғанда, Қазақстанның шағын және орта бизнес әлеуеті әлі де болса толықтай іске асырылмай отыр. Тұтастай алғанда, Қазақстан орнықты дамуға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі озық шараларға мұқтаж. Осы уақытқа дейін ресурстарды өндіру мен тұтынуда айтарлықтай теңгерімсіздік сақталуда. Экономика жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерінің зор әлеуетін тек шамалы деңгейде ғана пайдаланып отыр. Өндірілетін өнімдердің энергияны қажетсінуі мен өндірістің экологиялық шығындары жоғары. Бизнестің экологиялық жауапкершілігінің төмен деңгейі мен экологиялық проблемаларды шешу процесіне халық пен әлеуметтің әлсіз қатысулары байқалуда. Халықтың тұрмыс сапасы қазіргі заманғы стандарттардан артта қалуда. Мүлде жоғары әлеуметтік тәуекелдер орын алып отыр, өндірістік, тұрмыстық және жол жарақатының деңгейі де жоғары. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурушаңдықтың деңгейі, ана мен бала өлімінің деңгейі жоғары болып отыр. Әлемдік орташа көрсеткіштермен салыстырғанда балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтудың төмен көрсеткіші сақталуда. Осы күнге дейін шағын мектептер саны көп, мектептерде үш ауысымда оқыту сақталып отыр, орта мектептерге арналған сапалы оқулықтардың болмауы жағдайында бірқатар оқу бағдарламаларының жаңартылмауы орын алуда. Сонымен қатар, еңбек нарығы мен халықаралық талаптардың қажеттіліктеріне кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесінің даму деңгейінің төмендігі де жоқ емес, егде және жасы үлкен адамдарды, оның ішінде зейнеткерлерді қайта оқыту жүйесі іс жүзінде жоқ дерлік. Менеджмент пен бизнес мектептерінің жеткіліксіз деңгейі байқалуда.Анықталған проблемалардың ерекшелігі Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің мынадай формуласын анықтайды. Бірінші,Қазақстанның, оның экономикасын және халқының сапалы өсуге ашықтығы мен бейімділігіне ықпал ететін қолайлы орта мен жағдай қалыптасуы тиіс. Екінші, елдің инновациялық және технологиялық сипаттарын жылдам дамыту талап етіледі. Үшінші, Қазақстандық бизнестің Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруі мен орнықты қатысуын бекітудің мүмкіндігі мен кепілі ретінде халықаралық талаптарға жауап беретін сипаттары мен сапаларын саналы және мақсатты ие болуының қағидатты мәні бар.
Әлемдік рейтингтер мен индекстерді білу оларды құрайтын көрсеткіштерді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қоса бір рейтингтің көрсеткіші жақсы жаққа өзгерсе, ол міндетті түрде басқа рейтинг пен индекстердің көрсеткіштеріне өсіру ықпалын тигізеді. Сөйтіп барлығы дерлік көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қожахмет М., Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы, Қарағанды 2006: 125-128б;
Ярмухамедов М.Ш., Экономическая и социальная география Республики Казахстан, Алматы 1997: 46-50б;
Ахмедова К.Б., Экономическая и социальная география Республики Казахстан, Алматы 1996: 10-13б;
Родионова И.А., Бунакова Т.М., Экономическая и социальная география мира, Москва 2004: 23б;
Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л., Географические основы управления: Курс лекций по экономической и политической географии, Москва 2000: 63б;
Рерих Ю.Н., История Средней Азии, Москва 2004: 89-94б;
http://www.inform.kz/kaz/article/2660544
http://www.zakon.kz/4626057-kazakhstan-zanjal-32-mesto-v-rejjtinge.html
http://www.time.kz/news/economics/2014/05/22/kazahstan-zanjal-32-mesto-v-rejtinge-globalnoj-konkurentosposobnosti
http://www.baq.kz/news/20278
http://strategy2050.kz/news/47
http://www.zakon.kz/
