Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Midterm Клетка мен ұлпаның патологиясы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

23.Белоктық дистрофияға анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз

Дистрофия (грекше dys — бүзылу жөне trophe - қоректендіремін) деп, жасушалар мен тіндерде зат алмасуының бүзылуьша байланы­сты дамитын патологиялық үрдістерді түсінеміз. Алмасуы басым өзгерген затына қарай: 1) белокты; 2) малйлы; 3) көмірсулы; 4) минералды. Белоктық паренхималық дистрофиялар жасуша ішіндегі белоктар әдетте майлармен қоспа түрінде (липопротеинді кешен) кездеседі. Тек ферменттер ғана таза хими-ялық зат түрінде болады.Жасушада белок алмасуының бүзылуымен қатар су-электро­лит алмасуы да өзгеріп, цитоплазмада су мөлшері өте көбейеді. Белоктық паренхималық дистрофияларға: гиалин-тамшылы дист­рофия, гидропиялық (сулы) дистрофиялар және түлеу жатады.Гиапин-тамшылы дистрофия жасуша цитоплазмасында гиалин белогіне үқсас ірі-ірі белок тамшыларының (коагуляттардың) пай­да болуымен сипатталады. Электрондық микроскоппен қарағанда бүл тамшылардың өте ірі, ыдырап жатқан лизосомалар екені анық-талған. Бүл өзгерістер негізінен бүйрек өзекшелерінің эпителиінде, бүйрек шумақтары сүзгісінің өткізгіштігі күшейгенде немесе бе-локтардың бүрек өзекшелерінде қайта сорылу (резорбция) бүзыл-ғанда көрінеді. Сонымен гиалин-тамшылы дистрофия гломеруло-нефритке байланысты дамыған нефроздық синдромда, бүйрек амилоидозында, диабетте айқын көрінеді. Бүйректің сыртқы көрінісі осы дистрофияныц қай науқасқа орай шыққанына бай­ланысты. Әдетте бүл қайтымсыз, жасушаның коагуляциялық не-крозына соқтыратын, үрдіс болып бүйрек қызметінің өте төмендеуімен, егер осы дистрофия үзаққа созылса, бүтіндей бүзы-луымен сипатталады.Гиалинге үқсас заттар гепатоциттерде алкогольдік гепатит кезінде эозинофильдік қоспалар түрінде көрінеді. Қазіргі кезде алкогольдік гиалиннің (Маллори денешіктері) негізінен аралық филаменттерден түратындығы анықталған, ол алкоголизмнің мор-фологиялық таңбасы (маркері) болып саналады. Белоктың ағзада жетіспеушілігінен адам салмақ тастайды,гипопротеинемия,иммундық жүйесінің әлсіреуі, денеде күйіктердің пайда болуы, ақыл ойының жетіспеушілігі болады.

Патологиялық түлеу - түлеу үрдісінің күшеюімен {гиперкератоз) немесе оның қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде үшырауымен сипатталады. Пато-логиялық түлеудің тума түрі ихтиоз деп аталады. Ихтиоз теріде балықтың қабыршағыңдай қатты қатаарлардың пайда болуымен ерекшеленеді. Бүл сырқатқа байланысты балалар өлі туылады не­месе туғаннан кейін тез арада өледі. Түлеу үрдісі жалпақ эпите-лийден өсетін эпидермалық рак үшін де тән қүбылыс болып, рак жасушаларының арасында кератинизация нәтижесіңце/юл; інжулері деген қабат-қабат болып жайғасқан қүрылымдар түзіледі.

Түлеудің екінші түрі қалыпты жағдайда түлемейтін шырышты қабықтарда үшырап (ерінде, жыныс ағзаларында) лейкоплакия де­ген ат алған. Лейкоплакия ошақтарынан кейін қатерлі ісік (рак) өсіп шығу қаупі бар.

24- қан айналым жүйесінің бұзылуы

Барлық қан тамырларын морфофункционалдық тұрғыдан бірнеше түрге бөлуге болады.Ірі артерия,вена қан тамырлары тек қана өткізгіш қызметін атқарса,майда қан тамырлары қан мен тін арасындағы зат алмасу үдерісін қамтамасыз етеді.Микроциркуляция арнасына артериолалар,капилляр алдындағы майда тамырлар,каппилляр,капиллярдан кейінгі майда тамырлар және венулалар кіреді.Айналымда жүрген қан барлық сұйық заттар тәрізді гидродинамика заңына бағынады:егер қанайналым тоқталып қалса ол өз салмағының әсерінен дененің төменгі жақтарына ығысады.Көптеген созылмалы аурулар ерте ма,кешпе қан және лимфа айналымының бұзылуына әкеліп соғады.Мысалы,миокард инфаркты,атеросклероздық кардиосклероз,ревматизм,жүректің тума ақаулары,перикард аурулары салдарынан қанның тіндерге,ағзаларға ағып келуі де,олардан қайта ағып кетуі де қиындайды.Қан тамырлары қабырғасындағы өзгерістер,әсіресе қолқадағы атеросклероз үдерісі немесе оның қалта тәрізді кеңейіп кетуі,қан ағымына кедергі жасап,қан айналымын бұзады.Қаңқа бұлшеқеттерінің,әсіресе көкет жұмысының әлсіздігі қанның жүрекке ағып келуін қиындатады.Қан құрамының өзгерістерінде,эритремия ауруында қанның жалпы мөлшері және ондағы эритроциттер саны өте көбейіп қан ағымы баяулайды.Тырысқақ ауруында қоюланып кеткен қан қанның тамырлар арқылы әрекетіне аса зор кедергі жасайды. Сонымен,әртүрлі сырқаттар жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қиындатып,организмде қан және лимфа айналымының бұзылуына себеп болады.Қан айналымы мен лимфа айналымының бұзылуын шартты түрде жергілікті және жалпы деп екі топқа бөледі.Жалпы қан айналымының бұзылуы дененің барлық ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуін өзгертеді.Жергілікті қан айналымының бұзылуы жеке қан тамырларының немесе оның тармақтарының патологиясы ретінде белгілі бір жерде ғана байқалады.Қан және лимфа айналымының бұзылыстары төмендегі топтарға бөлінеді: 1.Қан тамырларының қанмен толуының өзгеруіне байланысты бұзылыстар (артериялық және веналық толақандылық,қаназдық); 2.Қан және лимфа тамрыларының қабырғасының бұзылуына және өткізгіштігінің артып кетуіне байланысты бұзылыстар (қан ағу,қан құйылу,плазморрагия); 3.Гемостаздың және қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты бұзылыстар(сладж,стаз,тромбоз,ҚШҰ синдромы және эмболия); 4.Шок; 5.Тіндегі сұйықтық мөлшерінің өзгерістеріне байланысты бұзылыстар (ісіну және дегидратация)деп бөлінеді.