Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

35 Билет

1, Акклиматизацияның (жерсіндірудің)гигиеналық мәселері.қолайсыз климаттық аудандарда акклиматизацияны қамтамасызету жөнінднгі гигиеналық шаралар.медициналық мақсаттар үшін кешенді метологиялық көрсеткіштер мен ауа райы мен климатты бағалау әдістері?

Акклиматизация дегеніміз жаңа климаттық жағдайға қалыптасу,ол күрделі әлеуметтік биологиялық процесс.акклиматизация процесі кезінде жеке бас гигиенасын сақтау.шынығу.спортпен шұғылданудың және дұрыс тамақтанудың маңызы зор болып табылады,Жалпы әлеуметтік-гигиеналық шаралар маңызды орын алады: олар елдімекен мен тұрғын үйлерді дұрыс орналастыру, қажетті тағам өнімдерімен және қажетті киімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету мен арнайы профилактикалық шаралар:ауру тасымалдаушылармен күрес болып табылады,

2,Еңбек үрдісінің факторлармен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу?

Еңбек ету шарттарына санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу.Ірі өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың ден-саулығына бақылау үшін мониторинг жүргізетін, бол-жам жасайтын, жұмысшыларға диспансерлік бақылау жүргізетін, кәсіби ауруларды дер кезінде анықтау, ауруға дифференциалды диагностика жасау және оны тиімді емдеу мақсатында профпатологиялық кабинеттерді ашу.Денсаулық сақтау саласында, жұмыс істеу жағдайларына зиянды кәсіби факторлар әсер ететін медициналық және психологиялық тұрғыдан еңбекке бейімделу мәселелерін көтеретін әдістемелік оқу бағдарламаларды әзірлеу.

3, Әскердегі тағамдық азық –түліктердің сараптамасының әдістері,құралдары мен күшері.Далалық жағдайда лаборараторлық зерттеудің көлемі мен мүмкіндіктері.азаық –түліктің гигиеналық сараптамасы үшін қолданылатын қысқа техникалық тәсілдің құралдаы және тәбельді жиындық сипаттамасы?

Азық түліктерді концервілеу әдістері-Тағамдарды бұзатын микроорганизмдерге шіріткіш және басқа да микроорганизмдердің үлкен тобы жатады. Олар уксус қышқылды, майлы қышқылды ашуды, шіруді және көгеруді тудырады: B.proteus vulgaris, B.putrificus, E.Coli, B.pyocyaneum, Str.thermohilus, B.fluorescens, Cl.sporogenes, зең және ашытқының кейбір түрі, мысалы: анаэробтар майлы қышқыл ашуынан, май қышқылын тудырады, ол ірімшікте, консервілерде, сүт тағамдарында, жеміс-жидектерде болуы мүмкін.Азық-түлікті нейтрон енген радиациядан оны шахталарға, метроға, кен алынған орындарға сақтау арқылы қорғауға болады.

36- билет

1)Енбектин физиологиялык аспектлери:1-Жұмыс орнын,құрал жабдықтарды,машиналар мен қондырғыларды физиологиялық талаптарға сай орналастыру. 2-Физиологиялык негізделген жұмыс және демалсы режимін енгізу. 3 – физикалык ауыр дене еңбегін азайту,қимылдау белсенділігін физиологиялық жағынан жеткілікті жұмыспен қамтамасыз ету. 4- миға, анализаторларға және эмоцияға күш түсетін еңбек қауіптілігін азайту және бір сарынды жұмысты азайту. Еңбек ауырлығы ұғымы Еңбек шарты өндірістік саланың санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық, әлеуметтік және эстетикалық элементтер-дің жиынтығы ретінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер етеді. Жұмыс ауырлығында адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне санитарлы-гигиеналық, әлеуметті-психологиялық және басқа еңбек шартының барлық факторлары жиынтықты әсер ету деңгейі түсініледі, яғни жұмыс ауырлығы физикалық, психикалық (жүйкелі-эмоционалдық) жүктеме мен сыртқы өндірістік шарттардың әсер етуінен пайда болатын, жұмысшы организмінің функционалдық күш салуы қарастырылады. Жұмыс ауырлығының деңгейі өндірістік ортамен әсер етілетін, адам организмінде болатын реакциялар мен өзгерістерді сипаттайды. Еңбектің қолайсыз жағдайында жұмысшылардың бір бөлігінде уақыт өте келе алдымен патология алдындағы өзгерістер («ауру алды» деп аталатын), ал осы жағдайдағы жұмыстың ұзақтылығында – кәсіптік өзгерістер немесе өндірістік шарттармен байланысты созылмалы аурулар дамуы мүмкін. Келтірілген зерттеулер медико-физиологиялық топтаудың теориялық негізін өңдеуге мүмкіндік берді, онда жұмыс ауырлығының алты категориясы және оның негіздеулері сипатталған. «Кернеулік» термині медицинаның көптеген салаларында жиі қолданылады. Көптеген зерттеушілердің кернеулікке адам жағдайының еңбектен туындайтын өзгерістерінің жиынтығы деп жалпылама анықтама берсе, ал басқалары іс-әрекет үрдісі барысында қозатын (жүйке орталықтары, бұлшықет) қалыптасу белсенділігі немесе қозбайтын (сіңірлер, шеміршек, сүйектер мен омыртқалар, буындар) қалыптасулардың механикалық жүктемелердің тыныштықтағы қалыппен салыстырғандағы жоғары деңгейлері ретінде анықтай отырып, оны нақтылайды.Кез келген жүктеме үрдісі жүретін жұмыс қасиетін «кернеулік» деп атауға болады, ал «ауырлық» деп дене еңбегі немесе кез келген еңбектің физикалық құрылымдарын айтуға болады. Жұмыс кернеулігі және қызу жұмыс әрбір нақты жағдайда жұмыс істеушінің өзіндік ерекшеліктерімен қатар өзі атқаратын жұмысына тәуелді болады.Зерттеушілердің бір қатары қажу жағдайы кернеулік арқылы дамиды деп есептейді. Қажу деңгейлер кернеулігі жұмыстың критериі болып табылуы мүмкін.

Еңбек үрдісі кезінде жұмысшы ағзасының функционалдық жағдайының тәжірибелік өзгеруі жұмысқа қабілеттіліктің өзгеру сатылары арқылы өтеді. Олардың әрбірі физиологиялық функциялардың заңды өзгеруі мен жұмысты орындаудың әр түрлі тиімділігімен сипатталады.

2) Кәсіби аурулар[1]– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді

3) Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнеқойылатын жалпы талаптар

1. Сатуға арналған тамақ өнiмдерi химиялық және биологиялық, оның iшiнде адамдардың денсаулығы үшiн қауiп туғызуы ықтимал радиоактивтiк, микробиологиялық заттар мен олардың қосылыстарының құрамындағы мөлшерi жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгіленген талаптарға сай болуы тиiс.

2. Балаларды тамақтандыру өнiмдерiнiң тамақтық құндылығы бала организмiнiң жай-күйi мен жасына сәйкес келуi және денсаулық үшiн қауiпсiз болуы тиiс.

3. Емдеу-профилактикалық тамақтандыру өнiмдерi, тағамдық және биологиялық белсендi қоспалар арнаулы мақсаттағы өнiмдерге жатады және олардың денсаулық сақтау органдары белгiленген тәртiппен бекiткен нормативтiк құжаттамаға сәйкес қасиеттерi мен сипаттамалары болуы тиiс.

Т Тамақ өнiмдерiнiң сапасы менқауiпсiздiгiн мемлекеттiк бақылау

1. Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн өз құзыреттерiнiң шегiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, атап айтқанда:

стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкілеттi орган - тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне;

Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерi - азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгiн, тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау және сату кезiнде санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын, заңды және жеке тұлғалардың санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы iс-шараларды орындауын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзудi;

Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау органдары - өсiмдiктерден алынатын тағам өнiмдерiнiң фитосанитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.

Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

1. Заңды және жеке тұлғалар тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн:

нормативтiк және техникалық құжаттардың талаптарын, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген, ұқсас өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгiне талаптар белгiлейтiн нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарды сақтау;

азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң дайындау, сақтау тасымалдау және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы, малдәрiгерлiк-санитарлық, технологиялық, инженерлiк-техникалық, агрохимиялық және фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу;

сапаны басқару жүйесiн енгiзу арқылы тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне, оны дайындау, сақтау, тасымалдау және сату шарттарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды жүргiзу;

нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiкке мiндеттi түрде сертификаттауға жататын тамақ өнiмдерiне сертификаттауды және өнiмдi санэпидсараптаманы жүргiзу арқылы қамтамасыз етедi.

2. Нәтижелерi сертификаттаудың мақсаттары үшiн пайдаланылмайтын азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн зерттеудi белгiленген тәртiппен аттестациядан өткен зертханалар жүзеге асырады.

3. Тамақ өнiмдерiн сертификациялық сынауды сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген зертханалар сынақтарды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзедi.

4. Дайындаушы мүмкiн болатын бұрмалаушылықтан өз өнiмiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жүйедегі бірізділік азық-түліктерді радиациялық залалсыз¬дандыру жүргізуге мүмкіндік береді. Алайда¬ азық-түліктің сапасыз, құжат¬сыз¬ түрлерін табу қиынға түседі.

Азық-түлік согыс жылдарында — Азамат соғысы кезінде Кеңес үкіметі қолданған ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың төтенше жүйесі, “соғыс коммунизмі” саясатының негізгі белгілерінің бірі (11.1.1919 — 03.1921).[1] Азық-түлік салғырты бойынша шаруалар өзінде өлместің күніндей ғана азық қалдырып, қалғанының бәрін мемлекетке міндетті түрде тұрақты бағамен сатуға тиіс болды. Еркін сатуға, базарға шығаруға тиым салынды. Барлық ауыл шаруашылық өнімдері қатаң есепке алынып, оларды бөлуге бақылау қойылды. Қазақстан мен Түркістанға азық-түлік салғырты 1920 жылы енгізілді. Губернияларға (облыстарға), уездер мен болыстарға азық-түлік салғырты белгіленді. Одан әрі әрбір село, ауыл, станица мен шаруа қожалықтарының өткізетін өнімдерінің мөлшері көрсетілді. Оны жергілікті кеңестер мен ревкомдардың қатысуымен Азық-түлік отрядтары жинады. Бұл шын мәнінде шаруаларды тонау еді. Мемлекеттің төлейтін де айырбастайтын да түгі жоқ болғандықтан шаруалардың өнімі тегін әрі еріксіз тартып алынды. Ақша құнсызданып, өз мәнін жойды. Толық емес деректерге қарағанда 1920 жылы Қазақстан шаруаларынан 44 млн. пұт астық, 5 млн. пұт ет, 333 мың пұт май және басқа да көптеген ауыл шарушылық өнімдері жиналды.

Қазақтар бұл кезде көп малынан айрылды. Азық- түлік салғырты артық өнімді ғана емес, қарудың күшімен шаруалардың соңғы үнеміне дейін сыпырып алды. Мұның өзі шаруалардың қарулыларға қарсылығын тудырды. Азамат соғысынан кейін Азық-түлік салғырты саясатының жүргізілуі шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Мұндай көтерілістер Орал, [Ақмола облысы[|Ақмола]] және Семей облыстарында болып өтті. Бәрібір тартып алатын болғандықтан шаруалар артық өнім өндіруге ынталанбады. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығын дамуын тежеді, егістің көлемі мен өнімділігі төмендеді, мал саны азайды. 1921 жылғы наурызда басталған жаңа экономикалық саясатқа байланысты Азық-түлік салғырты Азық-түлік салығымен алмастырылды.

37 – билет

Өндірістік жарақат себептері. Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. Жарақаттың себебі: 1. Экзогендік факторлар — сырттан келген факторлардың әсерінен болады. 2. Эндогендік факторлар — іштен келген факторлардың әсерінен болады. Экзогендік факторларға жатады: 1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау). 2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері). 3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері). 4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері) 5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).Өндірістік жарақаттардың себептерінің барлық көп түрлерінен негізгі 3 топты атап көрсетуге болады. Техникалық себептерге – техникалық қауіпсіздік талаптарына техгологиялық процесстердің сәйкессіздігі, құралдардың, аспаптардың, бейімдегіштердің, транспорттық және энергетикалық жүйелердің құрастырмалық жеткіліксізідігі және т.б.Ұйымдастырушылық себептері: нұсқаудың болмауы немесе сапасыз –ткізілуі және үйретілуі, жұмыс жобасының болмауы, құрал-жабдықтарды дұрыс жоспарламау және орналастырмау, жеке қорғану құралдарының жоқтығы және т.б Санитарлық – техникалық себептер- бұлар метеорологиялық оқиғалардың қолайсыздығы, жұыс орындарының ысырапсыз немеседұрыс жарықтандырылмауы. Жарақаттанудың алдын алу жұмыстары техника қауіпсіздігімен айналысатын әкімшілікітің, кәсіподақ ұйымының және дәрігер – хирург көмегімен жүзеге асырылады. Жұмысшыларды жұмыс орнына қабылдағанда немесе бір жұмыстан екінші жұмысқа ауыстырғанда «кезеңдік нұсқаулық тексеріс» (инструктаж) әрбір 3-6 ай сайын жүргізілуі тиіс. Дәрігерлік көмек көрсету. Алғашқы көмек - өзіндік немесе өзара көмек немесе денсаулық сақтау орнының 2 қызметкерімен көмек көрсетілуі тиіс. Өндірістік дәрігерлік (пункт) жәрдем беретін орындар алыстау болған жағдайда 30-50 жұмысшыларға 1 санитарлық орын тағайындалады, олар дәрі – дәрмектер, таңғыштар, құрсау аспаптарымен жабдықталған болады.

Санитарлық орындарда алғашқы көмек көрсете білетін тәжірибелі адамдар болуы керек. Дәрігерлік немесе фельдшерлік емдеу орындарында таңу жұмыстары мен жүйелі жаңа емдеу шаралары жүргізіледі. Екінші кезеңде бұл мекемелерде сіреспеге қарсы сарысулар еңгізіледі, таңғыштар салынады, шиналар, медикаменттер еңгізеді және науқасты емханаларға жөнелту жұмыстары шешіледі. Үшінші кезең – зауыт емханасы және аудандық жарақаттанғандарға жәрдем беру мекемесі (травмпункт). Мұнда ұсақ сүйек жарақаттарына және жұмсақ ұлпалардың асқынбаған жарақаттарына амбулаторлық ем көрсетіледі. Төртінші кезең – дәрігерлік – санитарлық бірлестіктің (медсанчасть) арнайы жарақаттанғандарды емдеу (травматология) бөлімдерінде зақымданудың барлық түріне емдеу шаралары жүргізіледі. Қалпына (реабилитация) келтіру тәсілдері арнайы клинкаларда, ауруханаларда, институттарда жасалады. Қалпына келтіру жүйелері арнайы демалыс, санаторий, сауықтыру орындарында табиғи климаттық тәсілдерді (бальнеотерапия), сазбен, минеральды сулармен, оттегімен емдеуді қолдана отырып жүзеге асырылады.

2) Ауруханың жер телімін таңдауға және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар. Ауруханада гигиеналық жағынан қолайлы жағдай туғызу мүмкіншілігі аурухана учаскесінің орналасқан жеріне және басқа да ерекшеліктеріне көп байланысты. Жалпы соматикалық ауруханаларды қала ішінде, қызмет көрсететін халыққа жақын орналастыру лайықты, өйткені олар тек жоспарлы түрде ғана емес, сонымен қатар, жедел медициналық көмек те көрсетеді. Қаланың шетінде немесе сыртында режимі айрықша стационарларды (туберкулездік, психиатриялық және тері-венерологиялық ауруханаларды), науқастарды амбулаторияда қабылдамайтын, ірі, сиымдылығы 1000 төсектен артық, мамандандырылған орталықтарды, сауықтыру мекемелері мен реабилитация орталықтарын орналастырады. Аурухананы елді мекеннің шетінде немесе қала маңайында орналастырғанда, өлшемі жеткілікті, шу, шаң және басқа ластаушы көздерден алыс, көк алаптың жанындағы жер телімін таңдау оңай. Бір жағынан, қосымша емдік фактор ретінде қолайлы табиғи жағдайлар туса, екінші жағынан, кейбір аурухана мекемелерін қызмет көрсету түрлеріне байланысты бір-бірінен оқшау орналастыру жеңілдейді. Мұндай ауруханалардың селитебтік зоналардан ара қашықтығы 1000 м кем болмауы керек. Амбулаториялық–емханалық мекемелерді қаланың әрбір ықшам ауданында, адамдар жаяу жететіндей жерлерде орналастырады. Аурухананың жер телімі шу, ауаның химиялық және биологиялық ластаушы көздерінен - өнеркәсіп кәсіпорыңдарынан, магистралды жолдардан және темір жолдардан, аэропорттардан, стадиондардан, мал шаруашылық және кұс өсіретін фермалардан, қоқыс төгетін жерлерден, ассенизация алаңдарынан, қалдықтарды пайдаға асыру және жағу зауыттарынан едәуір қашықтықта, жел жағында болуы тиіс. Аурухана мен осы ластаушы көздердің арасындағы санитарлық-қорғаныш аймағының ара қашықтығы нормативтік құжаттарға сәйкес, ластағыштардың зияндылықтарына байланысты, 50-1000 м аралығында орнатылады. Жекеше автокөліктерге арналған тұрақтардың аурухана аумағынан қашықтығы 40 м кем болмауы керек. Учаскені таңдау кезінде, аурухана аумағындағы шудың деңгейі күндіз - 45 дБ, түнде – 35 дБ аспауы, ал, кеңінен таралған ауаны ластаушылардың: азот оксидінің, күкірт ангидридінің, аммиактың, көмір тотығының, күйенің ауадағы концентрациясы ШРЕК-тен аспауы керек. Ауруханаларды бұрын қоқыс төгілген жерлерге, мал қорымы, зираттар және топырағы химиялық заттармен, радионуклидтермен ластанған, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті жерлерде орналастыруға тыйым салынады.

Ауруханалардың құрылысын топырағы құрғақ, күн сәулесі жақсы түсетін, ағашты, көгалды, биіктеу жерде салған жақсырақ. Жайпақ, оңтүстікке бағытталған беткейде болған жағдайда, учаскенің инсоляциясы жақсарады, атмосфералық сулардың табиғи ағыны жеңілдейді. Грунт суларының деңгейі жер бетіне 1,5 м жақын болмауы керек. Учаскеге көлік кіріп-шығатын жолдары ыңғайлы болғаны дұрыс және аурухананы техникалық, санитарлық-техникалық жағынан (сумен және электрмен қамтамасыз ету, канализация, т.б.) рационалды жабдықталу мүмкіншілігі қамтамасыз етілуі керек. Жер учаскесінің аумағы жеткілікті болуы керек, өйткені, аурухана ғимаратының, шаруашылыққа арналған құрылыстарының, олардың ара қашықтарының, көгалдандыру ауданының, өтпелер мен көлік жолдары ұйымдастырылуының талаптарға сәйкес орналасуы, учаскенің ауданына байланысты анықталады. Аурухананың жер учаскесі, ондағы төсек санына, құрылыс жүйесіне және саласына байланысты. Қазіргі кездегі ауруханалардың құрылыс жүйесінде 1 төсекке аумағының 100-150 м2 ауданы келу керек.Төсек саны көп болған сайын, 1 төсекке есептеліп бөлінетін жер ауданы азая береді. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесі, орталықтандырылған құрылыс жүйесіне қарағанда, үлкен жер ауданын (2 тарау.) талап етеді. Жұқпалы аурулар, туберкулездік және онкологиялық ауруханалар, қайта қалпына келтіріп емдеу ауруханалары өте үлкен жер учаскесін қажет ететіндіктен, оларды қала маңында орналасырады. Жер учаскесін рационалды жоспарлау, ауруханаларды гигиеналық жағынан абаттандырудың көптеген жақтарын қамтамасыз етеді. Емдеу-алдын алу мекемесін өз жер учаскесінде орналастыру жоспары болып табылатын аурухананың бас жоспары (10.1- сурет), жобалау кезеңінде - ақ учаскені, бір-бірінен айырмашылығы бар, бірнеше функционалдық зоналарға бөлуді қарастырады: 1. емдеу корпустарының, жұқпалы емес және жұқпалы ауруларға арналған; 2. бау-саябақ; 3. әкімшілік-емхана; 4. патологиялық-анатомиялық корпустың;

Аурухана кешені ғимараттарының құрылысын салуға бөлінген жер учаскесінің үлесі 15%-дан, шаруашылық ауласына, адамдар жүретін жолға және көлік жолдарына - 25%-дан артық болмауы тиіс. Жер учаскесінің ең үлкен (60%-дан кем емес) бөлігін көгөрістер құрауы тиіс, олар қорғаныс зонасы ретінде, учаскенің периметрі бойынша, ені 15 м болатын отырғызылған ағаштар және аурухана мекенінің ішінде егілген саябақ, бау, гүлзарлар, көгалдар түріндегі көгөрістер. Қорғаныс зонасына бірнеше қатар биік өсетін ағаштар және арасына бұталар отырғызылады. Бау-саябақ зонасының ауданы, 1 адамға есептегенде, 25 м2 кем болмауы керек.

3) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

әскери медицина мен гигиена саласы. Оның міндеттері: әскери қызметшілердің денсаулығына және еңбеккеқабілеттілігіне қоршақан ортаның, түрлі факторлардың әсер-ықпалын зерттеу; әскердің ұрысқа қабілеттілігінеосы факторлардың жағымсыз әсеріне қарсы күрес шараларын табу; медициналық қамтамасыз ету бөлігіболып табылатын ғылыми негізделген нормалар, ережелер мен санитарлық-гигиеналық шараларды талдапбелгілеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]