Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

38Билет

1)Өндірістік шу, ультрадыбыс и инфрадыбыс

Өндірістік шу - өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу.Өндірістік шу дыбыс жұтатын қүрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады. Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады. Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімдітолқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.[1][2]

Ал тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар деп аталады.

Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған. Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды. Инфрадыбыстардың әсерінен қорғану жолдарының бірі — дыбысты естілетін жиіліктер аймағына көшіру. Ол үшін әртүрлі құрылғылардың қатаңдығы арттырылады, резонанстьж, камералық сөндіргіштер пайдаланылады. Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін. Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарқанаттар және басқа да тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарқанаттың ультрадыбыстық гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген

2) Мотоатқыштар және танк әскеріндегі еңбек гигиенасы.

Армияның жаңа техникалармен жоғары дәрежеде жабдықталуы танктік және мотоатқыштар бөлімдеріндегі жеке құрамның еңбек жағдайы айырмашылығын барынша азайтты. Жаяу әскерлердің әскери машиналарының болуы (бронетранспортерлердің, жаяу әскердің соғыс машинасы және басқа машиналардың түрлері) жеке құрамның қарсылас қаруының көптеген түрінің зақымдаушы әсерінен қорғануын күшейтті.

Өтімділігі жоғары тез жүретін бронды машиналарға әсер ете отырып, мотоатқыштар әскері үлкен қашықтықтарға марш жасауға, соғыс алаңында барлық қарулану мен техниканы пайдалана отырып тез маневр жасауға қабілетті, олар әскердің басқа түрлерімен әрекеттесе отырып соғыстың бір түрінен екінші түріне тез өтуге қабілетті.

Өркендеген техникалық жабдықталу мен күрделі міндеттердің көпшілігі денсаулық үшін сыртқы ортаның қолайсыз факторларының санының өсуі мен әсерінің күшеюіне әкеледі. Дегенмен, бұл факторларды тек қана мотоатқыштар әскеріне тән деп бөліп алу қазіргі уақытта мүмкін емес.

Негізінде, мотоатқыштар әскерінің құрамына кіретін танкистердің әскери еңбегінің сипаты бронды танк әскеріндегіден айырмашылығы жоқ; мотоатқыштар әскерінің құрамына кіретін артиллеристтердің әскери еңбегі артиллерия бөлімі мен бірікпелер ерекшеленбейді. Мотоатқыштардың әскери еңбегінің негізгі ерекшеліктері: жаяу әскер машиналарымен, бронды транспортермен және қарапайым машиналармен ұзақ қашықтықта марш жасау; жаяу көптеген бұзылған жолдар арқылы, жаудың қорғаныс бөлімдері арқылы өту; қарапайым атқыш қарулардан оқ ату, соның ішінде жабық кеңістіктерде; окоптарда және басқа қорғаныс бекіністерінде ұзақ уақыт болу т.с.с.

Әскери және транспорттық машиналарда, әсіресе ұзақ қашықтықтарға марш жасағанда экипаж бен десант физикалық және химиялық факторлардың кешенді әсеріне ұшырайды: тербелістер, дірілдер, үдеулер, шу, метеофакторлар, тозаң, оқ газдары және басқа.

Көрсетілген факторлардың, әсіресе ұзақ марштарда қосарланған әсерлердің салдары: тербелу, қажудың дамуы, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, жауынгерлердің соғыс қабілеттілігінің төмендеуі.

Транспорттық машиналармен қозғалыс кезінде жеке құрамның күшін сақтау үшін қозғалыс пен демалысты жақсарту қарастырылады. Қозғалыстың әрбір 2-3 сағаты сайын демалу үшін 20-30 минут үзіліс жасайды, тәуліктің екінші жартысының басында үлкен демалыс (2-4 сағат) жасайды. Аязды қысқы күндері әрбір 1,5 сағат сайын жасайды. Үлкен демалыстарда және күндізгі (түнгі) демалыс аудандарында жеке құрамға ыстық тамақ беріледі.

Танкистердің еңбек гигиенасы. Танкистерге келесі қолайсыз факторлар әсер етеді:

1. Жұмыс орындарының шағындығы және осымен байланысты қозғалудың шектелуі: танктың жалпы көлемі 4 м3 (командир 0,8 м3, наводчик – 0,8 м3, зарядтаушы 1,6 м3, механик-жүргізуші 0,8 м3).

2. Метал қоршаулардың болуы соққылар мен жарақаттардың қауіптілігін туындатады.

3. Қолайсыз температуралық әсерлер, бронның ысуы, әсіресе оңтүстікте, қыста төмен температура радиациялық тоңазуға әкеледі.

4. Танк ауасының шығарыс және оқ газдарымен ластануы.

5. Жазда танк ауасының жоғары шаңдануы (1-60 м/м3).

6. Жанармай және майлау материалдарымен жанасу.

7. Атыс кезінде қатты шудың, қозғалтқыштардың жұмысы кезіндегі дірілдің, жолсыз жерлермен жүргенде соғудың әсері.

8. Көру аймағының шектелуі және осымен байланысты соғыс кезіндегі нервтік-психикалық салмақтың жоғары болуы.

9. Соғыс жағдайында адам киімінің тұтанып жану қауіптілігі; көп жағдайда экипаж киімі жанар-жағар майлармен сіңіріледі.

10. Соғыс машинасының өрт және жарылыс қаупі – олардың алдын алу үшін 70% этиль бромиді мен 30% көмірқышқыл газынан тұратын қоспа қолданылатын өртке қарсы жабдықтар жүйесі бар. Өрт кезінде СО2 концентрациясы 15-17 % жетуі мүмкін және бромды этильдің концентрациясы да көбейеді (ШРЕК – 0,005 мг/м3). Сондықтан өртті сөндіру кезінде жеке құрам міндетті түрде оқшаулаушы газқағарлар кигеннен кейін ғана өрт сөндурі жүйесін іске қосу керек.

11. Танктен көріп отыру, байқау және көздеу тесіктерінен болады, олар жиі ластанып, анық көру шектеледі.

12. Ашық люкте жарық 30-200 лк, жабық люкте 2-10 лк. Жергілікті жарық 5 лк аспауы керек, әйтпесе түнде көру нашарлайды. Барлық аспаптардың жанатын циферблаттары болады.

Танктегі зиянды факторларды есепке ала отырып, олардың профилактикасы бойынша шаралар қолайсыз микроклиматпен күрес дәрежесін жақсартуға бағытталған:

1. жазда тиімді желдету;

2. қыста соғыс бөлімін жылыту;

3. экипаж мүшелері үнемі сүйенетін металл қабырғаларды жылу оқшаулаушы материалдармен қаптау (киіз, поролон).

Соғыс бөлімінің шығарыстарымен және оқ газдарымен ластануының профилактикасы ретінде ығыстыру-сору желдету қондырғысы қолданылуы керек.

3) «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидалары

Осы санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу, тұру жағдайларына, тамақтануды ұйымдастыруға, персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға), тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына (мектеп оқулықтарына), өндірістік практикаға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Осы санитариялық қағидалар мынадай қызметтерді жүзеге асыратын тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қолданылады:

1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту (барлық үлгідегі балалар- сәбилер бақшалары, балалар толық және қысқа мерзімге болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу орталықтары, бала күтуші қызметтері);

2) жалпы орта білім беру (мектептер, гимназиялар, лицейлер) бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер) және жоғары кәсіптік білім беру (университеттер, академиялар, институттар және оған теңестірілгендер (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер), сондай-ақ арнайы және түзету оқу бағдарламаларын іске асыру;

3) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың тұратын орындарын ұйымдастыру (сәбилер үйлері, жетім балаларға және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, интернат ұйымдары, жасөспірім балалар үйлері, пансионаттар, медреселер, жетімханалар және басқалары);

4) балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және дене тәрбиесін (қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жастар шығармашылығы орталықтары, музыкалық, спорт және көркемсурет мектептері, жасөспірім балалар орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттары, оқу курстары және басқа да мектептен тыс ұйымдар) ұйымдастыру.

Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:

-Психофизиологиялық аспект - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;

-Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;

-Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады.Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі - мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі.Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:

-Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.

-Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.

-Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]