Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kreativ_1-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

9. Уоллес төрт деңгейлі моделі

Дарвин мен Уолестің теориясы

Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән.

Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді. Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің, судың, жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды.

Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама – қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады.

Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп, ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу ).

Түрлердің көбейіп, ұрпақ қалдыруы – пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп бекітілуі. Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектін арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады.

10. Елестету функциясы

Елестету – бұл бекітілген қабылдау. Өзіндік қабылдаудан айырмашылығы, мұнда елестеу біздің ішімізде пайда болады. Бұл процесс, өзіндік қабылдауға қарағанда субьективті болып келеді. Елестету арқасында, біз өткен қабылдау іздерін, мәдени процестерді топтауда қолдана аламыз. Біздің елестетуіміз, қабылдаудан айырмашылығы, өте ерікті процесс болып табылады. Басқа да психикалық процесстермен байланыста ұйымдастырылуы мүмкін.  Мысалы: елестету мен есте сақтау өте тығыз бір-бірімен байланысты, негізгісі және бірінші, екінші жағдайларда да ақпаратты сақтау болып табылады. Айырмашылығы, осы ақпаратты қолдану дәрежесінде. Есте сақтау қабілеті ақпаратты өте күшті бейнелейді, ал елестетуде бұл ақпаратты мәдени шараларда қолдану болады. Елестету, қабылдау мен түйсік сияқты, негізінен сезім мүшелері бойынша бөлінеді. 

11. Елестету күші Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді. Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Естің (жадының) негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — ес түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсендіжәне енжар елестету болып сараланады. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың патологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі. Елестету дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-қалаудағы болашақ бейнелерді жасауға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажетті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қалдырылған қарекеттің ынталандырушы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі — сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестету сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрылымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты. Егер жасөспірім жеткіншекте нақты әлеуметтік маңызы бар қарекетке жүзеге асатын шығармашылық елестету құрғақ қиялдардан басым болса, тұлғаның неғұрлым жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Баланың елестетуі оның қарекетінің әр алуан түрлерінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалық кезең бойынша баланың елестетуі сыртқы тіректі (ең алдымен, ойыншықты) керексінетін қарекеттен өз алдына ішкі қарекетке біртіндеп ауысады да қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шығару) және бейнелеу (сурет) шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елестету сөйлеуді меңгерумен байланысты. Демек, үлкендермен қарым-қатынас процесінде дамиды. Сөйлесу балаларға өз тәжірибесінде ешқашан болмаған заттарды елестетуіне мүмкіндік береді. Баланың сөйлесуіндегі кінәраттар, кешеуілдеу елестетуінің дамуына әсер етіп, оны азайтады. Мектепке дейінгі жаста елестету қоғамдық тәжірибені меңгерудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ересек адамның елестету арқылы айналадағы дүниені игеруіне себептеседі. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру олардың оқу әрекетіне дайындалуының негізгі шарты екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.

12.  Енжар елестетуде  Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың патологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді.

13. Инновациялық ойлау Инновациялық ойлау, демек жаңаша ойлаудың бағытын білдіретін ұғым. Мәселе тек жаңалықта ғана емес, оның бағытында. Жаңалық қозғалыстың бағытын анықтайтын түсінік. Қандай болмасын ілгерілеген, яғни, алға қадам басқан қозғалыс – жаңалық. Оның үш өлшемі бар: жаңа ой (идея), жаңа іс, харекет және жаңа нәтиже. Жаңалықтың жылдамдығы деген айтулы проблема. Жаңалық жылдамдығының индикаторын белгілеу бүгінгі ақпараттық заманда басты мәселе. Қандай болмасын жаңалықты қабылдап алып заман шапшаңдығына сай іске асырып, нәтиже алу. Жаңалық жылдамдығы дегенде тағы екі істің мәнісі айқындалмақ. Әлемдегі (ілгері өркениетті елдердегі) бар жаңалықты шапшаңдықпен қабылдай білу. Жаңалықты тану, сөйтіп, оны білім, ғылым, ең бастысы технологияға айналдыру. Егер, бұл үрдісте жылдамдық болмаса, біз үнемі ескі технология құрсауында қалмақпыз. Ол жаңалықтың бізге ескіріп жетуі деген сөз, сондықтан технологиялық, ғылым парктері осы мәсе­лемен айналысуы заман қажеттілігі. Ескі технологиядан инновациялық ойлау шықпайды. Өткен кеңес заманында жағдай үнемі осылай болып келген, соның зардабын бүгінгі ұрпақ шегуде. инновациялық ойлау тек сапалы нәтижені ғана қажет етпек. Сапасыз нәтиже инновациялық ойлау емес. Инновациялық ойлау дегеніміздің өзі – сапа. Қазіргі күні көптеген алдыңғы қатарлы елдерде кластерлердің жаңа толқыны – инновациялық кластерді қалыптастыру ісі белсенді түрде басталып кетті. Өсімнің негізгі драйверлері өнеркәсіптік кәсіпорындар емес, инновациялар мен білім орталықтары – университеттер, технологиялық және инженерлік ұйымдар. Осы арқылы бизнес, университеттер мен мемлекеттің өзара байланысуының «үш сипатты спиралі» құрылады. Жаңалықтың жылдам­дығы­ның мәні – оның технологиялық процеске енуі немесе жаңалықтың өзінің технологияға айналуы. Бұл инновациялық ойлаудың аса маңызды өрісі. Жаңа білім, ғылымның технологияға айналу қарқыны, және оның қандай тәсілдермен айналуы мәселенің мәселесі. Бұл білім, ғылым және технологияның бірлігін қажет ететін жағ­дай. Бұл үшеуі кеңес заманында жеке-жеке өрістерде болды. Инновациялық қа­зіргі заманда олардың жеке-жеке бо­луы­ның ешқандай мәнісі жоқ. Мәселе, үшеуі­нің бірлігінде ғана емес, ең бастысы, олардың бірінен-біріне қандай жылдам­дықпен өтуінде. Іркілістерге жол болмауы, тежеуші күштер болса, олардан арылудың жолдарын шұғыл қарастыру керек. Бұл инновациялық ойлаудың басты талаптарының бірі.

14. Жалган шынайылык Шынайылық (reality) — нақты түрде бар материяны білдіретін   термин. Әлемнің бір бөлшегі, шын бар болмыс

Жалған шындық — компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты — қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. Виртуалды шындық сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады. Сөздің кең мағынасында виртуалды шындық — бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып, наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер (түрмедегілер, су асты кемелеріндегі т.б.). «Виртуалдың (ақиқат) ұғымында парадокс бар: қарапайым сана оны «қиял, иллюзорлы, ойдан шығарылған» деп есептейді. Бұл парадокс шындықты бағалаудан да туындайды. Өйткені, XX ғ. философиясында реалдықты мойындауға қатысты материалистер мен идеалистер бөлінуі бұрмаланып жіберілді. Материя мен сана оппозициясы тіл — шындық қарсы қоюымен ауыстырылды. «Қайсы бұрын болды?» деген сұрақтың орнына тіл мен шындықтың прагматикалық маңызын айқындау алдыңғы қатарға шықты. «Шындық» сөзінің өзі тілдік форматқа жатады. Сол себепті жасанды иллюзорлы шындық виртуалды деп аталады, ол басқа «шындықтардан» шынайы болып табылады. Бақытты және бақытсыз адамдардың шындығы әртүрлі. Еуропалық экзестенциалист әлемді шығыстық уағызшыдан басқаша көреді. Сондықтан кез келген шындық виртуалы болып табылады.

15.Критикалық ойлау Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз байланысты. Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Критикалық ойлау –заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде , солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білумен байланысты болатын, ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]