Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kreativ_1-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

16.Креативтіліктің шығу гипотезалары.

Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.[1]Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды.

17. Когнитивті талдау .

Ертегі терапиясының когнитивті талдау және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді,  байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.

18.Дедукция.

Дедукция (лат. deductio — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқатұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.[1][2]Дедукция — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылыми танымда дедукцияиндукциямен ажырағысыз байланысты. Психология дедукциялық пайымдаулардың дамуы мен бұзылуын зерттейді. Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек жалпыға қарай қозғалысы оның барлық психикалық процестермен, тұтас алғандағы ойлау қарекетінің құрылымымен шарттастылығында талданады. Дедукция жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі немесе пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару.

19. Индукция.

Индукция(лат. іnductіo – ой салу, бағыттау) – тұрақты магнитті өрісте қозғалғанда немесе айналасындағы магнитті өрістің өзгеруі кезінде өткізгіштің бойындағы электр қозғаушы күштің қозуы. Тамақ өнімдерінің құрамындағы судың әсерінен оларды осындай жолмен қыздыруға болады. [1]Индукция— білімнің жеке пайымдаулардан жалпы кағидаларға қарай ауысуы. Индукция дедукциямен тығыз байланысты. Психологияда индукциялық пайымдаулардың дамуы мен бұзылуы зерттеледі.

Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой тұжырымы.

Нейрофизиологияда тітіркену нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағының маңындағы аймақтарға тарауы.

20.Ойды қорытындылау.

Ойды қорытындылау− алғышарт деп аталатын бір немесе бірнеше пайымдау, іске асатын ойлау процессі, осы процесс арқылы себеп немесе қорытындылау деп аталатын пайымдау туындайды. Дедуктивті, индуктивті және ұқсастығы бойынша ой қорытындылау болып бөлінеді.    Дедуктивті ой қорытындылау− ақиқат алғышарттардан ақиқат қорытындылау қажеттігі туындайтын ой қорытындылау. Мұндағы қорытындылаудың алғы шартты ортақтық дәрежесі бойынша қорытындылаудан басым келеді.   Дедуктивті ой қорытындылаудың түрлері: жанама ой қорытындылау, үзілді−кесілді, силлогизим және оның туындылары, шартты, бөлуші және шартты− бөлуші  ой қорытындылау. Тікелей ой қорытындылау− тек бір алғышарттың негізінде құрылатын ой қорытындылау. Бұндай ой қорытындалауды предикатқа айналдыруды өзгертуді, қарама−қарсы қоюды, логикалық шаршы бойынша ой қорытындылауды жатқызуға болады.   21) Вербальды креативтілік. Философтар мен психологтардың анықтамасы бойынша саналылық тұлғаның қоршаған орта, адамдар және өзі туралы әлеуметтік маңызды меңгерген саналы білім көлемі. Олар интериоризация мен экстериоризациядан кейін вербальды және вербальды емес әдістер, символдар, эмоционалдық көркемдік образдар көмегімен әлеуметтік және жеке тәжірибесі арқылы қорытындыланып, басқа адамдарға жетілдіріледі. Біз саналы түрде қабылдайтын мидағы оқиғалар мидың тілдік жүйесімен өңделетін оқиға болып табылады.

Сананың пайда болуы ішкі процестердің интериоризациясы мен өзін-өзі тануының пайда болуына әкеліп соғатын ой және вербальды диалогтар мен коммуникативті процестермен байланысты. Өзін-өзі тануды психологтар санамен генетикалық және функционалды байланыстағы тұлғаның орталық қалыптасуының бірі ретінде қарастырады (Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин). Сана әлеуметтік орта мен психиканың жоғарғы ықпалдық формасы. Сананың деңгейі интеллектуалдық дамудан, дара ақпараттық тәжірибеден және өзін-өзі танып білуге деген қабілеттіліктеріне байланысты. Түскен ақпарат санада өңделеді және тұлғаның интеллектуалдық тәжірибе, ойлау, дүниетану және саналылығының негізі болып табылады.

22) Образды креативтілік. Жас ерекшелігіне байланысты креативті ойлаудың дамытудың бірден бір ерекшелігі вербальды креативтіліктен қарағанда образды креативтілікті дамыту болып табылады.

6-7 жастағы баланың образды креативтілігі мен оның жеке құрылымдары адамның үлкен қарқынмен мектепке дайындығы және жақсы оқумен байланысты екені анықталды.

Тұлғаның креативтілігі мен шығармашылық ойлауын психологиялық тұрғыдан зерттеу олардың шығармашылық ерекшелігінің ғылыми-психологиялық әдістерін табуымен байланысты болды. Ойлау механизмдерін зерттеу проблемалар мен міндеттерді шешу материалдарымен өткізілді. Бұлай істеу абстракцияның сәйкес жүйесін құрастырып, шығармашылық ойлаудың өнімділігін айқындауды талап етеді.

Ойлау саласындағы психология-педагогикалық зерттеулерді талдай отырып, олардың тұлғалық шарттарының әртүрлі аспектілерін айқындауға болады: даралық-жіктеу айырмашылықтары, креативтілік қасиеттері, шығармашылық белсенділігі, бағыттылық, жинақылығы, қайраттылығы, түрткілік және эмоционалдық факторлар.

Шығармашылық ойлауды танып-білудегі әртүрлі бағыттарды саралай отырып, ойлау әрекетінің танымдық жоспарын айқындап алу керек.

23) Креативтілік әдістемесі. Креативтілік іс-әрекетін белсендіруді қалыптастырудағы тиімді әдістер.

 Проблемалық - дамыта отырып оқыту әдістер жүйесі. Бұл әдістер жүйесі мынадай негіздер бойынша топталды: проблема деңгейіне байланысты; мұғалім әрекеті түріне байланысты ( оқытушының  баяндау әдісі: монологты, көрсету, диалогты; студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдісі, эвристикалық, зерттеу).

Монологты оқыту әдістері. Белгілері: оқытушының оқу материялын ауызша баяндауы, фактілерді қызғылықты суреттей отырып түсіндіруі, т.б., проблемалық жағдайлардың пікірталас түрінде пайда болуы. Студенттердің орындаушылық іс-әрекеті басым: белсенді ойлау, бақылау, тыңдау және есте сақтау, іс- әрекеттің үлгі бойынша орындалуы; білімін, сапасын бағалау.

Көрсету әдісі. Белгілері: оқу-креативтілік немесе ғылыми проблеманың шешілу логикасы көрсетіледі; дәлелдеме, пікірлер үлгілері беріліп, шындыққа жету жолы көрсетіледі.

Диалогты әдіс. Негізгі белгілері: оқу материалын әңгіме формасында беру.

Эвристикалық әдіс. Негізгі белгілері: материалды оқыту эвристикалық әңгіме ретінде ұйымдастырылады; креативтілік сұрақтар қойылады; креативтілік тапсырмалар шешіледі; оқу проблемалары қойылып, оны студент мұғалім көмегімен шешеді.

Зерттеу әдісі. Негізгі белгілері: оқытушы проблемалық сипаттағы тапсырмаларды береді, жұмыстың мақсатын студентпен бірлесе отырып құрайды, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады. Теориялық және практикалық сипаттағы проблемалық жағдайлар студенттердің тапсырларды орындауы барысында туындайды.

Алгоритмдік әдіс. Негізгі белгілері: студенттің ауызша жауап беруі; әрекет үлгісін көрсету және оның орындалу алгоритмін көрсету (ережелер біртұтастығы); студенттердің өздері жасағанда мүмкін болатын жағдайлар.

Интерактивті әдіс. Оқу процесінде оқу ақпаратын меңгеру және қабылдау өзара креативтілік қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.  Қазіргі кезеңдегі студенттердің белсенділігін қалыптастырудың шарттарының бірі – оқытушы мен студенттердің өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтастық болып табылады.  Білім берудің ұлттық моделіне көшуде ойшыл, зерттеуші, өз ісінде жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген псхолог – педагогтік диагностика қоя білетін іскер оқытушы қажет. Оқытушының бағыттаушы рөлінің арқасында студенттердің білімді игеруге бағытталған, әрі қарай өз бетімен білім алуды қажетсінуі, ізденуі креативті түрде ойлауы қалыптасады. Оқу-креативтілік және ғылыми ізденістер жүйесі студенттердің көзқарасын кеңейтуде интеллектін көтеруде, болашақ маманның әлеуметтік-психологиялық мінезіндегі жеке қасиеттерінің дамуына елеулі әсер етеді

24)  Ми шабуылы. "Ми шабуылы"- мамандардың ұжымдық талқылауы негізінде творчестволық шешім қабылдау әдісі. Интерактивті әдістерге мыналар жатады: ♦ миға шабуыл әдісі; ♦ топпен жұмыс; ♦ проблемалық шығарма әдістері; ♦ рөлдік ойындар; ♦ зерттеулер; ♦ іскерлік ойындар; ♦ сын тұрғысынан ойлау әдісі; ♦ пікірталастар және т. б. Оқудың интерактивті әдістерінің үлгісі: «Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез - келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Өткізу алгоритмі: 1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру. 2. Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау. 3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез - келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады). 4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек. 5. Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау керек. «Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4 - 5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады: ♦ даулы мәселелерді талқылау; ♦ талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру; ♦ қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау; ♦ оқушының дайындығын анықтау

25) Латеральды ойлау. Латеральды ойлау (lateral thinking) – шығармашылық тұрғысынан бұл мәселені шешуде ерекше тұрғыдан қарау. Бұл терминді 1960 жылдардың аяғында Эдвард де Боно ұсынған болатын. Ол қазірде креативтілік аясында әлемдегі абыройлы эксперттердің бірі. 35 тілге аударылған ірнеше жүздеген кітаптың авторы. Оның ең танымал кітаптарының бірі «Ойлаудың алты қалпақшасы». Мысалы қалпақшалар:

Қызыл- сезіну, осыдан сезгіштік, сезім және алдын ала сезіну. Сары- артықтық. Қара-сақтық. Жасыл- шығармашылық, яғни идеялар мен ұсыныстар. Ақ- мағұлматтар мен сұрақтар, бізде не бар, не жетіспейді? Көк- ойлау ұйымы, яғни ол неге қол жеткіздік және ар қарай не істеу қажет?

Қалпақты өзгерте отырып, әр түрлі аспектіге ауысуға болады.

Эдвард де Бон жұмысты жаңа жағынан қабылдауға мүмкіндік берді.

Латеральды ойлау стереотиптерден арылтып, жаңа бірқилы, шығармашыл моделдерді құрады. Бұл ойлау тәсілі креативтілікті құрады. Ол қарама қайшы бірақ тиімді.

26.Фрирайтинг – біздің еліміздегі танымал емес креативті әдіс.

Бұл креативті әдіс әмбебап болып табылады және әртүрлі қызмет облысындағы тексттерді теруден бастап, дизайн, жарнама, бизнес – шешімге дейінгі кез келген мәселелерді шешуге келеді.

Бұл әдістің мәні сіздін мәселелеріңізді шешу үшін креативті миыңыздан қажетті және өңделген ақпаратты алуға мүмкіндік беру немесе өзі шешілу және т.б. сіздің “бейсанаңызда” бар, “параллельді ойлауыңызда” қозғалатын нәрсе болып табылады. Және креативщикке ең жақсысы, алынған нәтиже – ол қандай да бір қадамдық тәсілдер немесе шаблондық іс әрекеттер нәтижесі емес, ол өзінің ақылының және қабілетінің жұмысы.

Фрирайтинг техникасы белгілі бір қалыпта тұрғанда тез және ештеңе ойланбастан сіздің креативті миыңызда не болып жатқанын жазу болып табылады.Былай қарағанда ол сөздер мен сөйлемдер жиынтығы секілді көрінеді. Фрирайтингтің бір сеансында әр түрлі мәселелердегі сөздер шығуы мүмкін, тағы сол сияқты ми бір мәселеден екіншісіне көшіп жүре алады.

Фрирайтинг ережелері.

Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізден артық күш жұмсамаңыз.

Тез және тоқтамай жазыңыз.

Фрирайтинг сеансы уақытын шектеңіз.

Өзіңіз қалай сөйлейіңізді емес, қалай ойлатыңызды жазыңыз.

Ойыңызды аударыңыз.

27. Жалған ойлау.

Жалған сана – құлдар, крепостнойлар, крестьяндар және жұмысшылар сияқты қаналушы таптар санасындағы жаратушылық қоғамдық қатынастардың жүйелік бұрамалануын білдіретін, марксистік таптық теория түсінігі. Бұл таптардың қоғамдық қатынастрадан қалыптасқан түсінігі нағыз істер жағдайын жүйелі түрде жасырады немесе бұрмалайды: жаратылым, бағыну, экплуатация. Сондықтан олардың олар жалған саналылықтан зардап шегеді.

28. Ойлау фреймдері. Фрейм – өткеннен алынған, бөлшектері қазіргі жағдайды қабылдаумен өзгеруі мүмкін, білім түсінігінің өлшем бірлігі. Фрейм өзімен бірге жаңа жағдайдағы жадыдан индивидтің алған толық ақпарат құрылымын көрсетеді. Әр фрейм жаңа ақпаратпен толықтырылуы мүмкін. Фрейм бірнеше деңгейлен тұрады. Жоғарғы деңгейде объект жағдайы туралы базалық ақпарат көрсетілген, ал төменгілері нақты мәндер мен мағлұматтардан тұрады.

29. Инсайтты-креативті ойлау.

Проблемалар мен басты мәселелерге интеллектуалды шешім іздеу үстінде санаға ұзақ әрі тынымсыз күш түскенде бос қуыстыққа (пустота) кіріп кеткендей сезім туады. Бастапқы кезеңде туындыгер әрқашан ішкі психикалық күштің артқанын бастан кешіреді. Бұл туынды стрессінің туындыалды сатысы. Яғни, бір жаңалықты ашу, туындыны ойлап табудың алдында осындай күй кешу арқылы ойлау.

30. Креативті менеджментті біз адам қызметінің әртүрлі обыстарындағы өнертабыс деңгейіндегі жаңа, бәсекеге қабілетті идеяларды ойлап табуға арналған жоба алдындағы және жобалық сатыларындағы инновациялық циклға максималды ашылу мен творчестволық қабілеттерін жұсауларына бағытталған ұйымдардағы адамдарды басқару деп түсінеміз.

Креативті менеджмент мақсаты әр түрлі облыстағы ұйымдар мен фирмалардың, елдің табысқа жетуі үшін жаңа идеяларды тудыру мен жаңа шешімдерді іздестіру болып табылады. Адамдарды басқару сол ұйымның өзінде де, және сыртында да жүргізіледі.

31)Менеджердің креативтілігін жоғарылату әдістері:

Креативтілік кез келген білікті маманға керекті,қажетті болып табылатын өнер десек те болады. Әсіресе менеджер мамандығын қалайтындар үшін,сол сферада жұмыс атқаратындар үшін креативтілік аса қажет. Менеджердің жұмысы логикаға сүйеніп қана қоятын мамандық емес.Менеджмент- бұл шығармашылық мамандық.Бизнестегі бәсекелестік өмір күнделікті жаңа жаңалықтарды,амалдарды,идеяларды талап етеді.Сондықтан да шығармашылық мүмкіндіксіз,потенциалсыз менеджер адамдарды, жобаларды, процесстерге басшы бола алмайды.Менеджердің креативтілігін арттыруға бағытталған бірнеше тренингтер,жаттығулар бар.Айта кетер болсақ: Тренинг бағдарламасы:

-Креативтілікті түсіну

-Креативтілік барьері

-Креативті орта

-Креативті процесс кезіндегі эмоция

-Басшының креативтілігі

-Жұмысшылардың бір бірімен түсіністігі

-Командамен жұмыс жасаған кездегі креативтілік

Тренингте қолданылатын жаттығулар: рольдік ойындар, интерактивті лекция, топтық дискуссия, жазу жаттығулары,индивидуальды жұмыстар,шағын топтық жұмыстар,милық штурм,видеометафорлар,психогимнастика.

32)Креативті маркетинг:

Креативтілік жарнамадағы маңызды стандарт болып табылады.Креативтілікті барлығынан іздеуге болады.Әрине маркетингтен де.Стандартты ( классикалық, академиялық) маркетинг арнайы құқықтық мүмкіндіктермен бекітіледі.Әсіресе маркетинг саласындағы бәсекелестікте,жарнама жасауда креативтіліктің маңызы аса зор.

Креативтілік қаржылық, уақыттық мүмкіндіктерде маңызды жетістіктерге жетуде аса маңызды.

Нағыз стандартты емес креативті подход жаңадан қалыптасып келе жатқан шағын компаниялардың дамуы үшін аса маңызды.

Яғни кереативтілікті көрсету арқылы кез келген сферада,әсірексе менеджмент маркетинг саласында үлкен,елеулі жетістіктерге жетуге болады. Компанияның ілгерілеп дамуы үшін креативтіліктің маңыздылығы аса жоғары.

36. Философтар мен психологтардың анықтамасы бойынша саналылық тұлғаның қоршаған орта, адамдар және өзі туралы әлеуметтік маңызды меңгерген саналы білім көлемі. Олар интериоризация мен экстериоризациядан кейін вербальды және вербальды емес әдістер, символдар, эмоционалдық көркемдік образдар көмегімен әлеуметтік және жеке тәжірибесі арқылы қорытындыланып, басқа адамдарға жетілдіріледі. Біз саналы түрде қабылдайтын мидағы оқиғалар мидың тілдік жүйесімен өңделетін оқиға болып табылады.

Креативті ойлау үрдісіне жалпы талаптарды айтып кетейік:

1. ұқсастықты қалыптастыру және тҧжырымдық кедергілерді қосу

кӛмегімен сыртқы ақпараттар мен ішкі тҥсініктердің қҧрылымын ӛзгерту.

2. Мәселені үнемі қайта қҧрылымдау.

3. Жаңаны жасау ҥшін еске тҥсірулер мен бейнелерді, бар білімдерді

қолдану және ескі білімдер мен дағдыларды жаңа негізде қолдану.

4. Ойлаудың вербалсыз моделін қолдану

Креативтілік пен креативті ойлаудың ғылыми әдіснамалық негіздерін шетел ғалымдарының ішінде

Е.Р. Торренс жалпы адамдағы креативтілік алдында кездескен қиыншылықтарды жеңіл шешуге кӛмектеседі десе Ф.Баррон кретивтілік пен интеллект арасындағы байланыстарға тоқталады. Ал Д.Векслер вербальды емес креативтілікті зерттеу әдістемелерін қолдануға баса назар аударады

37.Инновациялық басқару шешімдер.

Жоспарлау – тарату стратегиясының жоспарын құру.

2. шартты анықтау және ынтымақтастық – инновациялық циклдың әртүрлү ------- тарату үшін ресурстарды қажеттілігін анықтау.

3. орындау – зерттеуді іске асыру және жетілдіру

4. басқарма – бақылау және анализ, іс-қимылды корректілеу, тәжірибе жинау. Инновациялық процесті эффекті бағалау, инновациялық басқарма шешімдері жағалықтарды қолдану

38. Бәсекелестерге қарағанда үстемдікке (жаңа өнімдер, өнімді өткізу мен технологияның жаңа нысандары, жаңа жарнама) жеткізетін іс-әрекеттермен сипатталатын бәсекелік мінез-құлық типі=креативті мінез-құлық

Креативтік мінез-құлық әрдайым әр жағдайда көптеген мәселелерді шешуге бағытталған.Барлық болып жатқан жағдайда қоршаған ортаға наразылық көрсету, өмірдің мағынасын іздеу, әрдайым болып жатқан жағдайларға іштей келісу. Мұндай ұстаным адамның жан дүниесінің бұзылуына әкеледі.

Педагогикалық жүйеде креативтік мінез өзгеруіне :

-оқытушы мен оқушының бірлесуі (басқару жүйесінен бірлесіп еңбек ету жүесі); -оқытушының оқыту кезеңінде оқу жүйесінің қанағаттанарлық ғана емес, үрдістік жағын да қарастырады; -оқушының ұстанымы бұрынғыдай жай оқушы емес, белсенді өзінің интеллектуалды қателіктерін түзей отырып, көптеген мәселелерді шешу арқылы жетеді; - бұл мінез сабақ жүргізу жүйесінде оқытушының сабақ барысында оқушылардың белсенді түрде сабаққа қатысуы арқылы қалыптасады.

«Жеке-дара» креативті тұлғаны өзгерте отырып, кеңінен оның көңіл–күй даралық қабілетіне әсер ете алады. Ішкі және сыртқы аспектілердің әсер етуі, креативті мінездің мотивациялық даралану сфераы мен жеке даралану сферасының механизмі бірдей түпнұсқасы.

39. Инновациялық басқару - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.

Инновациялық басқару- стратегиялық басқарудығ бағыттарының бірі, ол жоғары деңгейде компания басшылығымен іске асырылады. Оның мақсаты ғылыми-техникалық және фирманың өндіріс қызметінің негңзгң бағыттарынын төмендегң салаларда анықтайды: жаңа өнімді жетілдіру, дәстүрлі өнімнің өндірісінің дамуы.

40. позитивті ойлау және оның заңдылықтары көлемді модельдеуде ашық. Қоршаған әлем, нысандар және біздің тамашамыздың, ұғымдар да көлемдер болып табылады. Көлем, бүтіндік сияқты(Гегель)жағымды белгі көмегімен белгілі бір нысанға келтіреді(бөліктің және А. Пуанкаренің арақатынасы)тек нысана ғана көлемді иелене алады. Сол себептен жағымды ой - сол, сыртқы әлеммен астасулар, өзінің шамасын есте сақтау білу және өмірдің барлық үдерісінің ұйымында өмірдің табиғи үдерісі. Барлық заңдылықтар арада нормативтік психология, нормативтік менеджментте және нормативтік психоанализе жазылады

негативті ойлау - терістеулермен, кінәраттарға деген бейімді, көр- теріс жақтарды операциялайтын, ойдың қиюының, негативті ой, негативті жақтарды қасқайтады. позитивті, сәйкесінше, жағымды жақтарды қасқайтады. Мәселенің санатында адамдар теріс оймен ойлайды, мүмкіндіктің санатында - оймен жағымды . Теріс ойға әлсіз адам,сәтсіздіктерге күйзелу бейімді немесе қиялда, бұл арада келешекте барлық жақсы болады деп сенетіндер(және бір мезгілде келешектен қорқу)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]