Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция такырыптары.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125 Кб
Скачать
☆

Әлеуметтік медицина және миграциялық үрдістер.

Миграцияға қатысты әлеуметтік медицинаның мәселелерін өркениеттің басыннан-ақ байқауға болады. Барлық мигранттарды босқындар және көшуге мәжбүр болғандар деп бөлуге болады.

Миграция – халықтың өзін-өзі реттеудің ең күрделі түрі. Миграция үрдістері мен әлеуми-экономикалық және саяси өмірдің арасындағы тікелей және кері байланыстар барлық мемлекеттер мен елдердегі жағдайға әсер етеді.

Ресей федерациясында босқын немесе көшуге мәжбүр болған адамдарға (жынысына) кең көлемде құқықтар берілген. Босқындармен жұмыс істейтін миграциялық органдардың жұмыстары тиімді болуы үшін олар әрбір босқындардың – балалардың, әйелдердің, ерлердің, қарттардың, мүгедектердің және т.б. қажеттіліктерін және мүдделерін ескеру керек. Медициналық сақтандыру полистері және балаларға қарайтын көмекақыларын ұсыну қажет.

Мигранттардың негізгі категорияларына төмендегілерді жатқызуға болады:

- босқындар және көшуге мәжбүр болғандар;

- саяси қорғау сұраған тұлғалар;

- заңды еңбек миграциялар өкілдері, сезондықтар;

- заңды еңбек шет елдер жұмыс күштер миграциясы;

- миграцияның басқа да түрлерінің өкілдері (тұрмысқа шыққандар, оқуға байланысты, заңды емес: жұмыс іздегендер, қылмыс жасағандар және т.б).

Әлеуметтік медицинаның міндеттері - әлеуметтік мәртебелерін жоғалтқан мигранттардың: балалардың, әйелдердің, ерлердің, қарттардың, мүгедектердің және т.б. мәселелерін шешуде нақты қажет көмектер көрсету.

Бомждар әлеуметтік медицинаның объектісі ретінде.

Олардың қатарына қоғамның қолдауы мен түсінігінен айрылған қаңғыбастар, кедейлер, психикалық аурулар, ішкіштер, токсикомандар және әр деңгейдегі мүгедектер жатады. Олар өмірінде бір қайғылы жағдайға төтеп бере алмай, әлеуметтік мәртебесін жоғалтқандар, өмірден үміттерін үзгендер.

Әлеуметтік медицина және төтенше жағдайлар.

Әлеуметтік медицинада төтенше жағдайларға ұшырағандар қатарына мыналарды жатқызады:

1. соғыс және «ыстық нүктелерге» қатысқан әскери адамдар;

2.Чернобыль оқиғасының құрбандары;

3. жер сілкініс нәтижесінде ауыр жарақат алғандар;

4. шахтадағы жарылыстар нәтижесінде жапа шеккен жұмысшылар;

5. босқындар немесе көшуге мәжбүр болған адамдар;

6. бомждар;

7. панасыздар, ата-анасының қарауынсыз қалғандар немесе жетімдер;

8. мүгедек балалар;

9. қарт адамдар;

10. жалғыз-басты аналар;

11. психикалық аурулар;

12. жалғыз бастылар;

13. социопаттар;

14. олигофрендер және ақыл-есі жетілмегендер;

15. психохрондар;

Осы адамдардың барлығы әлеуметтік медицинаның объектілері.

Көпшілік медицина. Әдістер.

Қоғамдық денсаулық - өте бұрмаланған және күрделі түсінік, ол өзінің құрамына қоғамның жағдайының анықтайтын әртүрлі аспектілер мен факторларды қосады. Әлеуметтік құрылымның бұзылыуының әр түрлі жағдайларын көрсететін нақты әлеуметтік-медициналық ұғымды білдіреді. Мысалы: психикалық эпидемиялар, қылмысты топтар, социопатиялар, девиантты және делинквентті мінез-құлықтар, гомицид және суицид, эскапиз, қоғамдағы демографиялық қозғалыстар, қоғамның қартаюы, жаңа туған нәрестелердің өлімі, нақ еңбекке жарамды жастағы адамдардың өлімі, қоғамдағы қылмыстар және т.б. Қоғам денсаулығы – ең біріншіден, бұл әлеуметтік дәрігер тарапынан жалпы қоғам жағдайына берілетін моральды және деонтологиялық баға. Жалпы, бұл жерде қоғам денсаулығын бұзушы экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, мысалы, қазіргі кездегі медициналық білімдер мен дәрігерлік тәжірибиелерді мистикамен алмастыру, әр түрлі діни секталарды және басқа да факторларды атауға болады.

«Әлеуметтік медицина» түсінігі соңғы екі жылда өзіндік тапсырмалары, пәні, белгілі мәселелерді шешуге қолданатын әдістері бар жеке бөлімдерге бөлінеді:

  1. Көпшілік медицина — негізінен заңды тұлғалармен жұмыс жасайды; еңбек ұжымдарының денсаулық мәселесімен айналысады. Еңбек ұжымының мүшелерінің қалыптасуы мен психосоматикалық мәртебелерінің өзгеруін социометрикалық әдіспен анықтау немесе болжаумен айналысады.

  1. Қоғамдық медицина — жеке физикалық тұлғалармен жұмыс істейді. Бір қайғылы жағдайға ұшыраған, қатты ауруға шалдыққан немесе төтенше жағдайдың құрбаны болған және т.б. жеке адамдармен жұмыс істейді.

  1. Әлеуметтік медицина — қоғамда медицина және басқа да салаларында ғылыми-техникалық прогресстердің нәтижесінде болатын жаһандық өзгерістерді зерттейді.

4. Пенитенциарлы медицина — бас бостандығынан айыратын орындарды зерттейді, қылмыскерлерді, агрессия мен зорлықтың әлеуметтік және психосоматикалық факторларының байланысы; түрмелердегі адамдардың қарым-қатынасы мен өзара байланыстарының заңдылықтары.

5. Әскери әлеуметтік медицина — соғыс операцияларына қатысқан немесе соғыс қимылдары өткен жер мен адамдардың жағдайларын, адамдардың ар-ұждандық және психофизиологиялық жағдайларын қарастырады.

Әлеуметтік медицина денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау саласында маңызды орында тұр. Бір жағынан клиникалық медицинамен (гигиена және санитария), екінші жағынан әлеуметтік жұмыспен тығыз байланыста. Әлеуметтік медицина және гигиена екеуі де адамдардың денсаулығымен айналысады, бірақ әрқайсысы әртүрлі мәселелермен және әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жұмыс жасайды. Бұл айырмашылықтарды гигиена дәрігері мен әлеуметтік дәрігерлерінің еңбектің адам денсаулығына қалай әсер ететініне көзқарастарынан байқауға болады. Гигиенист еңбек жағдайларын олардың қандай да бір ауру түрлерін туғызу мүмкіндігін зерттейді. Мысалы, цементпен жұмыс жасайтын адамдар силикозбен ауруы мүмкін, сондықтан гигиена дәрігерінің басты міндеті осы еңбекшілердің категориясына арнайы киімдерді өңдеп шығару. Олар арнайы киімдерді шығарудан басқа тағы да жұмыс мерзімін қысқарту, радиациямен жұмыс жасайтын адамдарға арнайы азықтармен тамақтануды ұсынады. Адам мінезіне әсер ететін түрлі мамандықтар нәтижесінде туындайтын әлеуметтік мәселелермен әлеуметтік медицина айналысады.

Әлеуметтік дәрігерлер нақты мәселелерді шешуде (грибок аурулары, кене энцефалиті, азықтық токсико-инфекциялар себебінен адамдардың өлімінің көбеюі, әйелдердің 1 және 2 дәрежедегі бедеуліктері және т.б.) санитариялық-эпидемиологиялық станциялармен, гигиенистермен бірлесе жұмыс істеуі мүмкін. Әлеуметтік дәрігердің айналысатын аймағының экономикалық жағдайларымен жақсы таныс санитарлық дәрігерлермен байланысы - оған осы аймақтың әлеуметтік климатының күрт төмендеуінің себептерін аз уақыт ішінде анықтауға көмектеседі.

Психогигиенистермен бірлесе істеген жұмыстары ең алдымен мемлекеттегі адам құқықтарын ескеруге байланысты болады. Ол ең басты тұлға ерікіндігінен сөз бостандығына дейін болады

Әлеуметтік дәрігер сонымен қатар жергілікті ауруханалармен, диспансерлермен, өндіріс орындарының медико-санитарлы бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осы орындарға барған пациенттер міндетті түрде әлеуметтік дәрігерге де қаралуы крек, себебі өзінің нәтижесінде әлеуметтік мәселелерді туғызбайтын ауру түрі жоқ. Жоғарыда көрсетілген емдеу орындарының дәрігері мен әлеуметтік дәрігердің айырмашылығы тек біріншісі науқастың ауруымен айналысса, екіншісі оның ауруы нәтижесінде пайда болған мәселелерін шешуге көмектеседі.

Ол төмендегі мәселелер болуы мүмкін:

а) жеке (уақытша жұмысқа жарамсыз болуын білу мен ауруының емі жоқ екеніне білдіретін реакциясына дейін);

б) тұлға аралық (мысалы, «асыраушы»-дан «тамақтанушыға» айналған ауруға ағайын-туысқандарының қарым-қатынасы);

в) микроәлеуметтік (отбасы ішілік, өндірістік);

г) макроәлеуметтік (ауруға дейін маңызды мемлекеттік орында жұмыс істеген, бірақ мүгедек болып қалған ауру);

Бұл әрине әлеуметтік дәрігер кездесетін мәселелердің шегі емес.

Қазіргі таңда интернет желісіне қосылған көптеген елдердің бірінде болған әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлары екінші бір елде де болып тура сол сияқты реакция қайтаруы әбден мүмкін.

Қазіргі таңда әлеуметтік медицина ацналысатын мемлекеттер аралық мәселелер: халықтың жаһандық қартаюы, зейнеткерлік жастың лезде жасаруы, дамыған елдерде Альцгеймердің ауруларының кеңінен таралуы, медицинаға бөлінген қаржының (кейбір еледерде 75% дейін) созылмалы ауруларды емдеуге кететіні және т.б.

Егер мемлекеттік, заңды немесе жеке тұлғалар әлеуметтік дәрігердің клиенті болса, мемлекет билігінің құрылымдары мен институттары, қоғам басқармалар институттары, соттар, бас бостандықтан айыратын орындар және т.б. әлеуметтік медицинаның объектісі болады.